Персоналды басқару департаменті


Қоршабаева
Майра Бестанқызы

Персоналды басқару департаментінің басшысы

Телефон: 8 701 565 33 95

Персоналды басқару департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес және Университеттің жарғысы мен ішкі еңбек тәртібін сақтай отырып, университеттің барлық құрылымдық бөлімшелерінің кадр және өндірістік мәселелері бойынша іс жүргізуді жүзеге асыруға бағытталған.

Бөлім өз құзыреті шеңберінде университеттің барлық құрылымдық бөлімшелерімен мынадай мәселелер бойынша бірлесіп жұмыс істейді: жұмыс істейтін қызметкерлерді қадағалау, олардың ішкі кадрлық орналасуы,  университетте жұмыс істейтін кәсіби кадрларды іріктеу, қызметкерлер арасында аттестация және ротация өткізу.           

Негізгі міндеттер:

  • Персоналды басқару саласында Университет жарғысына сәйкес Шымкент университетінің саясатын жүзеге асыру;
  • Университетті жоғары білімі бар сапалы мамандармен және кәсіби-жарамды профессор-оқытушылар құрамымен қамтамасыз ету;
  • Шымкент университетінің профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлерінің жұмыстарын бағалау жүйесін қалыптастыру және дамыту;
  • Университет қызметкерлерінің мансаптық өсуін жүзеге асыру;
  • Адам ресурстарына қажеттілікті болжау және жоспарлау, профессор-оқытушылар құрамы мен университет қызметкерлерінің санын оңтайландыру;
  • Университеттің даму стратегиясын ескере отырып, университетте жұмыс істеп жатқан кадрлық әлеуеттің ағымдағы және келешектегі жұмыс орындарының өсу динамикасы қажеттіліктерін жоспарлау;
  • Жұмысшыларды ұтымды орналастыруды талдау, штаттық құрылымның тиімділігін зерттеу;
  • Кадрлардың мансаптарын жоспарлау және басқару – кадрлық резервті қалыптастыру;
  • Университет қызметкерлері арасында бос лауазымға орналасу үшін ішкі конкурс өткізу саясатын қалыптастыру.
  Нормативті құжаттар:

   «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңы
   «Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының Заңы
   Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі
   Білім беру қызметін лицензиялау үшін  қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестігін растайтын құжаттар тізбесі
   Тиісті үлгіге сәйкес білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік ережелері

Ішкі құжаттар:

 

Шымкент университеті кафедраларға профессор-оқытушылар құрамының бос қызмет орындарына 2024-2025 оқу жылына конкурс жариялайды:

 

1.        1. «ҚҰҚЫҚ ЖӘНЕ ТАРИХ» кафедрасы:

6В04201-«Құқық» білім беру бағдарламасы бойынша

профессор, з.ғ.д.- 1 бірлік

– доцент, з.ғ.к. - 1 бірлік

– аға оқытушы, з.ғ.к. – 3 бірлік

 6В01601 - «Тарих» - білім беру бағдарламасы бойынша

– аға оқытушы, т.ғ.к.- 3 бірлік

6В03101 - «Әлеуметтану» - білім беру бағдарламасы бойынша

– аға оқытушы, соц.ғ.к.- 3 бірлік

 Жалпы білім беру бағдарламасы бойынша

доцент, саясаттану.ғ.к.- 2 бірлік

доцент, филос.ғ.к.- 2 бірлік

 
2. «ФИЛОЛОГИЯ» кафедрасы:

 6В01701 - «Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасы бойынша

доцент, ф.ғ.д.  - 2 бірлік

аға оқытушы, ф.ғ.к.  - 3 бірлік

аға оқытушы, PhD доктор  - 2 бірлік

аға оқытушы, магистр  - 4 бірлік.

 6В01702- «Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасы бойынша

доцент, ф.ғ.д.  - 1 бірлік

аға оқытушы, ф.ғ.к.  – 2 бірлік

аға оқытушы, PhD доктор  - 1 бірлік

аға оқытушы, магистр  - 2 бірлік.

 6В01703 - «Орыс тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасы бойынша

доцент, ф.ғ.д.  - 2 бірлік

аға оқытушы, ф.ғ.к.  - 3 бірлік

аға оқытушы, PhD доктор  - 2 бірлік

аға оқытушы, магистр  - 4 бірлік

 6В01704 - «Шетел тілі: екі шет тілі» білім беру бағдарламасы бойынша

доцент, ф.ғ.д.  - 2 бірлік.

аға оқытушы, ф.ғ.к.  - 3 бірлік

аға оқытушы, PhD доктор  - 2 бірлік

аға оқытушы, магистр  - 4 бірлік

 

3.«ПЕДАГОГИКА» кафедрасы:

 кафедра меңгерушісі, п.ғ.к.  ˗ 1 бірлік

 6В01301- «Бастауышта оқытудың  педагогикасы мен әдістемесі» білім беру бағдарламасы бойынша

 – аға оқытушы, п.ғ.к. - 2 бірлік;

–  оқытушы, магистр - 2 бірлік.

 6В01101 - «Педагогика және психология» білім беру бағдарламасы бойынша

 – аға оқытушы, PhD доктор  - 1 бірлік

–  аға оқытушы, магистр - 3 бірлік.

 6В01402 - «Музыкалық білім» білім беру бағдарламасы бойынша

аға оқытушы - 1 бірлік

 6В01403 - «Бейнелеу өнері және сызу» білім беру бағдарламасы бойынша

аға оқытушы -1 бірлік;

 

4. «БИЗНЕС ЖӘНЕ БАСҚАРУ» кафедрасы:

 кафедра меңгерушісі, э.ғ.к.  ˗ 1 бірлік

 

5.«ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ҒЫЛЫМДАРЫ» кафедрасы:

 6В01503 - «Химия» білім беру бағдарламасы бойынша:

доцент  (эколог), х.ғ.к. - 1 бірлік

аға оқытушы, магистр - 1 бірлік

 6В01504 - «Биология» білім беру бағдарламасы бойынша:

доцент, б.ғ.к - 2 бірлік

аға оқытушы (эколог), б.ғ.к - 1 бірлік

аға оқытушы, магистр  - 2  бірлік

 6В01505 -«География» білім беру бағдарламасы бойынша:

аға оқытушы, г.ғ.к. - 1 бірлік.

 6В05101 - «Биология» білім беру бағдарламасы бойынша:

аға оқытушы, магистр  - 1 бірлік

 
6.«МАТЕМАТИКА ЖӘНЕ ИНФОРМАТИКА» кафедрасы:

 6В01501 - «Математика» білім беру бағдарламасы бойынша

– доцент, ф-м.ғ.к.  - 1 бірлік;

аға оқытушы, магистр  - 3 бірлік

 6В01502 - «Информатика» білім беру бағдарламасы бойынша

аға оқытушы, п.ғ.к.  - 2 бірлік

аға оқытушы, PhD доктор  - 2 бірлік

оқытушы, магистр  - 2 бірлік

 6В06101 - «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» білім беру бағдарламасы бойынша

аға оқытушы, т.ғ.к.  – 2 бірлік.

 – аға оқытушы, PhD доктор  - 2 бірлік

 6В01404 - «Кәсіптік оқыту» білім беру бағдарламасы бойынша

аға оқытушы, п.ғ.к. – 2 бірлік.

оқытушы, магистр  - 2 бірлік

 

7.«ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ» кафедрасы:

 6В01401 - «Дене шынықтыру және спорт» білім беру бағдарламасы бойынша

доцент, п.ғ.д.- 2 бірлік

аға оқытушы, п.ғ.к.- 2 бірлік

аға оқытушы, PhD доктор  - 1 бірлік

аға оқытушы, магистр - 2 бірлік;

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Профессор- оқытушылар құрамына қойылатын талаптар:

     1) ғылыми дәрежесі мен атағының болуы;  және / немесе академиялық магистр дәрежесі және / немесе маман біліктілігінің болуы;

    2) тиісті бейіндер бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар) адамдардың болуы;

    3) ғылыми - білім беру ұйымында жұмыс тәжірибесі; (кемінде 3 жылдан 5 жылға дейін).

    4) оқу-әдістемелік және ғылыми еңбектер;

    5) ғылыми зерттеулерге және/немесе халықаралық жобаларға белсенді қатысу.

 

     Профессор-оқытушылар құрамына қойылатын біліктілік талаптары:

     1) Кафедра меңгерушісі: жоғары білімі, ғылыми дәрежесі және/немесе ғылыми атағы, басшылық лауазымдағы немесе мамандық бойынша жұмыс өтілі кемінде 5 жыл.

    2) Профессор: жоғары білімі, ғылыми дәрежесі және/немесе профессор ғылыми атағы, ғылыми-педагогикалық қызмет өтілі кемінде 5 жыл, оның ішінде доцент лауазымында кемінде 1 жыл.

    3) Доцент: жоғары білімі, ғылым докторы және/немесе кандидаты ғылыми дәрежесі және/немесе ғылыми атағы, ғылыми-педагогикалық қызмет өтілі кемінде 5 жыл, аға оқытушы лауазымында кемінде 1 жыл жұмыс өтілі болуы тиіс.

    4) Аға оқытушы: жоғары білім, ғылыми дәреже және/немесе "PhD философия докторы" академиялық дәрежесі, магистр дәрежесі. Ғылыми-педагогикалық қызмет өтілі кемінде 3 жыл, оның ішінде оқытушылық қызмет өтілі кемінде 1 жыл және/немесе мамандығы бойынша практикалық жұмыс өтілі кемінде 2 жыл.

    5) Оқытушы: жоғары білімі және/немесе магистр дәрежесінің болуы және / немесе маманның біліктілігі.

 

      Конкурсқа қатысушылардан талап етілетін құжаттар тізімі:

  • өтініш
  • жеке куәліктің көшірмесі (2 дана)
  • кадрларды есепке алу бойынша жеке парағы;
  • өмірбаян;
  • жоғары білімі мен академиялық ғылыми жәрежесі туралы дипломдарының ғылыми атағы туралы құжаттардың нотариалды расталған көшірмелері және салыстыру үшін түпнұсқалары;
  • қайта даярлау және біліктілікті арттыру туралы сертификаттардың көшірмесі (болған жағдайда) және салыстыру үшін түпнұсқалары;
  • университеттің бас ғылыми хатшысы және ұйымның мөрімен басылған және расталған соңғы 3 жылдағы ғылыми жұмыстар мен өнертабыстардың тізімі (егер бар болса);
  • медициналық кітапша, флюорография
  • Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша адамның қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама
  • психоневрологиялық ұйымның конкурсқа қатысушының есепте тұрмайтыны туралы анықтамасы;
  • наркологиялық ұйымның конкурсқа қатысушының есепте тұрмайтыны туралы анықтамасы;

 

 Мекен жайы: Шымкент қаласы,                                                 

Қаратау ауданы, Тассай шағын ауд.,

Жібек жолы көшесі  №6

Персоналды басқару департаменті каб. 219                                                                                                    

Байланыс телефоны:8-7252-55-58-61.

E.mail.ru: Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

Сайт: https://univershu.kz/kz/

Мемлекеттік лицензиясы №KZ 421AA00011861


Байланыстар

Мекен-жайы: Шымкент қаласы,
Қаратау ауданы, Тассай шағын ауданы,
Жібек жолы көшесі, жер телімі №6
Индекс:
160031
Тел.: 8(7252) 55-58-61
Пошта: shu2050@mail.ru

Пайдалы сілтемелер

Жол жүру сызбасы

© 2001 - 2024 Шымкент Университеті

Ақпарат:

Email: shu2050@mail.ru
Тел: 8 (7252) 55-58-61