Оқу-әдістемелік жұмыстар

Оқу-әдістемелік жұмыстар


Оқу-әдістемелік жұмыс: білім беру үдерісін оқытушылық, тәрбиелік  және дамытушылық мақсаттарға жеткізу үшін психологиялық-педагогикалық, дидактикалық-әдістемелік  және оқу-материалдық объектілермен қамтамасыз ету бойынша білім беру ұйымының қызметі.

       Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары талаптарын ескере отырып білім беру бағдарламалары мен оқу жұмыс жоспарларының сараптауын ұйымдастыру; Жекелеген пәндер бойынша жұмыс оқу бағдарламаларын талқылау; оқу үдерісін оқу-әдістемелік қамтамасыз ету мәселелерін қарастыру; факультеттердің әдістемелік жұмыс жоспарларын қарау және келісу; жетілдіру жұмыстарын жүргізу; оқулықтарды, оқу құралдарын, оқу-әдістемелік құралдарды, электрондық оқу құралдарын және дидактикалық материалдарын дайындауды ұйымдастыру; Әдістемелік қамтамасыз ету мәселелеріне қатысты нормативтік-құқықтық құжаттар жобасын жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу; оқу-тәрбие үдерісін жетілдіруге және оқытушыларға тәжірибелік көмек көрсетуге бағытталған әдістемелік жұмыстардың әртүрлі формаларын енгізу мәселелерін қарастыру; білім алушыларды оқу-әдістемелік материалдармен қамтамасыз ету үшін білім беру ұйымдарында қашықтықтан білім беру технологиясын пайдалану арқылы іске асырылатын барлық оқу жоспарларының пәндері бойынша электрондық оқу-әдістемелік кешендердің жасалынуын ұйымдастыру; кәсіптік практикалардың барлық түрлерінің бағдарламалары, сондай-ақ дипломдық жұмыстарды (жобаларды) жазу бойынша әдістемелік нұсқаулық әзірлеу; білім алушылардың оқу материалын меңгеруін арттыратын заманауи білім  технологиялары мен оқыту әдістерін әзірлеу; ізденіске, талдауға және қызмет нәтижелерін қалыптастыруға қабілеттілігін дамы­ту­ға  бағытталған студенттердің өзіндік жұмысын оқу-әдістемелік қамтамасыз ету; оқу-әдістемелік жұмыстарды жетілдіру бойынша семинарлар, конференциялар, кеңестер ұйымдастыру және өткізу; студенттердің, магистранттардың, докторанттардың ғылыми-әдістемелік жұмысының мазмұны мен нысандарын ұйымдастыру, үйлестіру, талдау жатады.

Image
Шымкент университетінің 2021-2022 оқу жылындағы
Оқу-әдістемелік кеңесінің
ЖҰМЫС ТОПТАРЫ



Жұмыс тобы

Қаралатын сұрақтар

Мүшелері

1.        Оқу бағдарламалары-ның сапасы

- ұқсас мамандықтар бойынша білім беру бағдарламасына сұраныстар енгізу;

- жұмыс оқу бағдарламалары мен жұмыс оқу жоспарларын дайындау;

-мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарды есепке ала отырып, жұмыс оқу бағдарламаларына және жұмыс оқу жоспарларына талдау жасау;

Сабдалина А.Қ.

Ториева А.Ш.

Сергазиева М.Р.

Тавбаева Д.

2.        Оқыту және бағалау әдістемесі

-білімді ақпараттандыру және озық педагогикалық тәжірибені тарату шараларын ұйымдастыру;

-ғылыми және оқу-әдістемелік жұмыстардың  білім алушылардың сабақ үлгеріміне әсерін талдау жасау;

-білім алушылардың өзіндік жұмыстарын әдістемелік қамту;

- білім алушылардың білім жетістіктерінің деңгейі мен сабақтің сапасын талдау;

-ғылыми және оқу-әдістемелік жұмыстарды жетілдіру бойынша ғылыми, ғылыми-әдістемелік  семинарлар, вебинарлар, конференциялар, жиналыстар өткізу;

-білім алушылардың оқу-әдістемелік, ғылыми-әдістемелік жұмыстарының формасы мен құрылымын үйлестіру және талдау ұйымдастыру;

 

Куланова С.Ш.

Менликулова А.Б.

Жумадулаева А.И.

Белгибаева Г.

 

3.        Оқу-әдістемелік  құралдарды жасақтау

-оқу үрдісінің оқу әдебиеті, ғылыми, оқу-әдістемелік құралдармен қамтамасыз етілуіне талдау жүргізу;

-оқытудың жаңа технологиялары, оның ішінде кредиттік және қашықтықтан оқыту білім технологияларын енгізудің құжаттарын жасақтау;

-оқытудың дидактикалық-оқу-әдістемелік құжаттарын жасақтау;

-оқулықтар, оқу-әдістемелік құралдар, диссертациялар, монографиялар, ғылыми мақалалар,жобаларды талдау;

Дюсенова Р.Б.

Султанбаева Г.К.

Алпеисова Н.А .

Жантасова З.Т.

 

4.        Ғылым және білім интеграциясы

-ғылыми жобалар, ғылыми-әдістемелік дайындалымдардың байқауларға қатысу, олардың нәтижелерін өндірісте, оқу үдерісінде қолдану;

-жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру классификаторының құқықтық нормативтік құжаттарын жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу;

-ақпараттық-кітапханалық жүйені ақпараттық, дидактикалық материалдармен қамту

Ескендиров Ш.З.

Шингисбаев Б.М.

Абдиханова А.Ж.

Қожабергенова Н.

 

5.        Білім алушылардың контингентін қалыптастыру

-дайындығы, мүмкіндігі, бейіні бойынша білім алушылардың контингентін қалыптастырудың жыл сайынғы тәсілін қалыптастыру;

- елдегі, аймақтағы демографиялық, экономикалық, салалық жағдайды есепке ала отырып, оқу үрдісін перспективалық жобалауды ұйымдастыру,

-мамандарға сұраныстың болжам мәліметіне сәйкес қолда бар және болашақта дайындау бағыттарына маркетингтік зерттеулер ұйымдастыру

Керимбекова А.А.

Бижан Н.

Конарбаев Ж.У.

Кобеева З.

 



Оқу-әдістемелік кеңестің 28.12.2021ж. күнгі №3 отырысында хаттамалық шешімімен өзгеріс енгізілді. 


Контакты

Адрес: г. Шымкент,
Каратауский район, Тассайский подрайон,
улица Жибек жолы, земельный участок №6
Индекс: 160031

Тел.: 8(7252) 55-58-61
Почта: shu2050@mail.ru

Полезные ссылки

Схема проезда

© 2001 - 2024 Шымкентский Университет

Информация:

Email: shu2050@mail.ru
Тел: 8 (7252) 55-58-61