Тіркеу-офисі


Университетте бiлiм алушыларды оқу пәндерiне тiркеу, меңгерiлген кредиттердi есепке алу, аралық аттестаттауды өткiзу және бiлiм алушылардың оқу жетiстiктерiнiң бүкiл тарихын жүргiзу үшiн  офис тiркеу бөліміжұмысын атқарады.

      Офис тiркеушi мынадай функцияларды атқарады:

-          бiлiм алушыларды оқу пәндерiне тiркеудi жүргiзедi;

-          академиялық топтар мен лектер құрады;

-          бiлiм алушылардың жеке оқу жоспарларын белгiленген тәртiппен тiркейдi;

-          бiлiм алушыларды аралық және қорытынды аттестаттауды ұйымдастырады және өткiзедi;

-          бiлiм алушылардың академиялық рейтингiн есептеудi жүзеге асырады;

-          оқытудың барлық кезеңi iшiнде және бүкiл оқыту кезеңiнде бiлiм алушылардың игерген кредиттерiн есепке алуды жүргiзедi;

-          бiлiм алушылардың транскриптiн жазып бередi;

-          академиялық ұтқырлықты ұйымдастырады;

-          мәліметтер базасын құрып, жаңартып отырады.

Офис тіркеуші кафедралармен, факультеттермен, оқу процесін ұйымдастыру және мониторинг бөлімімен, барлық бөлімдермен байланыста болып, олардың жұмысын үйлестіріп, жұмыс жасайды.

Офис тіркеуші:

-          оқу пәндеріне тіркелу, қайта тіркелу процесін ұйымдастырады;

-          білім алушылар тізімін жасайды;

-          бағалау саясатын үйлестіреді;

-          білім алушының  жеке оқу жоспарын жасауда эдвайзер арқылы көмек көрсетуді ұйымдастырады және оның орындалуын қадағалайды;

-          білім алушылардың ауысу жөнінде, академиялық демалыс беру жөнінде, қайта оқу, оқудан шығару, қайта қабылдау  туралы бұйрық шығарады;

-          жаңа қабылданған білім алушылардың жеке құжаттарын қалыптастырады;

-          білім алушының жылдық орта балын санау жургізеді GPA;

-          талдау және статистикалық есеп жасайды.

 

 


Контакты

Адрес: г. Шымкент,
Каратауский район, Тассайский подрайон,
улица Жибек жолы, земельный участок №6
Индекс: 160031

Тел.: 8(7252) 55-58-61
Почта: shu2050@mail.ru

Полезные ссылки

Схема проезда

© 2001 - 2024 Шымкентский Университет

Информация:

Email: shu2050@mail.ru
Тел: 8 (7252) 55-58-61