Студенттік үй

                                                                      Студенттер үйі
Университет студенттері үшін 210 орындық Студенттік үйде (жатақханада) тұру мүмкіндігі беріледі. Жатақхана ас үйлермен, себезгі бөлмелерімен, кір жуатын бөлмелермен жабдықталған, сабаққа дайындалу үшін оқу бөлмесі бар, WiFi қолжетімді.

Соңғы оқу жылы аясында студенттерді жатақханамен қамтамасыз ету мақсатында келісімшарт негізінде бірқатар тұрғын орындар ұсынылды.

Атап айтқанда, Сайрам шағын ауданындағы жатақхана бойынша келісімшартқа сәйкес жалпы 200 орын қарастырылған.

Сондай-ақ, «Тұран» жатақханасында келісімшарт негізінде 150 орын бөлінген.

Университет тарапынан студенттерді қолжетімді тұрғын орындармен қамтамасыз ету жұмыстары жүйелі түрде жалғасуда.


Жалпы ережелер

  1. Осы Ереже "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы , Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласында көрсетілетін мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы» 2015 жылғы 10-сәуірдегі №189 бұйрығына, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы “Білім беру ұйымдарының студенттер үйіларындағы орындарды бөлу қағидаларын бекіту туралы” № 66 бұйрығына сәйкес әзірленген.Қазақстан Республикасының заңнамаларының негізінде Шымкент университетінің (ары қарай - ШУ) күндізгі оқу түрінде оқитын білім алушыларына,  Студенттер үйінен  орын бөлінеді.
  2. Студенттер үйі орындарын конкурстық негізде, арнайы құрылған комиссия бөледі.
  3. Студенттер үйі орындарын бөлу жөніндегі конкурстық комиссияның сандық және жеке құрамын, сондай-ақ оның өкілеттік мерзімдерін университет ректоры айқындайды.
  4. Әлеуметтік және тәрбие істері жөніндегі проректор конкурстық комиссияның төрағасы болып тағайындалады.

Байланыстар

Мекен-жайы: Шымкент қаласы,
Қаратау ауданы, Тассай шағын ауданы,
Жібек жолы көшесі, жер телімі №6
Индекс:
160031
Тел.: 8(7252) 55-58-61
Пошта: shu2050@mail.ru

Пайдалы сілтемелер

Жол жүру сызбасы