ПОҚ жарияланымдары


Шымкент университеті профессор-оқытушылар құрамының ғылыми жарияланымдары

 

Шымкент университеті ғылыми-зерттеу жұмыстарымен үздіксіз айналысып отырады. Университет құрылымында «Ғылым бөлімі» құрылған. Сонымен қатар 3 ғылыми-зерттеу институты, Жас ғалымдар кеңесі, ғылыми үйірмелер жұмыс жасайды.

Университеттің ғылыми тақырыбы 2012 жылы «Қазақстанның әлемдік білім беру кеңістігіне ену жағдайындағы бәсекеге қабілетті жоғары кәсіби мамандарды қалыптастырудың инновациялық технологиялары» деп айқындалып, кафедралардағы тақырыптар осы аталған бағыт бойынша жүргізіліп келеді.

2012 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, «Ғылым туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабына сәйкес университеттің 26 оқытушысы ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет субьектісі ретінде аккредитациядан өтіп, Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ғылыми және ғылыми-техникалық қызметі конкурсына қатысуға құқық беретін куәліктерін, ашқан жаңалықтары үшін патенттер алды.

Университетте Жас ғалымдар Кеңесі құрылған. Жас ғалымдар Кеңесінің жұмысы 7 негізгі бағытты қамтиды. Олар: әлеуметтік, оқу-әдістемелік, ғылыми-зерттеушілік, тәрбиелік, қоғамдық саяси, халықаралық байланыс, білім жетілдіру жұмыстары бойынша жүргізіліп келеді.

2011–2016 жылдар аралығында профессор-оқытушылар құрамы 23 монография, 40 оқу-әдістемелік құрал, 23 оқулық және ғылыми басылымдар мен конференция материалдарында 1400 ге жуық ғылыми мақалалар жариялады.


Контакты

Адрес: г. Шымкент,
Каратауский район, Тассайский подрайон,
улица Жибек жолы, земельный участок №6
Индекс: 160031

Тел.: 8(7252) 55-58-61
Почта: shu2050@mail.ru

Полезные ссылки

Схема проезда

© 2001 - 2024 Шымкентский Университет

Информация:

Email: shu2050@mail.ru
Тел: 8 (7252) 55-58-61