Қаржы-экономикалық департаменті


Керимбекова

Ақерке Аділқызы                                            

Департамент директоры,  бас есепші

Ұялы байланыс:8 747 401 72 82

Email:Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

Қаржы-экономикалық департаментінің негізгі функциялары:

  • есепке алу-есептеу жұмыстарын барынша орталықтандыру және заманауи техникалық құралдар мен ақпараттық технологияларды қолдану негізінде университетте және оның бөлімшелерінде бухгалтерлік есеп пен есептілікті ұйымдастыру;
  • бастапқы құжаттар негізінде дұрыс бухгалтерлік есептілікті жасау және оны белгіленген мерзімде ҚР Білім және ғылым министрлігіне ұсыну;
  • университет қызметінің құрылымы мен ерекшеліктерін және оның қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету қажеттілігін негізге ала отырып, бухгалтерлік есеп туралы заңнамаға сәйкес есеп саясатын қалыптастыру;
  • үлгілік Нысандар көзделмеген шаруашылық операцияларды ресімдеу үшін қолданылатын шоттардың жұмыс жоспарын, бастапқы есепке алу құжаттарының нысандарын дайындау және қабылдау жөніндегі жұмыс;
  • қаржылық және кассалық тәртіпті сақтау, бухгалтерлік есеп шоттарынан кемшіліктерді, дебиторлық берешекті және басқа да шығындарды есептен шығарудың заңдылығы, бухгалтерлік құжаттардың сақталуы;
  • экономикалық сыныптаманың баптары бөлінісінде университеттің Қаржы-шаруашылық қызметінің жоспарын орындау;
  • жылдық, тоқсандық бухгалтерлік есептілікті және қаражаттың кірістері мен шығыстары туралы жедел жиынтық есептерді, басқа бухгалтерлік және статистикалық есептілікті жасау, оларды белгіленген тәртіппен тиісті органдарға ұсыну;
  • еңбекақы төлеу қорының жұмсалуын бақылауды жүзеге асыру;
  • университет қызметкерлерінің жалақысы мен стипендияларын есептеу мен төлеуді жүзеге асыру;
  • университеттің Қаржы-шаруашылық қызметі жөніндегі жоспарына сәйкес шығыстардың нысаналы баптарын есепке алу;
  • университеттің ғылыми-зерттеу қызметінен және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарынан түсетін кірістер мен шығыстарды және университеттің Қаржы-шаруашылық қызметі жөніндегі жоспарына сәйкес шығыстардың нысаналы баптарын есепке алу;
  • түгендеу жүргізу тәртібін қамтамасыз ету;
  • негізгі құралдар мен материалдық активтерді есептен шығаруды ұйымдастыру;
  • бастапқы құжаттар негізінде дұрыс салық есептілігін жасау және оны белгіленген мерзімде ұсыну;
  • салық тіркелімдерін жасау және салыстыру.

 

Қаржы-шаруашылық қызметі туралы есеп бөлімі


Байланыстар

Мекен-жайы: Шымкент қаласы,
Қаратау ауданы, Тассай шағын ауданы,
Жібек жолы көшесі, жер телімі №6
Индекс:
160031
Тел.: 8(7252) 55-58-61
Пошта: shu2050@mail.ru

Пайдалы сілтемелер

Жол жүру сызбасы

© 2001 - 2024 Шымкент Университеті

Ақпарат:

Email: shu2050@mail.ru
Тел: 8 (7252) 55-58-61