_dsc8963.jpg
Сейткулов Нұрлыбек Ақынұлы
Шымкент университетінің ректоры

Сұрақ қоюшы: Аноним


Сұрақ № 1 Здравствуйте, господин ректор. У меня к вам вопрос о том, как оцениваются ответы студентов. Почему некоторые преподаватели допускают такое что студентам мужского пола ставят оценки выше, лишь за их присутствие или за неполный ответ, который объективно не тянет на ту оценку. А сколько бы девушки не старались на занятиях оценки либо ниже, либо отсутствуют совсем. Это не было лишь раз, или это не только проблема связанная с одним преподавателем, во всем университете и во всех группах такое встречается. Нельзя учиться ради оценок, это правда, НО от этих же оценок зависит смогу ли я в эти пол года жить и есть или меня лишат стипендии. Мы не просим ставить оценки за красивые глаза, мы просим оценивать знания. Каждый абсолютно преподаватель требует академической честности, но сам/а же это нарушает. Отпадает какое-либо желание после такого посещать занятия или как-либо активничать. Прошу вас принять меры и взять это во внимание.

Жауап:

Здравствуйте! Принципы работы Шымкентского университета в этом направлении:

  1. Оценивание должно быть направлено на определение достижений результатов в обучении образовательной программы;
  2. Оценивание должно быть прозрачным и информативным;
  3. Оценивание должно быть системным, надежным, точным и обеспечивать качество;
  4. Оценивание должно быть понятным для каждого обучающегося, инклюзивным и

справедливым;

  1. Формы оценивания должны содержать элементы самооценивания и взаимоооценивания;
  2. Оценивание должно отражать особенности требований будущей профессиональной сферы.

 

 

Сұрақ қоюшы: Аноним


Сұрақ 2

Саламатсыз ба
Қызыл диплом алу үшін үздік баға 75%, жақсы 25% болуы міндетті ме?

Жауап:

Құрметті студент! ҚР Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын әзірлеу қағидаларына сәйкес, оқу пәндері және оқу қызметінің басқа түрлері бойынша қорытынды бағалары бойынша үлгерімі А, А- «өте жақсы», В+, В, В -С+ (2019 ж. 1-ші қаңтардан бастап), «жақсы» бағаларымен емтихан тапсырған және оқудың барлық кезеңінде үлгерімінің орташа балы (GPA) 3,5-тен төмен емес, сондай-ақ кешенді мемлекеттік емтихан тапсырған немесе А, А- «өте жақсы» бағаларымен дипломдық жұмысты (жобаны) қорғаған білім алушыға үздік диплом (әскери даярлық бойынша бағаны есепке алмағанда) беріледі.

 Оқудың барлық кезеңі ішінде қорытынды бақылауды (емтиханды) қайта тапсыруы бар білім алушыға үздік диплом берілмейді.

 

Сұрақ қоюшы: Аноним


Сұрақ № 3

Нұрлыбек Ақынұлы, сәлеметсіз бе? Менде gpa бәрі жақсы болып тұр, бірақ қазақстан тарихы пәнінен бірінші курста C+ алып қалдым, тек сол бағам ғана қызыл диплом алуыма әсер етіп тұр, егер тек сол пән ғана әсер етіп тұрған болса, университетке өтініш хат жазып, тарих пәнінен ауызша емтиханды бағамды жөндеу мақсатында қайта тапсыруға болады ма?

Жауап:

Құрметті студент! Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес  оқу пәндері және оқу қызметінің басқа түрлері бойынша қорытынды бағаларын А, А- «өте жақсы», В+, В, В -С+ (2019 ж. 1-ші қаңтардан бастап), «жақсы» бағаларымен емтихан тапсырған және оқудың барлық кезеңінде үлгерімінің орташа балы (GPA) 3,5-тен төмен емес, сондай-ақ кешенді мемлекеттік емтихан тапсырған немесе А, А- «өте жақсы» бағаларымен дипломдық жұмысты (жобаны) қорғаған білім алушыға үздік диплом (әскери даярлық бойынша бағаны есепке алмағанда) беріледі.

Дипломдық жобаны қорғаудан және кешенді емтиханнан тек А, А- «өте жақсы» бағалармен тапсырған жағдайда Қазақстан тарихы пәнінен мемлекеттік емтиханнан 85 (В+) балл болса, практиканың бағасы 80 (В) баллдан жоғары болса, қызыл диплом ала аласыз. Оқудың барлық кезеңі ішінде қорытынды бақылауды қайта тапсыруы немесе пәндерді қайта тапсыруы (F, FX) бар білім алушыға үздік диплом берілмейді.

Қызыл дипломға үміткер екеніңізді оқу орнымыздың Тіркеу кеңсесінен біле аласыз.

 

 

Сұрақ қоюшы: Алмахан Сания Қыдыралықызы


Сұрақ № 4

Здравствуйте. Хотелось бы написать комментарий по поводу одного из предметов, который вела Едил Манат- языковедение. Один из моих любимых предметов за мой первый курс. Ещё мне нравится то что Едил Манат, как преподаватель отвечает на вопросы и интересно объясняет темы. Я ценю то что в отличии от некоторых преподавателей она не читает материал с повер поинта. Едил Манат открыта к новым идеям и нестандартным подходам к проведению урока. Так же спасибо ей огромное за конкурс по языкознанию с другими группами!

Жауап:

Здравствуйте, Сания! Благодарим за теплые слова в адрес наших преподавателей и высокую оценку их работы. Получать такие отзывы приятно любому руководителю. 

 

Сұрақ қоюшы: Аноним


Сұрақ № 5

Құрметті Ректор мырза, 4-курс студентімін. Отбасылық жағдайға байланысты, оқу ақысын төлей алмай жатырмын.
Университеттен қандай көмек көрсетіле алады? және де оқу ақысын мамыр айында төлеуге рұқсат па? өтінішті кімге және қалай жазсам болады? Оқу ақысының 50% төленген, жарты ақшасын мамыр айында төлей аламыз.
Осы сұрағыма жауап берсеңіздер.

Жауап:

Сәлеметсіз бе! Университет ректорының атына себептеріңізді көрсетіп немесе қажетті құжаттарды тіркеп, өтініш жазуыңызға болады.

 

Сұрақ қоюшы: Аноним


Сұрақ № 6

Я хотел бы получить красный диплом , но у меня есть одна четвёрка по гос.экзамену по Истории Казахстана. В Правилах Министерства образования и науки РК от 11.03.2001 N 151 "Правила организации деятельности высших учебных заведений" в статье 195 написано, что пересдача разрешается Советом вуза, в порядке исключения, студентам выпускного курса, претендующим на получение диплома с отличием. Правда ли это?

Жауап:

Уважаемые студенты! В соответствии с ГОСО РК обучающемуся по образовательной программе высшего образования, имеющему по учебным дисциплинам и другим видам учебной деятельности итоговые оценки А, А- «отлично», В-, В, В+, С+ (С+ с 1 января 2019 года) «хорошо» при среднем балле успеваемости (GPA) не ниже 3,5, а также сдавшему комплексный экзамен или защитившему дипломную работу (проект) с оценками А, А- «отлично», выдается диплом с отличием (без учета оценок по дополнительным видам обучения). Обучающемуся, имеющему в течение всего периода обучения пересдачи или повторные сдачи итогового контроля (экзамена), не выдается диплом с отличием.

Оценка «хорошо» по государственному экзамену «История Казахстана» не влияет на Ваше право получения диплома с отличием, она считается как текущая. Необходимо сдать итоговую аттестацию на «отлично», иметь GPA не ниже 3,5 и не иметь пересдачи.

 

Сұрақ қоюшы: Аноним


Сұрақ № 7

Добрый день, господин ректор. Это не вопрос, лишь хотела выразить огромную благодарность за терпение и труд Сания Есенгелдинове и Едил Манат. Прекрасные преподаватели, настолько хорошо знают свой предмет что слушать можно часами, а в конце уходишь с большим багажом знаний. Очень благодарна за таких чудесных преподавателей!

Жауап:

Здравствуйте! Благодарим за приятный отзыв о работе наших преподавателей, Ваши теплые слова обязательно будут доведены до их сведения. Желаем успехов в учебе. 

 

Сұрақ қоюшы Тәукехан Нұрсұлтан


Сұрақ № 8

Ассалаумағалейкум ректор мырза мен осы оқу орнын 2021 жылы бітірген болатынмын казіргі уақытта басқа салада жұмыс істеп жүрмін сізден сұрайн дегенім казіргі уақытта менің танысатрымның арасында көбтерінің дипломдары жарамсыз жане өтірік жасалғаны анықталып жатыр мен өзімнің дипломымды қалай тексерсем болады сіздердің базаларыңызда барма цыфлық құжжатардан көрсетпей тұр таныстарымда eGov цифрлық құжаттарында диплом көрсетіліп тұр қай оқу орны барі рұқсат болса тексеріп берсеіңіз дұрыс болар еді рахмет сізге алдын ала .

Жауап:

Сәлеметсіз бе! Дипломыңызды eGov.kz порталы арқылы тексеруіңізге болады. Оқу орнымыз арқылы дипломыңызды тексергіңіз келсе, Сіз Шымкент  университетінің кеңсесіне ресми хат жолдауыңыз қажет. Тел.:55-58-61,shu2050@mail. ru. 

 

Cұрақ қоюшы: Аноним


Сұрақ № 9

Құрметті Нұрлыбек Ақынұлы университетіміздің жоспарлары мен міндеттерін ілгерілету үшін жасап жатқан барлық істеріңізді бағалайтынымды айтқым келеді. Сіз біздің ұжымда еңбек еткен жылдар ішінде еңбек көрсеткіштері, жалпы тәртіп пен орындаушылық деңгейі жақсарды, еңсемізді көтерді. Әділетті, әдепті және шынайы адам ретінде атап айтып, сізбен жұмыс істеуге мүмкіндік алғанымызды мақтан тұтамыз.
Сізге мықты денсаулық, қажымас қайрат, мол табыс тілей отырып, саналы ұрпақ тәрбиесіне қосқан ерен еңбегініз үшін мың алғыс білдіремін!

Жауап:

Сәлеметсіз бе! Біздің міндетіміз - білім алушылар мен қызметкерлер үшін қолайлы жағдай жасау. Жылы сөздеріңіз бен тілектеріңіз үшін шын жүректен алғысымызды білдіреміз.

 

Сұрақ қоюшы: Аноним


Сұрақ № 10

Сәлеметсіз бе! Мен 3 курс студентімін. Біз 1 семестрда мектепке пассивті практикаға барған болатынбыз. Практикадан өтетін мектепті өзіміз таңдамадық. Осы мектепті 2 семестрде болатын практика кезінде өтініш жазу арқылы ауыстырса болады ма? Мектеп қаланың сыртында,күнделікті барып келу өте қиын. Университет договорға отырған мектептер арасынан ыңғайлысына ауыссам болады ма?

Жауап:

Сәлеметсіз бе! Білім алушыларды мектептерге бөлу рәсімі факультет тарапынан берілген ұсыныстардың негізінде жүргізіледі. Басқа мектепте практиканы өту туралы өтінішіңізді жазып факультет басшылығына тапсырсаңыз болады. Өтінішіңіз қарастырылады. Рахмет!

 

Сұрақ № 11

Сәлеметсіз бе!
Егер, осы қыс айында университеттің магистратурасына түскен жағдайда, жатақханадан орын алу мүмкіндігі бар ма?
Бұл ақпаратты толығырақ қай жерден білсем болады?

Жауап:

Сәлеметсіз бе! Қазіргі уақытта оқу орнымыздың жатақханасында студенттер толығымен орналасуына байланысты жатын орын жоқ екенін мәлімдейміз. Оқуға түскеннен кейін жатақхана мәселесімен , Әлеуметтік және тәрбие істері жөнінднгі проректорға жолығуыңызға болады. Рахмет!

 

Сұрақ қоюшы: Бұрханбаева Анжир Кайнарбековна


Сұрақ № 12

Құрметті Нұрлыбек Ақынұлы , сізге ата- ана ретінде сұрақ қойғым келіп отыр. Бұдан да бұрын жазған болатынмын, бірақ сұрағым жарияланбады. Менің қызым 3-курс екі шет тілінде оқиды. Оқуға түскен кезде 2-ші шет тілін, яғни өзбек тілін таңдаған болатын. ЖОЖ-да 5-6 семестрде де өзбек тілі сабағы таңдалмаған. Сонда студенттер оқитын екінші шет тілі қайда қалды? Осы сұрағыма жауап берсеңіздер екен. Алдын ала рақмет.

Жауап:

Сәлеметсіз бе! Хатыңыз басшылыққа жолданды. Сұрағыңыз бойынша толық ақпарат алу үшін Академиялық қызмет департаменті директоры Тұрар Бейбіт Іңкәрұлымен хабарласуыңызға болады.Байланыс тел.:55-58-61. Рахмет!

 

Сұрақ қоюшы: Аноним


Сұрақ № 13

Мен 4 курс студентімін. Қызыл дипломды алу үшін GPA балл қанша болу керек. Лето, пересдача болса қызыл диплом алуға мүмкіндік жоқ па? Или главное GPA жоғары болса болды ма? Менде GPA балл жоғары, бірақ 1 курста летога қалып қалған болатынмын.

Жауап:

Сәлеметсіз бе! Университеттің Академиялық саясатының 368, 369 тармақтарына сәйкес:

  1. А, А- «өте жақсы», В+, В, В -С+ (С+ 2019 ж. 1-ші қаңтардан бастап), «жақсы» бағаларымен емтихан тапсырған және оқудың барлық кезеңінде үлгерімінің орташа балы (GPA) 3,5-тен төмен емес, сондай-ақ кешенді мемлекеттік емтихан тапсырған немесе А, А- «өте жақсы» бағаларымен дипломдық жұмысты (жобаны) қорғаған білім алушыға үздік диплом (әскери даярлық бойынша бағаны есепке алмағанда) беріледі.
  2. Оқудың барлық кезеңі ішінде қорытынды бақылауды (емтиханды) қайта тапсыруы немесе қайта тапсыруы бар білім алушыға үздік диплом берілмейді.

 

Сұрақ қоюшы: Аноним


Сұрақ № 14

Саламатсыз ба құрметті Ректор мырза. Көңіл аударасыз деген үміттеміз. Біздер 4 курс студенттеріміз. Қараша айынан бастап өндірістік практика басталады. Сол практиканы әркімнің тұрғылықты мекен жайы бойынша жіберуіңізді сұраймыз. Қазіргі таңда Шымкент қаласындағы пәтерлердің бағасының шамадан тыс көтерілуі қиындық тудырып тұр. Сонымен қатар арамызда отбасылы , денсаулығында ахауы бар студенттер де бар. Түсіністік танытып өндірістік практиканы тұрғылықты мекен жайы бойынша жіберуге рұқсат беруіңізді сұраймыз!

Жауап:

Сәлеметсіз бе! Сұрағыңыз бойынша толық ақпарат алу үшін Студентерге қызмет ету  орталығына хабарласуыңызды сұраймыз. Тел.: 55-58-61

 

Сұрақ қоюшы: Аноним


Сұрақ № 15

Қурметти Нұрлыбек Ақынұлы !Биздин кафедрада еки-уш
жерде жұмыс істейтін оқытушылар бар. Олар кафедраның қоғамдық жұмысына араласпайды.
Олардың жұмыстарын кафедрадағы басқа оқытушылардың мойнында. Зав.кафедра оларға көзін
жұмып қарайды. Яғни,коррупция деген сөз.
Осыны калай аныктауга жане шешуге болады.

Жауап:

Құрметті оқытушы! Хатыңыздағы мәселені қарастыру үшін кафедра атауын және бірнеше жерде жұмыс істейтін оқытушылардың аты-жөні туралы ақпаратты shu2050@mail.ru электронды поштасына жолдауыңызды сұраймыз. Шағымыңыз міндетті түрде қарастырылады. Рахмет!

 

Сұрақ қоюшы: Аноним


Сұрақ № 16

Сәлеметсіз бе, қызыл дипломға үміткер болу үшін қандай шарттар қойылған?
Осы жолы өзгертулер енгізілді ме?

Жауап:

Сәлеметсіз бе! А, А- «өте жақсы», В+, В, В -С+ (С+ 2019 ж. 1-ші қаңтардан бастап), «жақсы» бағаларымен емтихан тапсырған және оқудың барлық кезеңінде үлгерімінің орташа балы (GPA) 3,5-тен төмен емес, сондай-ақ кешенді мемлекеттік емтихан тапсырған немесе А, А- «өте жақсы» бағаларымен дипломдық жұмысты (жобаны) қорғаған білім алушыға үздік диплом (әскери даярлық бойынша бағаны есепке алмағанда) беріледі. Ал оқудың барлық кезеңі ішінде қорытынды бақылауды (емтиханды) қайта тапсыруы немесе қайта тапсыруы бар білім алушыға үздік диплом берілмейд

 

Сұрақ қоюшы: Аноним


Сұрақ № 17

Қайырлы күн! мен магистратураның 1 курс студентімін, бакалавр мамандығым басқа болғандықтан, академиялық айырмашылықты төледім, алайда қазіргі уақытта оқудан шығайын деп жатсам, төленген айырмашылық қайтарылады ма? Қанша уақытта қайтарылады?

Жауап:

Құрметті студент! Оқу үрдісіне қатысты  сұрақтарыңызға жоғарғы оқу орнынан кейінгі орталық басшылығынан толық ақпарат ала аласыз. жоғарғы оқу орнынан кейінгі орталық басшылығының байланыс деректері:akim_sanar@mail.ru Рахмет!

 

Сұрақ қоюшы: Әнуарбек  Тоқтаргүл


Сұрақ № 18

Салеметсіз бе ? Осы жылы бітіруші студент едім ,1 айлық қызым бар . Қоятын сұрағым :кішкентай баласы барларға қандай да бір жеңілдік беріледі ма?

Жауап:

Сәлеметсіз бе! Егер 3 жасқа дейін балаңыз болса, академиялық демалыс алуыңызға немесе дипломдық жұмысты (жобаны) қорғауды екі кешенді емтихан тапсырумен ауыстыруыңызға болады. Рахмет!

 

Сұрақ қоюшы: Аноним


Сұрақ № =19

Сәлеметсізбе құрметті ректор?! Менің сұрағым мынадай: неге жатақханада тұратын студенттер туған-туыс үйіне баруына болмайды. Біздің отбасымыздағы студент жатақханада тұрады. Бұл мәселені жатақханадағы староста шешеді екен, оның айтуы бойынша(яғни студент-староста): жатақхананы не үшін аласыңдар, егер туысқан үйіне сұрана беретін болсаңдар, айына тек 2 реттен артық баруға болмайды. Бұлай дөрекі сөйлегені маған унамады, өзі енды 1курс түскен уақытында, қажеттілік болмаса осы жатақхана алмайтын едік. Бұл жерде кімдікі дұрыс және кімдікі бұрыс, егер мен дұрыс емес ойлап турған болсам қай заңда жазылған айына 2 рет қана баруға болады деген, жауабыңызды күтеміз!

Жауап:

Құрметті ата-ана! Оқу орнымыз үшін студенттердің қауіпсіздігі маңызды болғандықтан, жатақханамен қамтылған студенттердің тәртібі қадағаланады. Жатақханада студент өмірін ұйымдастыру мақсатында әрбір жатақханада жоғары курс студенттері қатарынан құрылған Студенттік кеңес жұмыс жасап, түсіндірме жұмыстарын жүргізеді. Жатақхана ережесіне сәйкес студенттердің кіріп-шығуына таңғы сағат 7.00-ден 23.00-ге дейінгі аралықта рұқсат беріледі. 

Университет тарапынан жатақханаға мұқтаж студенттерге барынша жағдай жасалуда. Қазіргі уақытта тұрғын үй жалдау бағасының жоғарылауына байланысты студенттер тарапынан жатақханаға сұраныс артып жатқанын білесіздер. Сондықтан осы мәселеге түсіністік танытып, жатақханадан орын алған білім алушылар барынша білім алуға көп көңіл бөлуі қажет. Сұрағыңыз үшін рахмет!

 

Сұрақ қоюшы: Аноним


Сұрақ № 20

Здравствуйте. В 2023 году хотела бы поступить к вам на второе высшее на специальность История  Возможно ли это? Есть ли заочная или дистанционная форма обучения? Каковы сроки обучения?

Жауап:

Здравствуйте! Подробную информацию по поступлению в  университет можно узнать на сайте Приемной комиссии:  shu2050@mail.ruПо всем вопросам просим обращаться к сотрудникам Приемной комиссии. Контакты – 55-58-61; Call-центр: 8 7075267613 Спасибо!

 

Сұрақ қоюшы: Ата-ана


Сұрақ № 21

Салематсыздарма университет ректоры және университет ұжымы! Менің қызым осы университтің 2 курс студенті еді.Сіздерден сұрайын дегенім жатахана беріледі ме екен 2 курс студенттеріне.Былтыры 1-ші курста 2 семестрде алып еды, бірақ келесі жылы болмайды деп ескертті деген.Енді сабақ жақындап қалды сабаққа барғанда қайда орналасар екен деген ой мазалап тұр.

Жауап:

Сәлеметсіз бе! Орындар болса екінші курс студенттеріде міндетті түрде жатақанадан орын беріледі.

 

Сұрақ қоюшы: Аноним


Сұрақ №23

Сәлеметсізбе менің сіздерге өтінішім жане сұрағым бар еді.
Менің келіншегім сіздерде оқып қызыл дипломмен оқуын аяқтады. Ендігі мәселе жұмысқа кіре алмай отыр себебі сіздерде әлі күнге студент ретінде тіркеуде тұр. Сол тіркеуден тез арада алып тастауға көмек бере аласыздарма.
Сұрағым неге әлі күнге бітірген студенттерді тіркеуде ұстап тұрсыздар?

Жауап:

Сәлеметсіз бе! Хатыңыз жауапты тұлғаларға жолданды.Сұрағыңыз бойынша ақпарат алу үшін Академиялық қызмет департаменттің қызметкерлерімен хабарласуыңызға болады. Байланыс деректері: 55-58-61 , 87474129591. Рахмет!

 

Сұрақ қоюшы: Аноним


Сұрақ № 24

Салеметсиз бе.
1-ши сурак: 4 Курска коштим. Кыркуйек айында Сабили болатыныма байланысты уакытша онлайн, немесе белгили бир уакыт аралыгында демалыс алу жагдайы карастырылган ба?
2-ши сурак: 1 жаска дейин баласы бар жас аналар дипломдык жумыс жазады ма? Кандай женилдиктер карастырылган? Осы жайлы айтып жиберинизши. Накты жауап ала алмай журмин.

Жауап:

Сәлеметсіз бе! Біріншіден,Сізге Академиялық демалыс алу керек. Екіншіден, үш жасқа дейін баласы бар студенттерге дипломдық жұмыс орнына кешенді емтихан тапсыру қарастырылған. Қосымша ақпаратты факультет қызметкерлерінен  алсаңыз болады. Рахмет!

 

Сұрақ қоюшы: Аноним


Сұрақ № 25

Здравствуйте! В апреле этого года я отчислилась с обучения по собственному желанию ( магистратура 1 курс). Хотела бы узнать, как мне можно восстановиться? Звонила в университет, мне сказали в течении года можно восстановиться. Значит я могу в апреле 2023 года прийти и подать на восстановление? Всё верно? Подскажите пожалуйста.

Жауап:

Здравствуйте!  Вам надо 20-25 августа т.г. (не позднее) подойти с заявлением в ЦЦОС  который находится по адресу: ул. Жибек жолы уч №6  1 этаж. Спасибо!

 

Сұрақ қоюшы: Сейтахметов Фархад


Сұрақ № 26

Здравствуйте. Как можно к вам записаться на личный прием?

Жауап:

Здравствуйте! Вы можете записаться на прием по номеру 55-58-61 либо направить свой вопрос в электронном виде. Обязательно ответим. Спасибо!

 

Сұрақ қоюшы: Аноним


Сұрақ № 27

Сәлеметсіз бе! Сізден сұрарым, оқытушы түнгі 12 де студенттерді іздеп, 10 шақты тапсырманы түске дейін жібер деп айтуы дұрыспа? Бұл мұғалімдік этикаға жатпайды! Біз ол кісіге күні бойы жазғанда, ол кісі қабылдамаймын деп қарсы шықты. Кейіннен ол кісі түнгі 12 де жазып, іздеп, түске дейін жіберіңдер түгелімен дейді. Ол жерде 10 шақты тапсырма. Жарайды ұйықтамай жасасақта жасаймыз, бірақ бұл адам құқығын бұзу! Педагогика кафедрасына ескертсеңіз.

Жауап:

Сәлеметсіз бе! Шағымыңызды қарастыру үшін оқытушының аты-жөні, пәннің атауы мен мамандығыңыз туралы толық ақпарат көрсетуіңізді сұраймыз. Рахмет!

 

Сұрақ қоюшы: Аноним


Сұрақ № 28

Сәлеметсізбе. Қызыл диплом алу үшін маңызды емтихан «Кешенді мемлекеттік емтихан» дегенімізге Қазақстан тарихы пәні есептеледі ме? Яғни 4 жыл бойы тек қана ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ пәнінен B+ қалған пәндердің барлығы А, А- болса, қызыл диплом алуға мүмкіндік болады ма 2022 жылы?

Жауап:

Сәлеметсіз бе! Университеттің Академиялық саясатының 368, 369 тармақтарына сәйкес:

  1. А, А- «өте жақсы», В+, В, В -С+ (С+ 2019 ж. 1-ші қаңтардан бастап), «жақсы» бағаларымен емтихан тапсырған және оқудың барлық кезеңінде үлгерімінің орташа балы (GPA) 3,5-тен төмен емес, сондай-ақ кешенді мемлекеттік емтихан тапсырған немесе А, А- «өте жақсы» бағаларымен дипломдық жұмысты (жобаны) қорғаған білім алушыға үздік диплом беріледі. Оқудың барлық кезеңі ішінде қорытынды бақылауды (емтиханды) қайта тапсыруы немесе қайта тапсыруы бар білім алушыға үздік диплом берілмейді.

 

Сұрақ қоюшы: Избасарова Дина Идрискизи        
Сұрақ № 29

Добрый день, Нурлыбек Акынович! Я являюсь студентом 3 курса РЯ-120 Под конец учебного года я хотела бы выразить благодарность преподавателю нашего университета – С.Е.Керимбаевне очень светлый и добрый человек. Она восхищает студентов своим подходом к преподаванию, своей мудростью. Для меня Сания Есенгелдиевна стала примером великолепного учителя, на которого хочется равняться. В любое время на протяжении трёх лет обучения можно было подойти к ней и попросить совета, какую-нибудь консультацию, и ни разу после просьбы о помощи не следовал отказ. Так же хочется сказать, что Сания Есенгелдиевна будто делится своим энтузиазмом, вселяет надежду даже в самые трудные моменты. Она является единичным примером преподавателя, действия которого, действительно, педагогичны, имеет грамотную речь, искреннее и отзывчиво относится ко всем студентам. Надеюсь, что в нашем университете будет больше таких учителей.

Жауап:

Здравствуйте! Благодарим за теплые слова о преподавателе С.Е.Керимбаевне. Ваш отзыв будет доведен до ее сведения. 

 

Сұрақ қоюшы:Аноним

 

Сұрақ №30 Саламатсызба ректор мырза! Менің сұрағым алдын басқа мамандықта оқып жатқан ем кейін ауысып кетім, келесі жылы қайта ауыса аламба баяғы мамандығыма мүмкіндік болама 2-ші рет?

 

Жауап:

Бұл сұрақ бойынша студенттерге қызмет көрсету орталығына хабарласуыңызға болады. Тел: 8-747-342-25-31

 

Сұрақ қоюшы:Аноним

 

Сұрақ №31  Ректор мырза сұрағыма жауап беріңізші, өтініш мен университетте оқимын содан оқудан шықпай кешендік тест тапсырса болады деп естідім сол рас па? Толық жауап күтем.

 

Жауап:

Жоқ. Ол мүмкін емес. ҚР заңына сәйкес кешенді тестке қатысу үшін аттестат керек. Ал оны алу үшін, міндетті түрде оқудан шығуыңыз керек.

 

Сұрақ қоюшы:Аноним

 

Сұрақ №32 Сіздердің Оқу орындарыңызда жақсы оқитын студенттерге арналған жеңілдіктер, гранттар, ректордың степендиясы дегендей, ынталандыру (премия) бар ма? Менің есітуімше оның бәрі шындыққа жанаспайтын секілді. Хабарын күтемін?

 

Жауап:

Тек жақсы оқу ол жеңілдікпен оқуға себеп емес.Жылда беріліп келе жатқан бір реттік стипендияны алу үшін үздік оқумен қатар қоғамдық өмірде де белсенді, ғылымға құштар болу қажет. Жеңілдіктің басқа түрлері Ғылыми кеңес шешімі арқылы қарастырылады.

 

Сұрақ қоюшы:Аноним

 

Сұрақ №33 Аса құрметті ректор мырза колледжден кейін сіздерге оқуға түссем деп ем оқу ақысы қанша және қанша жыл оқимын коледжден кейін?

 

Жауап:

Оқуға түсу үшін қабылдау комиссиясына хабарласуыңызға болады, Тел: 55-58-61 Call center; 8707 526 76 13

 

Сұрақ қоюшы:Аноним

 

Сұрақ №34  Құрметті ректор мырза! Мен биыл 11-ші сынып бітірдім, сіздерде орыс тілі мұғалім мамандық барма? Бар болса жылына қанша куямыз? Тағыда кандай мамандыктар бар?

 

Жауап:

Құрметті талапкер. "Шымкент" университетінде 27 білім беру бағдарламалар бар, оның ішінде «6В01703-Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау» білім беру бағдарламала кіреді. Толемақы: 300 мың тенге. Біздің сайтта «ТАЛАПКЕР» бөлімде толық мәлімет көрсетілген:

 

Сұрақ қоюшы:Аноним

 

Сұрақ №35 Саламатсызба Нұрлыбек Ақынұлы Сізден білгім келгені менім балам  Өскемен қаласындағы С.Аманжолов атындағы университетке жалпы конкурспен грантқа түсіп «Азық түлік өнімдерінің өндірісі» мамандығы бойынша бірінші курсты бітірді. Енді сіздердің университеттеріңізге биология мамандығына ақылы бөліміне ауысуға болама.

 

Жауап:

Құрметті ата-ана! Бір оқу орнынан екінші оқу орнына ауысу жолдары туралы толық ақпарат алу үшін Студенттерге қызмет көрсету орталығының қызметкерлерімен хабарлассаңыз болады. Байланыс деректері: 55-58-61, е-mail: shu2050@mail.ru. Рахмет!

 

Сұрақ қоюшы:Аноним

 

Сұрақ №36 Сәлеметсіз бе! Қызыл дипломға үміткер екеніңді қалай біле аламын анық? Қабылдау кеңсесі универдің телефон көтермейді! Кімге хабарласып білу керек?

 

Жауап:

Сәлеметсіз бе! Сұрағыңыз бойынша толық ақпарат алу Студенттерге қызмет көрсету орталығының қызметкерлерімен хабарлассаңыз болады. Байланыс деректері: 55-58-61, е-mail: shu2050@mail.ru. Рахмет.

 

Сұрақ қоюшы:Аноним

 

Сұрақ №37 Сәлеметсізбе құрметті Ректор мырза! Мен Шымкент университетінде Педагогика психология мамандығы “Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу” мамандығында 2 курс оқимын. 2 курста бұл мамандықтың маған керек емес екенін, ұнамайтынын түсіндім.
Енді сұрағым: Мен осы өзіміздің универ ішінде мамандық ауыстыра аламын ба?!
“Мемлекеттік және жергілікті басқару” мамандығын 2 курстан жалғастырып оқығым келеді. Бұл үрдіс қалай жүреді?!
Осы туралы кімнен ақпарат ала аламын?!

 

Жауап:

Сәлеметсіз бе! Сұрағыңыз бойынша толық ақпарат алу үшін академиялық қызмет көрсету орталығының қызметкерлеріне хабарласуыңызға болады. Байланыс тел.8747 412 95 91. Рахмет!

 

Сұрақ қоюшы:Аноним

 

Сұрақ №38 Студент оқудан шығып кеткен жағдайдаоқу төлем ақысы неге кері қайтарылмайды

Жауап:

Саламатсызба! Бұл сұрағыңыз бойынша есеп-қисап бөліміне хабарласып біле аласыз; 8702 300 99 03. Рахмет

Сұрақ қоюшы:Аноним

 

Сұрақ №39 Қайырлы күн. Колледжден кейін оқуға түсу тәртібін білгім келіп еді

Жауап: 

Сұрағыңыз бойынша жауап, Қабылдау комиссясының қызметкерлеріне хабарласып біле аласыздар. Тел: 55-58-61 Call center; 8707 526 76 13

 

Сұрақ қоюшы:Аноним

 

Сұрақ №40 Мен 4-курс студентімін, келесі айда тұрмысқа шығамын, осыған байланысты канша күнге сабақтан сұрана аламын?

Жауап: 

Факультет деканы атына өтініш беруіңіз керек, осыған байланысты университеттің  ішкі ережесіне сәйкес, сабақтан босату уақыты 60 сағаттан аспауы тиіс.

Сұрақ қоюшы:Аноним

 

Сұрақ №41  Мен 2 курс студентімін,намаз оқимын. Университетке ұзын киіп,орамал тағуға(хиджаб емес) рұқсат, па заң бойынша оған шектеу жоқ қой.

Жауап: 

 Біздің мемлекетіміз бен қоғамымыз Конституциямызға сәйкес зайырлы мемлекет болып табылады, яғни мемлекет өз территориясында заңды әрекет етуші діндердің ешқайсысына артықшылық көрсетпейді. Біздің университет оқу орны болғандықтан барлық ұлттар мен конфессия өкілдерінің зайырлы киім үлгісімен жүруі дұрыс.

Сұрақ қоюшы:Аноним

 

Сұрақ №42   Саламатсыз ба Нұрлыбек Ақынұлы? Мен басқа жоғарғы оқу орныннан, Шымкент университетіне ауысуға болады ма, қандай құжаттар қажет?

Жауап: 

Сәлеметсіз бе! Сұрағыңыз бойынша толық ақпарат алу үшін Студенттерге қызмет көрсету орталығының қызметкерлерімен хабарлассаңыз болады. Байланыс деректері: 55-58-61. Рахмет!

Сұрақ қоюшы:Аноним

 

Сұрақ №43    Сәлеметсіз бе. Мен жастүлек 2023. Қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі мамандығын Шымкент университетінде оқығым келеді. Бірақ шекті балым 75-ке жетпейді.65баллмен түссем болады ма?

Жауап: 

Құрметті талапкер! Сіз тамыз айында Ұлттық бірыңғай тестілеуге (ҰБТ) қатысып, педагогикалық білім беру бағдарламаларына шектік 75 балл жинап, бізге ақылы негізде оқуға келе аласыз. Сәттілік тілейміз! Байланыс деректері. Call center; 8707 526 76 13

 

Сұрақ қоюшы:Аноним

 

Сұрақ №44    Салеметсиз бе?! Сіздерде математика және статистика мамандығы бар ма?

Жауап: 

 Сәлеметсіз бе! Университетіміздің білім беру бағдарламаларымен сайтымыздың келесі сілтемесі арқылы танысуыңызға болады: https://univershu.edu.kz/ru/

 

 

 

- Қайырлы күн, ректор мырза! Сізден біздегі академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша сұрағым келеді. Біздің университет Қазақстан ішіндегі қандай университеттермен келісім шартқа отырған. Біз, еліміздегі қай жоғары оқу орындарына академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша барып, оқи аламыз?---

- Сәлеметсіз бе! Академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша университетіміз келесідей жоғары оқу орындарымен келісім-шартқа отырған:

- «Алматы гуманитарлы-экономикалық университеті», Алматы қаласы;

- «Сырдария» университеті, Жетісай қаласы;

- «Орталық-Азия инновациялық университеті», Шымкент қаласы;

-«Мирас» университеті, Шымкент қаласы;

- С. Баишев атындағы Ақтөбе университеті, Ақтөбе қаласы;

Аталған осы университеттерге академиялық ұтқырлық бағдарламасымен барып, оқи аласыздар.

 - Сәлеметсіз бе, Нұрлыбек Ақынұлы! Басқа өңірлерден келген студенттерге жатақхана беріле ме? Берілсе, оны қалай алуға болады?

 - Сәлеметсіз бе! Шымкент университетінің жарғысына сәйкес күндізгі оқу түрінде оқитын студенттерге беріледі;

    Жатақханадан орын алар алдын, әрбір тұрғын жатақхана меңгерушісімен өзара жауапкершілікте келісе отырып және төмендегі құжаттарды тапсыруы тиіс:

- Студенттік жатақхана басқармасының басшысына жазылған өтініш;

- Тиісті оку орнынан берілген жатақханада тұруга рұқсат ордері;

- Жатақханада тұру үшін төлем ақысының түбіртегі;

- Жеке куәлігінің көшірмесі;

- Денсаулық жағдайы туралы 086У анықтамасы;

- Мекен-жайы туралы анықтамасы;

- 3х4 екі сурет.

 

 - Саламатсыз ба? Университетіміздегі академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша шет елдегі қандай университеттермен байланыс орнатылған. Ол жерге барып оқу үшін не істеу және қандай құжаттарды жинақтау қажет?

 - Сәлеметсіз бе!Академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша шет елдік мына жоғары оқу орындарымен келісім-шарт жасалған:

- «Витаутас Магнус» университеті, Литва;

- «Қырғыз-Қазақ» университеті, Қырғыстан;

- «Самарқанд мемлекеттік университеті», Өзбекстан;

Толығырақ:

https://univershu.edu.kz/media/attachments/2021/02/19/31.pdf

 - Қайырлы кеш! Мен 1 курс дене тәрбиесі және спорт мамандығында оқимын. Университет ішінде мамандығымды ауыстырғым келеді. Ауыстыруға бола ма?

 - Сәлеметсіз бе! Бірінші курс студенттерін ауыстыру туыстық мамандығы бойынша бірінші семестрді аяқтағаннан кейін жүзеге асырылады. ЖОО-да бір оқу бағытынан екіншісіне немесе бір нысаннан екіншісіне ауыстыру білім беру ұйымы басшысының бұйрығымен жүргізіледі (басшының атына өтініш қажет). Оқыту тек ақылы негізде жүзеге асырылады.
Оқу жоспарлары пәндеріндегі академиялық айырмашылықты жою тәртібі мен мерзімдері факультет деканының ағымдағы оқу жылына арналған өкімімен ресімделеді және білім алушының жеке оқу жоспарына енгізіледі.
Басқа мамандыққа ауыстыру үшін студенттің ағымдағы пәндер бойынша академиялық берешегі (кредиті) болмауы тиіс.
Аударым тек қысқы және жазғы демалыстар кезеңінде қаралады. Осы кезеңде студентке оқу пәндеріндегі айырмашылықты жою қажет (айырмашылық ақылы негізде ғана жойылады, белгіленген мерзімде жойылмаған айырма бұдан әрі академиялық берешек (кредит) ретінде ескеріледі).

 - Сәлеметсіз бе, Нұрлыбек Ақынұлы! Білім алушылардың оқу үлгерімін ата-аналары қайдан көре алады?

 - Сәлеметсіз бе, ия, көре алады! Ата-ана өз баласына берілген құпия сөзбен логин арқылы жеке акаунтқа кіріп, сонда көрсетілген бағалар мәзірінде әр сынақ кезінде жиналған баллдарын көре алады. Толығырақ: https://portal.univershu.edu.kz

 

Қайырлы күн! Портал Шуды ата-аналар қолдана ала ма?
Сәлеметсіз бе! Әрине, қолдана алады, университете қандай бір жаңалықтар болып жатса, солармен танысып отыруға жағдай жасалынған. Толығырақ:  https://portal.univershu.edu.kz

 

Саламатсыз ба, Нұрлыбек Ақынұлы? Шымкент университетінен басқа да университеттерге оқуымызды ауыстыра аламыз ба?
- Сәлеметсіз бе, иә!  Оқу орнын ауыстыру бірінші семестрді аяқтағаннан кейін жүзеге асырылады. ЖОО-да бір нысаннан екіншісіне ауыстыру білім беру ұйымы басшысының бұйрығымен жүргізіледі (басшының атына өтініш қажет).

 - Сәлеметсіз бе! Осы оқу орнын бітіргеннен соң, қаншалықты деңгейде жұмыспен қамтамасыз ете аласыздар?
- Сәлеметсіз бе! Түлектердің жұмысқа орналасу деңгейін арттыру және білікті мамандарға тапсырыстарды қанағаттандыру мақсатында жыл сайын "Бос жұмыс орындар жәрмеңкесі" өткізіледі, оған ауданның білім бөліміне қарасты мектептер мен мемлекеттік мекемелердің басшылары қатысады. "Дипломмен ауылға", "Жастар тәжірибесі", "Жұмыспен қамту 2020 жол картасы" мемлекеттік бағдарламалары жүзеге асырылады. Осыған орай, айта кетерлігі жұмыссыз жүрген азаматтардың жұмыспен қамту бағдарламасы сияқты мемлекет қолдау білдіріп отырған аталмыш шараларға қатысып, жұмыс табуына мол мүмкіндіктері бар.

Ректор мырза, сәлеметсіз бе! Белгілі себептерге байланысты оқуын тастап кеткен студенттер, біршама уақыттан соң оқуды әрі қарай жалғастыра ала ма?

Сәлеметсіз бе, иә, жалғастыра алады.

    Оқудан шығарылған студенттерді қайта қабылдау үшін мына құжаттар қажет:

  1. Жеке куәлік/ Удостоверение личности;
  2. Транскрипт немесе академиялық анықтама /Транскрипт или академическая справка;
  3. Алдыңғы білім деңгейінің аяқталғаны туралы құжат/Документ о завершении предыдущего уровня образования
  4. Оқуға қабылданған, курстан курсқа өткен, оқудан шығарылған бұйрықтар көшірмелері/ Выписка из приказов о зачислении, перевода с курса на курс и об отчислении;
  5. Оқуға түсу емтихандары бойынша құжаттар (ҰБТ / ТКТ сертификаты, түсу емтихандарының тізімінен көшірме және т.б.)/Документы о вступительных испытаниях (сертификат ЕНТ/КТА, выписка из ведомости вступительных экзаменов и др.).

Қайырлы күн, ректор мырза! Студенттерді қай күндері, қай уақытта қабылдайсыз?
- Сәлеметсіз бе! Әр аптаның бейсенбі күні сағат 14:00-ден – 16:00-дейінгі аралықта қабылдаймын.

----------
Сұрақ:  Сәлеметсіз бе! Мен Химия білім беру бағдарламасының студенттімін. Биыл бакалаврді тамамдап магистратураға түссем деймін, магистратура туралы білгім келеді! Магистратураға қойылатын талаптар қандай?

Жауап: Сәлеметсіз бе, UNIVERSHU.KZ сайтында «Магистр» бөлімінде магистратураға түсу үшін барлық қажетті талаптар белгіленген. Сонымен қатар құжаттарды қабылдау ережелерін немесе жиі қойылатын сұрақтарға  парақшамызда толықтай мәліметтер берілген.

----------
Сұрақ: 
 Қайырлы күн! Сіздің университетте академиялық ұтқырлық бар ма?

Жауап: Қайырлы күн! Әрине, бар. Университет әрдайым тәжірибе алмасу үшін өзіміздің  студенттерді басқа қалаларға жібереміз. Кеңес алу үшін тіркеу бөліміне хабарласыңыз.

----------
Сұрақ: 
 Сәлеметсіз бе,  мен 2 курс студентімін, сұрайын дегенім,  2 курс бітірген соң мамандық ауыстыруға болама?

Жауап: Сәлеметсіз бе! Иә болады, егер пән айырмашылығының ауысу ережесіне сәйкес болған жағдайда.

----------
Сұрақ: 
 Сәлеметсіздер ме! Мен 2 курс студенті өз құжаттарымды  алайын дегенмін, алайда оқу ақысын төлей алмадым. Құжаттарымды ала аламын ба?

Жауап:  Иә, құжаттарыңызды қайтарып ала аласыз. Алайда, транскрипт, академиялық анықтама немесе т.б білім туралы құжаттарыңыз оқу төлем ақысы төленбеген жағдайда берілмейді.

----------
Сұрақ: 
  Сәлеметсіз бе! Мен  информатика  мамандығының студентімін, университет студенттерге тегін ағылшын курсын деңгей бойынша өткізе алады ма? Алдағы уақытта курс тегін болса сертификаттарды да деңгей бойынша тегін ала аламыз ба?

Жауап: Сәлеметсіз бе! Студенттердің талаптарына сай алдағы уақытта қарастыратын боламыз.

----------
Сұрақ: 
 Басқа ЖОО-нан ауысқан  студенттерге  пән айырмашылығын  қай уақытта тапсыруға болады?

Жауап:  Пәннің академиялық айырмашылығын жою үшін студент оқу жоспарындағы пәндерге жазылады, академиялық кезең барысында оқу сабақтарының барлық түрлеріне қатысады, ағымды бақылаудың барлық түрін тапсырады және қорытынды бақылауға рұқсат алады. Егер пәндер айырмашылығы сабақ кестесіне енбеген болса, студент айырмашылықты жазғы семестрде тапсырады. 

----------
Сұрақ: 
 Сәлеметсіздер ме!  Бізге  академиялық демалыс алуға болады ма?  Ол үшін қандай құжаттар керек?
Жауап:  Ережеге сәйкес академиялық демалыс мынадай жағдайларда беріледі:

 1) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметке шақыру қағазы болғанда;
 2) босанғанда, ұл немесе қыз бала асырап алғанда - заңнамада белгіленген жағдайларда ұзақтығы 3 жылға дейін;
 3) амбулаториялық-емханалық ұйым жанындағы дәрігерлік-консультациялық комиссияның (бұдан әрі - ДКК) қорытындысы бойынша сырқатына байланысты ұзақтығы 6 айдан 12 айға дейін;

----------

Сұрақ: Сәлеметсіздерме! Егер мен қандай да бір пәннен қанағатсыз баға алып қалсам не істеуім керек?

Жауап: Иә, егер студент қанағатсыз баға алса немесе бір себептермен емтиханға қатыса алмаса, онда академиялық қайта тапсыру кестесіне сәйкес тапсыруына болады.

----------
Сұрақ:
 Сәлеметсіз бе, мен Қазақстан азаматы емеспін, сіздердің университетте қашықтықтан оқи аламын ба?
Жауап: Иә оқи аласыз, оқуға қабылдау талаптарын орындап, талап етілетін құжаттарды рәсімдеуіңіз  және оқу төлем ақысын университеттің банктегі шотына теңгемен аударуыңыз қажет.

Контакты

Адрес: г. Шымкент,
Каратауский район, Тассайский подрайон,
улица Жибек жолы, земельный участок №6
Индекс: 160031

Тел.: 8(7252) 55-58-61
Почта: shu2050@mail.ru

Полезные ссылки

Схема проезда

© 2001 - 2024 Шымкентский Университет

Информация:

Email: shu2050@mail.ru
Тел: 8 (7252) 55-58-61