Мамандықтар сипаттама


5В010800 – «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша оқу бағдарламасының жалпы сипаттамасы

Университет 5В010800 - “Дене шынықтыру және спорт” мамандығы бойынша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бұйрығы негізінде білім беру қызметін жүзеге асырады.

Берілетін дәреже: Бакалавриаттың білім беру бағдарламаларын меңгерген және мемлекеттік емтихан тапсырған бітірушілерге (түлектерге) 5В010800 - “Дене шынықтыру және спорт” мамандығы бойынша “Дене шынықтыру және спорт бакалавры” академиялық дәрежесі беріледі:

Оқу деңгейлері (сатылары): бакалавриат Бағдарламаға қабылдау жөніндегі талаптар: Бакалавриаттың білім беру бағдарламаларын меңгеруге тілек білдіруші тұлғалардың білімінің алдыңғы деңгейі – орта білім.Бакалавриатқа азаматтарды қабылдау тәртібі орта мектептен кейінгі білім берудің кәсіби оқу бағдарламаларн жүзеге асыратын білім беру мекемелеріне қабылдаудың Типтік ережелеріне сәйкес анықталады.

Бағдарламалардың білім беру және кәсіби мақсаттары/оқуды одан әрі жалғастыру мүмкіндігі: Отандық және халықаралық еңбек нарығына сай бәсекеге қабілетті педагогикалық мамандарды даярлау. Білім алушыны интелектуалдық тұрғыда дамыту, дене дайындығын жетілдіру, дене шынықтыру және спорт саласы бойынша құзіретті мамандарды тәрбиелеу.

5В011400 - Тарих мамандығы бойынша бітірген түлекке тарих бакалавры академиялық дәрежесі беріледі. Біліктілік және лауазымдар ҚР Білім және ғылым министірлігінің 12.02.2008ж. №61 бұйрығымен бекітілген «Педагог қызметкерлердің және оларға теңестірілген адамдар лауазымдарының типтік біліктілік сипаттамаларына» сәйкес анықталады. Білім бакалаврының кәсіби қызмет саласы білім, мәдениет-ағарту салалары, мемлекеттік басқару, мемлекеттік басқару секторлары болып табылады. Тарих бакалавры оқу-тәрбиелік (педагогикалық), өндірістік-басқару, сарапшы-кеңесшілік, мәдени-ағартушылық кәсіби қызмет түрлерін атқара алады.

Жалпы білім беретін және арнаулы мектептер, лицейлер, гимназиялар, колледждер, оқу құралдарын шығаратын баспалар, білім департаменттері, тарих пәні мұғалімдерінің білімін жетілдіру институттары, бастауыш және орта кәсіптік білім беретін мекемелерде, сонымен қатар  оқу тәрбиелік (педагогикалық), өндірістік басқару, сарапшы-кенесшілік, мәдени –ағартушылық кәсіби қызмет түрлерін орындайды.

Білім беру саласында  сыртқы  байланысты  нығайту  үшін Қырғыстан,  Өзбекстан Республикаларының  жоғары  оқу  орындарымен  ынтымақтастық келісім-шарттары  түзілген.

Жоғары  білім бағдарламасы  меңгергендерге «5В011400 – Тарих » мамандығы бойынша білім бакалавры деген академиялық дәрежесі беріледі.

Тарих мамандығында білім алатын студенттер осы мамандыққа қойылатын талаптарды білуі керек:

- гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар саласының негізгі ілімін;

- табиғат пен қоғам дамуының жалпы және жеке заңдары;

- тарихи оқиғаларды қазіргі заман тұрғысынан талдау;

- мұрағаттық және археологиялық деректерді жүйелеу;

- мәдени-ағарту жұмыстарына кеңес беру;

- жоғары білім бағдарламасын меңгеру;

 

5В011600 - География мамандығы бойынша бітірген түлекке «Білім бакалавры» академиялық дәрежесі беріледі. Біліктілік және лауазымдар ҚР Білім және ғылым министірлігінің 12.02.2008ж. №61 бұйрығымен бекітілген «Педагог қызметкерлердің және оларға теңестірілген адамдар лауазымдарының типтік біліктілік сипаттамаларына» сәйкес анықталады. «География» мамандығы бойынша білім бакалавры білім беру орындарында (меншік түріне қарамастан жалпы орта білім беретін мектептерде, лицей гимназия, колледжде география пәнінің мұғалімі), басқару органдарында (білім беру бөлімдері, әкімшіліктер, жер ресурстары мен табиғат қорғау және экология ұйымдары), ғылым мекемелерінде (ғылыми-зерттеу және конструкторлық-жобалау ұйымдарында мына бағдарлар бойынша: география, геология, экология, картография, гидрология, сейсмология, топырақ географиясы және т.б.) қызмет атқара алады.   

География мамандығындағы өтілетін теориялық сабақтарды практикада ұштастыру мақсатында, іс- тәжірибелердің барлығы таулы аймақтарда жүргізіледі. 2002 жылдан бастап 5В011600-«География» мамандығы бойынша бакалаврлар дайындайды.

 

5В050100 – Әлеуметтану мамандығы бойынша бітірген түлекке «Әлеуметтану» бакалавры академиялық дәрежесі беріледі. 5В050100 – Әлеуметтану мамандығын бітірушінің мамандығы мен қызметі Еңбек және әлеуметтік қорғау Министрлігінің 22.01.2002. ж №273 – П бұйрығымен бекітілген «Басшылардың, мамандардың және басқа да қызметкерлердің қызметтерінің мамандық анықтамасына» сәйкес анықталады. Әлеуметтану мамандығын бітірген түлектер ғылыми-зерттеушілік, кеңес берушілік, білім беру (педагогикалық), ұйымдастыру-басқару, қызметтерін атқара алады.

Әлеуметтану мамандығы бойынша бакалаврдың қызметі социумның өзекті мәселелерін зерттеуге, қоғамның дамуын әлеуметтанушылық тұрғыдан көруге, әлеуметтік жүйелерді ,процестер мен құбылыстарды, әлеуметтану бойынша орта арнаулы оқу орнындарында білім жоспарлары мен оқу бағдарламаларын жүзеге асыру жобаларының негізінде басқару органдарын мемлекеттік басқару, қоғамдық ұйымдар, коммерциялық құрылымдар жүйесінде социумның аталған қызметтерін жүзеге асыруға бағытталады.

-                     зерттеу әлеуметтанулық орталықтарда - әлеуметтанушы қызметіне;

-                     мемлекеттік құрылымдарда социолог-сарапшы қызметіне;

-                     орта оқу орындарында қоғамдық және әлеуметтік пәндердің оқытушысы;

-                     ғылым академиясы бөлімдерінде, ғылыми-зерттеу орталықтарында социолог-зерттеуші;

-                     әлеуметтік қорғау және еңбек департаментінде маман;

-                     әкімшіліктің әлеуметтік бөлімдерінде маман, басшы;

-                     білім мекемелерінде басшы;

-                     ірі фирмалардың социолог-кеңесшісі;

-                     өндірістік, жеке және консалтингтік кампанияларда маркетолог;

-                     қосымша арнаулы білім алуда өндірістік ұйымдардың менеджерлері;

-                     демография және миграция бөлімдерінде демограф;

-                     Үкіметтік емес әлеуметтік-бағытталған ұйымдарда әлеуметтік қызметкер;

-                     еңбек пен әлеуметтік қорғау Министрлігі департаменттерінде, әкімгершілікте әлеуметтік қызметкер;

-                     әлеуметтанулық қызметтің басшысы;

-                     сайлау кампаниялары мен сайлау технологиялары орталықтарындағы қызметке;

-                     Public Relations сферасындаєы іс-әрекетке. 

 
 

Контакты

Адрес: г. Шымкент,
Каратауский район, Тассайский подрайон,
улица Жибек жолы, земельный участок №6
Индекс: 160031

Тел.: 8(7252) 55-58-61
Почта: shu2050@mail.ru

Полезные ссылки

Схема проезда

© 2001 - 2024 Шымкентский Университет

Информация:

Email: shu2050@mail.ru
Тел: 8 (7252) 55-58-61