Миссия, көзқарас
УНИВЕРСИТЕТ МИССИЯСЫ: Қазіргі еңбек нарығында бәсекеге қабілетті, озық ойлы, жоғары мәдениетті және толерантты мамандарды даярлау.
МАҚСАТЫ: Шымкент университеті – Болон процесінің қағидаттары негізінде білім беру, ғылыми-зерттеу және тәрбие қызметін тиімді жүзеге асыратын жоғары оқу орны. Шымкент университеті өзін ғылыми зерттеулер мен әзірлемелердің нәтижелерін коммерцияландыруға бағытталған технологиялар мен білім трансферін қамтамасыз ететін ғылыми-білім беру қызметтерінің инновациялық орталығы ретінде көреді.
Университеттің білім беру қызметі озық білім мен жаңа идеяларды қалыптастыруға, жинақтауға, беруге және таратуға бағытталған. Ол үшін қалыптасқан ғылыми-зерттеу институттарының, зертханалардың, оқу процесінің негізі болып табылатын интеграцияланған оқу-ғылыми құрылымдардың әлеуеті пайдаланылады.
Шымкент университеті қоғамның экономикалық, адамгершілік, мәдени құндылықтарын дамыту үшін инновациялық технологияларды, бағдарламалық-әдістемелік және зияткерлік ресурстарды ұсынумен мамандарды даярлау сапасын үйлестіре отырып, экономиканың және әлеуметтік саланың түрлі салалары үшін мамандар даярлауда жетекші позицияларды қамтамасыз етеді. Бұл университетке іргелі университеттік білімі бар еңбек нарығында бәсекеге қабілетті мамандар даярлауда өз артықшылықтарын пайдалануға мүмкіндік береді.