Абай Құнанбаевтың 175-жылдығына орай  «Жеке тұлғаның Рухани және этикалық даму мәселелері» атты тақырыпта дөңгелек үстел өткізілді

Абай Құнанбаевтың 175-жылдығына орай «Жеке тұлғаның Рухани және этикалық даму мәселелері» атты тақырыпта дөңгелек үстел өткізілді


Абай Құнанбайұлының 175-жылдығына орай өткізілетін іс-шаралардың медиа жоспарына сәйкес, 25.02.2020 күні сағат 12.00де  Шымкент Университетінің конференция залында «Педагогика» кафедрасы ұйымдастырған «Жеке тұлғаның Рухани және этикалық даму мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелде кафедра профессорлар оқытушылары мен   кафедра студенттері атсалысып қатысты.      Алғы сөзді кафедра меңгерушісі Бектаева Нурила Тұрсыналықызы алып «Жеке тұлғаның Рухани және этикалық даму мәселелері» атты тақырыбында өз пікірін айтты. Кафедра оқытушылары өз пікірлерін әртүрлі тақырыпта айтып өтті. Атап айтар болсақ, магистр оқытушы Байзақова Ұлжан- «Жеке тұлғаның Рухани  мәселелері қазіргі қоғамдағы орны», магистр оқытушы  Белгібаева Гулнур- «Абай Құнанбаев –қазақ  халқының мақтанышы», аға оқытушы Миралиева Сажида- Абай әндерінің тәрбиелік мәні тақырыптарында өз пікірлерін айтып өтті.

Кафедра студенттері «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының студенттері Есболай Арай, Әсембек Алия, «Шет тілі:екі шет тілі» мамандығының студенті Мусаева Муазам ағылшын тілінде Абайдың өлеңдерін жатқа оқып берді. Дөңгелек үстел жоғары деңгейде өтті.

БАҒДАРЛАМАСЫ

 

    1.Алғысөз – ф.ғ.к, доцент Жантасова Злиха Тұрарқызы.

  1. Магистр аға оқытушы, «Педагогика» кафедраның меңгерушісі Бектаева Нурила Тұрсыналықызы- «Жеке тұлғаның Рухани және эстетикалық даму мәселелері» атты тақырыпта баяндама.
  2. Магистр оқытушы Байзақова Ұлжан- «Жеке тұлғаның Рухани мәселелері қазіргі қоғамдағы орны» тақырыпта баяндама.
  3. Магистр оқытушы Белгібаева Гулнур- «Абай Құнанбаев –қазақ халқының мақтанышы»  атты баяндама.

    5. Магистр оқытушы  Қылышбаева Гулмира- «Ұлы халықтың-ұлы Абайы» атты           баяндама.

  1. Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының 2-курс студенті Есболай Арай
  2. Университет кітапханашысы-Бименова Шәмшат Қалыбайқызы.
  3. Аға оқытушы Миралиева Сажида- Абай әндерінің тәрбиелік мәні.
  4. Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының 2-курс студенті Әсембек Алия.
  5. Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының 2-курс студенті Полатова Мадина.

Контакты

Адрес: г. Шымкент,
Каратауский район, Тассайский подрайон,
улица Жибек жолы, земельный участок №6
Индекс: 160031

Тел.: 8(7252) 55-58-61
Почта: shu2050@mail.ru

Полезные ссылки

Схема проезда

© 2001 - 2024 Шымкентский Университет

Информация:

Email: shu2050@mail.ru
Тел: 8 (7252) 55-58-61

Russian English Turkish