Мұрағат
Жетписбаева Назгуль Абдыхановна
Мұрағат меңгерушісі
Телефон: +7 771 314 07 64
Мұрағаттың мақсаттары мен міндеттері:
Мұрағат қызметінің мақсаты практикалық және ғылыми маңызы бар университет қызметі процесінде қалыптасқан құжаттарды сақтауды, есепке алуды қамтамасыз ету процесіне әдістемелік басшылық ету болып табылады
Мұрағаттың негізгі міндеттері:
- университет мұрағатын университет қызметінің нәтижесінде пайда болатын құжаттармен жинақтау;
-университеттің ведомстволық мұрағатында уақытша сақталатын құжаттарды есепке алу, сақтауды қамтамасыз ету, ғылыми-анықтамалық аппарат құру, пайдалану;
- Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағат қорының құрамына жатқызылған құжаттарды белгіленген талаптарды сақтай отырып, тиісті мемлекеттік мұрағатқа мемлекеттік сақтауға дайындау және уақтылы беру;
- университеттің іс қағаздарын жүргізуде істердің қалыптасуы мен ресімделуіне бақылауды жүзеге асыру;
- білім туралы берілген құжаттар бойынша ақпараттық жүйенің жұмыс істеуін қамтамасыз етеді және білім туралы, оның ішінде бұрын берілген құжаттардың электрондық базасын (мұрағатын) құрады
Нормативтік құқықтық актілер
Білім туралы
Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы
"Тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 595 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесін бекіту туралы
Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы
Ішкі нормативті құжаттар
Архив туралы ереже