Тіркеу офисі
Білім алушылардың оқу жетістіктерін тіркеу, академиялық деректерді жүргізу және оқу үдерісінің ашықтығын қамтамасыз ету.
Біздің мақсатымыз
Офис тіркеуші – білім алушының оқу жетістіктерінің бүкіл тарихын тіркеумен айналысатын және кредиттік оқыту технологиясы жағдайында білімді бақылаудың барлық түрлерін ұйымдастыруды және оның академиялық рейтингін есептеуді қамтамасыз ететін бөлімше.
Тіркеу офисінің негізгі міндеттері
Қойылған мақсатты іске асыру үшін тіркеуші офисі мынадай функцияларды орындайды:
Оқу жетістіктерін тіркеу
Барлық оқу кезеңі ішінде білім алушылардың оқу жетістіктерінің есебін жүргізу және білім алушылардың транскриптін қалыптастыру.
Оқу пәндеріне тіркеу
Білім алушыларды оқу пәндеріне тіркеуді жүргізу.
Кеңес беру
Білім алушыларға оқу пәндеріне тіркелу мәселелері бойынша кеңес беру.
Жеке оқу жоспары
Білім алушылардың жеке оқу жоспарларын белгіленген тәртіппен тіркеу.
Академиялық ұтқырлық
Академиялық ұтқырлыққа ақпараттық қолдау көрсету.
Кредиттердің есебі
Оқудың барлық кезеңінде білім алушылардың игерілген кредиттерінің есебін жүргізу.
Кредиттерді қайта есептеу
Кредиттерді қайта есептеуді жүзеге асыру және академиялық айырмашылықты анықтау.
Академиялық рейтинг
Білім алушылардың академиялық рейтингін есептеуді жүзеге асыру.
Аттестаттау және жазғы семестр
Деканаттармен және академиялық мәселелер жөніндегі департаментпен бірлесіп білім алушыларды аралық және қорытынды аттестаттауды ұйымдастыру және өткізу, сондай-ақ жазғы семестрді ұйымдастыру.
Академиялық топтар
Деканаттармен және академиялық мәселелер жөніндегі департаментпен бірлесіп академиялық топтар мен ағымдарды қалыптастыру.
Академиялық талдау
Сессиялардың, қорытынды аттестациялардың академиялық көрсеткіштеріне талдау жүргізу.
Бұйрықтар жобалары
Контингент қозғалысы бойынша бұйрықтардың жобаларын қалыптастыру.
Статистикалық есептілік
Статистикалық есептілікті қалыптастыру.
Нормативтік құжаттар
Білім беру қызметін реттейтін заңнамалық актілер мен университеттің ішкі нормативтік құжаттары
Нормативтік құқықтық актілер
Қазақстан Республикасының заңнамасы
Ішкі нормативтік құжаттар
Тіркеу офисінің жұмысын реттейтін құжаттар