Ректор үндеуі


_dsc8963.jpg

Шымкент университеті ұжымы Елбасы жолдауын
ден қойып тыңдады

 

 Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылдың 05 қазанындағы «ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ ӘЛ-АУҚАТЫНЫҢ ӨСУІ: ТАБЫС ПЕН ТҰРМЫС САПАСЫН АРТТЫРУ» атты халыққа арнаған Жолдауы Шымкент университетінде тыңдалып, университеттің профессор-оқытушылар құрамы және студенттері мен магистранттары арасында кеңінен насихатталуда. 2018-2019 жаңа оқу жылының басында тыңдалған Елбасы Жолдауы қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру аясын қамтыды.

«Біздің стратегиялық мақсатымыз – 2050 жылға қарай әлемдегі озық дамыған 30 елдің қатарына қосылу» - деп түйінді сөзбен бастаған Президент тәуелсіздік жылдарындағы еліміздің  қол жеткізген жетістіктерін атап көрсете отырып, алдағы жаңа міндеттерге жеке-жеке тоқталды.          «Ұстаздар күні» мерекесі қарсаңында халыққа арналған Жолдауында Мемлекет басшысы «Педагог мәртебесіне» ерекше мән берді. Педагог мәртебесі туралы арнайы заң қабылданып, болашақта «ұстаз» деген ұлы есім өз дәрежесінде дәріптелетініне ден қойды. Бала-бақшаларда, мектеп қабырғасында өсіп келе жатқан жас ұрпаққа, сонымен қатар жоғары оқу орындарындағы жасампаз еліміздің жас мамандарына берілетін білім мен тәрбиенің сапасы – жаһандық сын-қатерлерге төзімділік танытып, оны еңсеруге қабілетті болуын қадап айтып өтті. Жоғары оқу орындарында Назарбаев университетінің білім беру жүйесіндегі басты бағыттарын оқу үдерісіне енгізуді тілге тиек етті. Жастарды жұмыспен қамту мәселесі де басты назарға ілінді. Мемлекет басшысының алдымызда келе жатқан 2019 жылды «Жастар жылы» деп атауы Шымкент университеті жастарының патриоттық рухын көтеріп, білім алуға, өз ой-пікірлері мен құнды идеяларын білдіруге деген сенімдерін арттыра түсті.

         Тыңғылықты тыңдаудан кейін білім мен ғылым және тәрбие саласындағы нақты міндеттерге талдау жүргізу жұмыстарын жоспарлай отырып, университет ұжымы келесідей шешімдер қабылдады:

          - Жолдауда айтылғандай жоғары оқу орындарында білім мен тәрбие берудің басты бағыттары университет кеңесінде қаралсын;

- Елбасы Жолдауын насихаттау университеттегі тәрбие жұмыстарын ұйымдастыруда басшылыққа алынсын;

- Жолдау талаптарын насихаттау жұмысы талапкерлерге кәсіби-бағдар беру кезінде де жүзеге асырылсын.

Шымкент университеті ұжымы Елбасы Жолдауындағы нақты міндеттерді Шымкент қалалық әкімдігімен, Нұр-Отан партиясы Шымкент қалалық филиалы басшылығымен, қалалық «Рухани жаңғыру» орталығымен бірлесе отырып, жүйелі түрде жүзеге асырады.

img-20181006-wa0015.jpg
img-20181006-wa0014.jpg
img-20181006-wa0015.jpg
Құрметті Шымкент университетінің профессор-оқытушылар құрамы,
студент жастар!
Сіздерді жаңа оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықтаймын!
Еліміз қарқынды дамып, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың стратегиясын жемісті жүзеге асырып келеді. Қазақстан ғылым мен техниканың түрлі салаларында жоғары жетістіктерге жетіп, ТМД елдерінің арасында жарқын бастамалардың көшбасшысы болып отыр. Биыл Тәуелсіздігімізге 25 жыл толып отыр. Осы 25 жылдың ішінде еліміз орасан жетістіктерге қол жеткізді. Еліміздің саяси жүйесі, экономикасы, әлеуметтік саласы түбегейлі, сапалы өзгеріп, әлем алдында зор беделге ие болды.
Қазіргі таңда барлық салада елеулі өзгерістер болып жатыр. Сіздер оның айқын куәсі болып отырсыздар. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы ерекше назар аударған жоғары білім беру саласы да елеулі өзгерістерге ұшырап, бүгінгі таңдағы сұранысқа орай мамандарға жаңа талаптар қойылып отыр. Болашақта Қазақстанның дамыған мемлекеттердің қатарында үздік орындарды иеленуі үшін жоғары білікті маман даярлау қажет. Міне осы бағытта Шымкент университеті де өз үлесін қосып келеді.
Шымкент Университеті Оңтүстік өңірінде 2001 жылы негізі қаланып, студенттерге сапалы білім беріп, жоғары білікті маман даярлауға өзіндік үлес қосып келе жатқан жоғары оқу орны. Басты миссиямыз «Қазақстанның Оңтүстік аймағы үшін білімді, бәсекеге қабілетті және ұлтжанды тәрбиеленген мамандар даярлау»!
Университетте оқытудың күндізгі, кешкі және сырттай оқу түрлері бойынша қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде 24 мамандық бойынша бакалаврлар даярласа, 6 мамандық бойынша ғылыми-педагогикалық және бейіндік бағытында магистрлер даярлайды. Университетте елімізге танымал ғылым докторлары, профессорлар мен  ғылым кандидаттары, доценттер, магистрлер, аға оқытушылар жұмыс істейді. Университетте жастардың шығармашылық қабілетін арттыруға, дамытуға бағытталған «Жастар ұйымы», «Жас Отан Жастар қанаты», «Студенттік өзін-өзі басқару клубы» мен «Әділет» пікір-сайыс клубы, «Жайдарман» көңілді тапқырлар клубы және спорттық, мәдени іс-шаралар үйірмелері жұмыс істейді
Университетіміздің оқытушыларымен бірлесе отырып жастарымыздың бақытты болашағы үшін қызмет етудемін және жастардың қажетті білім алуына, тәжірибе жинақтауына, барлық жағдайдың жасалып отырғандығын айтқым келеді. 
Біз, Сіздерді жоғары білім алуға  шақырамыз және Сіздерді оқу орнымызда көруге қуаныштымыз!
 
Құрметпен,
Ректор, Педагогика ғылымдарының докторы
Сейтқұлов Нұрлыбек Акынұлы!
 

Контакты

Адрес: г. Шымкент,
Каратауский район, Тассайский подрайон,
улица Жибек жолы, земельный участок №6
Индекс: 160031

Тел.: 8(7252) 55-58-61
Почта: shu2050@mail.ru

Полезные ссылки

Схема проезда

© 2001 - 2024 Шымкентский Университет

Информация:

Email: shu2050@mail.ru
Тел: 8 (7252) 55-58-61