Кафедра туралы
«Филология» кафедрасы 2001 жылдан бері білім беру және ғылыми-зерттеу қызметін жүзеге асырып келеді. Бүгінде кафедра тілдер мен әдебиетті оқыту саласы бойынша бәсекеге қабілетті педагог кадрларды даярлайтын жетекші академиялық құрылымдардың бірі болып табылады.Кафедра бакалавриаттың алты және магистратураның екі білім беру бағдарламасы бойынша мамандар даярлайды.
Бакалавриат:
- 6В01701 – Қазақ тілі мен әдебиеті;
- 6В01705 – Қа зақ тілі мен әдебиеті (IP)
- 6В01702 – Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті;
- 6В01703 – Орыс тілі мен әдебиеті;
- 6B01707 Орыс және орыс емес тілдерде оқытатын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті (IP)
- 6В01704 – Шетел тілі: екі шет тілі.
Магистратура:
- 7М01701 – Қазақ тілі мен әдебиеті;
- 7М01711 – Шетел тілі: екі шет тілі.
Кафедраның білім беру бағдарламалары белгіленген талаптарға сәйкес аккредиттеуден өткен. Олардың мазмұны ғылым мен білім берудің заманауи үрдістеріне, еңбек нарығының сұраныстарына және жұмыс берушілердің ұсыныстарына сәйкес жүйелі түрде жаңартылып отырады.
Кафедрада жоғары білікті профессор-оқытушылар құрамы қызмет етеді. Олардың қатарында 1 ғылым докторы, 3 PhD докторы, 19 ғылым кандидаты, сондай-ақ педагогика және филология ғылымдарының магистрлері бар. Оқытушылар білім беру қызметімен қатар тіл білімі, әдебиеттану, тіл мен әдебиетті оқыту әдістемесі білім беру бағыттарында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізеді.
Кафедраның мақсаты
Тілдер мен әдебиетті оқыту саласында терең кәсіби білімді, педагогикалық шеберлікті және ғылыми-зерттеу дағдыларын меңгерген, заманауи білім беру ортасында нәтижелі қызмет атқара алатын, бәсекеге қабілетті әрі әлеуметтік жауапты мамандар даярлау.
Кафедраның негізгі міндеттері
- білім беру бағдарламаларының мазмұнын ғылымның заманауи жетістіктеріне, кәсіби стандарттарға және еңбек нарығының талаптарына сәйкес жетілдіру;
- білім беру үдерісіне инновациялық педагогикалық технологияларды, цифрлық ресурстарды және ғылыми зерттеу нәтижелерін енгізу;
- білім алушылардың кәсіби, коммуникативтік, цифрлық, зерттеушілік және мәдениетаралық құзыреттерін қалыптастыру;
- академиялық адалдық қағидаттарын, ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды орнықтыру;
- кафедраның ғылыми бағыты бойынша іргелі және қолданбалы зерттеулер жүргізу, олардың нәтижелерін оқу үдерісіне енгізу;
- Қазақстанның және шетелдердің жетекші жоғары оқу орындарымен, ғылыми ұйымдарымен және білім беру орталықтарымен ынтымақтастықты дамыту;
- білім алушылар мен профессор-оқытушылар құрамының академиялық ұтқырлығына және халықаралық білім беру жобаларына қатысуына қолдау көрсету;
- мектептермен, колледждермен, әдістемелік орталықтармен және жұмыс берушілермен кәсіби серіктестікті нығайту;
- педагогикалық практиканың мазмұны мен ұйымдастырылуын жетілдіру;
- профессор-оқытушылар құрамының кәсіби біліктілігін жүйелі түрде арттыру және оқу-әдістемелік қызметін дамыту.
Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз
Филология кафедрасының оқытушылар құрамы

Жолдасбекова Бибігүл Сабырбековна
Педагогика ғылымдарының кандидаты
Педагогика ғылымдарының кандидаты

Керимбаева Сания Есенгельдиевна
Филология ғылымдарының кандидаты
қауымдастырылған профессор
Филология ғылымдарының кандидаты
қауымдастырылған профессор
Байтенова Айгуль Алтынбековна
Аға оқытушы
Аға оқытушы

Нұрлыбаев Нұржан Мәдірайұлы
Филология ғылымдарының кандидаты
Аға оқытушы

Төлегенова Ақмарал Маратқызы
Магистр оқытушы
Магистр оқытушы
Кафедра жаңалықтары
No item found! Please make sure that your Instagram User ID and Access Token is correct









