«ҮЗДІК ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТКЕР – 2026» КОНКУРСЫ
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі ғылым мен техниканың дамуына үлес қосқан ғалымдарды қолдау мақсатында жыл сайынғы «Үздік ғылыми қызметкер» сыйлығына конкурс жариялайды.
Конкурсқа ғылыми ұйымдар мен жоғары оқу орындарының ғылыми қызметкерлері қатыса алады. Үміткерлердің ғылыми жарияланымдары, жобалары және зерттеу нәтижелері бағаланады.
Өтінім қабылдау мерзімі: 5–24 қараша 2026 жыл.
Өтінімдер бірыңғай электрондық жүйе арқылы қабылданады.
Ресми портал: scicontest2026.kz
Шымкент университетінің ғалымдары мен ғылыми қызметкерлерін конкурсқа белсенді қатысуға шақырамыз!