Ғылым департаменті


Image

Департамент директоры

Ахынова Улбике  Саулебековна
E-mail: Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

Департамент қызметінің мақсаты: университеттің ғылыми-зерттеу қызметін үйлестіру және ұйымдастыру; профессор-оқытушылар құрамы мен білім алушыларды ғылыми жұмысқа және білім берудің жүйелі интеграциясына тарту; ғылыми белсенділіктің өсуін қамтамасыз ету.

 Ғылым және халықаралық ынтымақтастық департаментінің негізгі міндеттері:

  • жүргізілетін ғылыми зерттеулердің сапасы мен өзектілігін арттыру;
  • білім беру процесіне ғылыми зерттеулердің нәтижелерін енгізу;
  • импакт-фактор көрсеткішімен рейтингтік ғылыми журналдарда университеттің профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлерінің жарияланымдық белсенділігін арттыру;
  • құрылымдық бөлімшелерді, ҒЗИ, оқытушылар мен жас ғалымдарды, Университет студенттерін ғылыми-зерттеу бағдарламаларына қатысуға тарту;
  • ғылыми зерттеулер мәселелері бойынша халықаралық және республикалық конференцияларды, симпозиумдарды, көрмелер мен кездесулерді ұйымдастыру және өткізуге қатысу;
  • халықаралық ұйымдар мен ғылым мен білім беруді қолдау қорларының қызметі арқылы ғылыми-білім беру байланыстарын кеңейту үшін халықаралық бағдарламалар бойынша ақпараттық қамтамасыз ету, ғалымдар мен мамандарды академиялық алмасуларға, тағылымдамалар мен ғылыми іссапарларға тарту, бірлескен зерттеу жобалары мен бағдарламаларын әзірлеу үшін әдістемелік көмек көрсету;
  • Университетте студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру және үйлестіру;
  • ғылыми-зерттеу жобаларына, бағдарламаларына, гранттарына қатысуға конкурстық өтінімдердің құрамына кіретін ресми құжаттаманы ресімдеуге көмек;
  • ғылыми мақалаларға, басқа да ғылыми өнімдерге сараптама жүргізу және өзге де құжаттамаларды ресімдеу.
  • ғылыми-зерттеу және ғылыми-әдістемелік жұмысты орындау бойынша құрылымдық бөлімшелердің қызметін ұйымдастыру;
  • университет қатысатын ғылыми іс-шараларды дайындауға және өткізуге байланысты ұйымдастыру жұмыстарын орындау;
  • университет кафедраларының ғылыми-зерттеу қызметіне студенттердің, магистранттардың және жас ғалымдардың қатысуының жаңа нысандарын әзірлеу және енгізу;
  • университет бөлімшелерінің ғылыми қызметіне талдау жүргізу;
  • ғылыми-зерттеу жобалары мен шаруашылық шарттарының ғылыми жетекшілері мен жауапты орындаушыларының құжаттаманың ағымдағы және есепті нысандарын ресімдеу мәселелері бойынша консультациялары;
  • тәжірибе алмасу және бірлескен ғылыми зерттеулер мен басқа да ғылыми іс-шаралар өткізу мақсатында жоғары оқу орындарының ғылыми бөлімшелерімен және ғылыми-зерттеу институттарымен, шет елдердің басқа да ғылыми ұйымдарымен ынтымақтастықты дамыту.
  • университет оқытушыларын, қызметкерлері мен студенттерін ҚР-да және шетелде өткізілетін ғылыми іс-шаралар туралы ақпаратпен уақтылы қамтамасыз ету.
  • ғылыми-зерттеу қызметі мәселелері бойынша университеттің Ғылыми кеңесінің, кафедралардың, оқытушылардың, магистранттар мен студенттердің бұйрықтарының, өкімдерінің, басшылық шешімдерінің орындалуын бақылау;
  • университеттің ғылыми-зерттеу қызметінің нәтижелері мен өнімдерін, зияткерлік меншік объектілерін есепке алу;
  • университеттің ғылыми-зерттеу қызметінің барлық мәселелері бойынша Департаментке ұсынылатын құжаттаманың ресімделу сапасын бақылау.

Байланыстар

Мекен-жайы: Шымкент қаласы,
Қаратау ауданы, Тассай шағын ауданы,
Жібек жолы көшесі, жер телімі №6
Индекс:
160031
Тел.: 8(7252) 55-58-61
Пошта: shu2050@mail.ru

Пайдалы сілтемелер

Жол жүру сызбасы

© 2001 - 2024 Шымкент Университеті

Ақпарат:

Email: shu2050@mail.ru
Тел: 8 (7252) 55-58-61

English Turkish