Білім бағдарламаларының академиялық сапасын қамтамасыз ету департаменті
Білім бағдарламасының академиялық
сапаны қамтамасыз ету департаменті
Директоры
Кобланова Онгаркуль Нурмухамедовна
х.ғ.к., доцент
Телефон: +7 778 058 97 77
E-mail: Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.
Білім бағдарламасының академиялық сапаны қамтамасыз ету департаментінің негізгі міндеттері:
- университетте ББ-нің іске асырылуына мониторинг жасау;
- білім беру бағдарламаларын қалыптастыру және бекіту бойынша ішкі нормативтік құжаттаманы әзірлеу;
- университеттің білім беру бағдарламаларын жүзеге асырғанда білім беру қызметін жүргізу құқығын беретін мемлекеттік лицензияға, ҚР МЖМБС және университет ректоры бекіткен ішкі құжаттарға сәйкес оқу-әдістемелік жұмысты жоспарлау және үйлестіру;
- білім беру бағдарламаларын әзірлеу кезінде кафедраларға кәсіптік стандарттарға және жұмыс берушілердің ұсыныстарына сәйкес әдістемелік көмек көрсету, семинарлар, конференциялар ұйымдастыру;
- білім беру саласындағы уәкілетті органның білім беру бағдарламаларының тізіліміне енгізілген, МЖМБС және ұлттық біліктілік шеңбері мен білім беру саласындағы салалық біліктілік шеңберін ескере отырып әзірленген білім беру бағдарламаларының сәйкестігін бақылауды жүзеге асыру;
- ҚР БҒМ ББ іске асыру бойынша ақпараттық-есептік ақпаратты ұсыну;
- оқу процесін жоспарлау сапасына және нормативтік талаптарға сәйкестігіне талдау жүргізу;
- оқу процесін жетілдіру және білім беру қызметінің сапасын арттыру;
- кадрларды даярлау бағыттары бойынша академиялық кеңестердің қызметін ұйымдастыруға әдістемелік көмек көрсету.
Нормативтік құқықтық актілер
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319 Заңы.
( өзгерістер мен толықтырулар ҚР 21.05.2024 № 86-VIII бұйрығы)
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің м.а. 2022 жылғы 15 желтоқсандағы № 500 бұйрығы.
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 5 қаңтардағы № 4 бұйрығы.
- Білім беру ұйымдарына қашықтықтан оқытуды ұсыну жөніндегі талаптарды және қашықтықтан оқыту бойынша және жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша онлайн-оқыту нысанында оқу процесін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 137 бұйрығы. ( өзгерістер мен толықтырулар 21.05.2024 № 241 бұйрығы)