Халықаралық ынтымақтастық департаменті


Image

Халықаралық ынтымақтастық департаменті директоры              
Ауелбекова Асель Нурлановна

Телефон: +7 775 353 79 93

E-mail: Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

 Академиялық ұтқырлық

Академиялық ұтқырлық дегеніміз-бірлескен білім беру, зерттеу бағдарламасы шеңберінде, сондай-ақ екіжақты келісімдер негізінде білім алушының немесе қызметкердің белгілі бір кезеңге басқа білім беру немесе ғылыми мекемеге (өз елінде немесе шетелде) ауысуы.

Академиялық ұтқырлықтың басты мақсаты

Академиялық ұтқырлықтың басты мақсаты - халықаралық стандарттарға сәйкес қазақстандық жоғары білімнің сапасын қамтамасыз ету, оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру.

Академиялық ұтқырлық бағдарламасының қандай артықшылықтары бар?

Бұл бағдарлама шетелдік серіктес жоғары оқу орындарында студенттер мен оқытушылардың оқуына және ғылыми іс-шараларын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Академиялық ұтқырлық бағдарламасы шектеулі мерзімге, әдетте семестрге немесе оқу жылына арналған.

Ұтқырлық бағдарламаларына қатысу студенттерге бірқатар перспективалық мүмкіндіктер мен артықшылықтар береді:

     * ғылыми және білім беру саласында баға жетпес халықаралық тәжірибе алуға;
     * кәсіби білім мен практикалық дағдыларды кеңейту;
     * пайдалы тілдік тәжірибеден өту;
     * халықаралық мәдениаралық топта сабақ беру және қарым-қатынас жасау тәжірибесін алу.

 

Академиялық ұтқырлық бағдарламаларына өтінімдерді қабылдау мерзімдері

    * Күзде көктемгі семестрге өтінімдер беріледі.

    * Көктемде күзгі семестрге өтінімдер беріледі.

Өтінімдерді қабылдаудың нақты күндері университет сайтында және әлеуметтік желілерде орналастырылады.

 

 

Сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасы

Қатысу шарттары

Сыртқы ұтқырлық бағдарламасына бакалавриаттың 2-3 курс студенттері және магистратураның 1 курс студенттері қатыса алады. Соңғы курстардың студенттері ұтқырлық бағдарламасына қатыса алмайды, өйткені соңғы курста практикадан өту және дипломдық жұмыс жазу қажет.

Егер студент Шетелдегі серіктес жоғары оқу орындарының бірінде оқуды жоспарласа, онда ол барлық пәндер бойынша жақсы үлгерімге және шет тілін меңгерудің жоғары деңгейіне ие болуы керек.

Қаржыландыру

Университет сыртқы академиялық ұтқырлықты ішінара қаржыландырады. Сонымен қатар, студенттер қосымша қаржыландыру көздерін өз бетінше іздей алады, сонымен қатар серіктес университеттер немесе басқа елдердің білім министрліктері беретін сыртқы гранттарды алу мүмкіндігі бар.

Қайта есептеу, пәндердің айырмашылығы және қашықтықтан оқыту жөнінде кафедра меңгерушісімен анықтауыңыз қажет.

Қатысу үшін құжаттар тізімі:

        * студенттің өтініші;
        * оқу туралы келісім;
        * төлқұжат көшірмесі;
        * ағымдағы транскрипт (университеттің ресми мөрімен куәландырылған);
        * жеке оқу жоспары (ЖОЖ, университеттің ресми мөрімен куәландырылған);
        * сертификат, IELTS, TOEFL, HSK, т.б. (шет тілін білу);
        * ұсыныс хат (магистранттар үшін).

                  Ішкі академиялық ұтқырлық бағдарламасы

Қатысу шарттары:

Ішкі ұтқырлық бағдарламасына бакалавриаттың 2-3 курс студенттері және магистратураның 1 курс студенттері қатыса алады. Соңғы курстардың студенттері ұтқырлық бағдарламасына қатыса алмайды, өйткені соңғы курста практикадан өту және дипломдық жұмыс жазу қажет.

Қаржыландыру

Білім алушыларын тепе-тең негізде жіберетін серіктес жоғары оқу орындарын қоспағанда, оқыту ақылы негізде жүзеге асырылады. Төлем таңдалған семестр бойынша жүргізіледі.

Қайта есептеу, пәндердің айырмашылығы және қашықтықтан оқыту жөнінде кафедра меңгерушісімен анықтауыңыз қажет.

Қатысу үшін құжаттар тізімі:

       * студенттің өтініші;
       * оқу туралы келісім;
       * төлқұжат көшірмесі;
       * ағымдағы транскрипт (университеттің ресми мөрімен куәландырылған);
       * жеке оқу жоспары (ЖОЖ, университеттің ресми мөрімен куәландырылған);
       * ұсыныс хат (магистранттар үшін).

  

                                                                                             Отандық серіктестер тізімі

ЖОО атауы

Қала

1

М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті

Тараз

2

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті

 

Өскемен

3

Ташенов университеті

Шымкент

4

Есенов университеті

 

Ақтау

5

Орталық Азия инновациялық университеті

 

Шымкент

6

Ө.Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті

Шымкент

 

                                                            Академиялық ұтқырлық бойынша кафедра координаторларының тізімі

Кафедра

А.Ж.Ә.

Лауазымы

Е-mail

Телефон

1

Жаратылыстану кафедрасы

Кенесова Акмарал Пердебаевна

Аға оқытушы

Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

 

 

87025012414

2

Математика және информатика кафедрасы

Әбдімәлік Үміт Нұрғисақызы

Оқытушы

Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

87757808709

3

Құқық және тарих кафедрасы

Хавазметова Динара Алишеровна

Оқытушы

Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

87753464240

4

Бизнес және басқару кафедрасы

Әбілқасым Айнур Бугыбайқызы

Э.ғ.к., аға оқытушы

Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

87027104780

5

Филология кафедрасы

Төлегенова Ақмарал Маратқызы

Оқытушы

Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

87477462707

6

Педагогика кафедрасы

Тилекова Ания Жанабаевна

Аға оқытушы

Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

 

87016665913

7

Дене шынықтыру және спорт кафедрасы

Махатбаев Фараби Даулетулы

Аға оқытушы

Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

87053466785

Халықаралық ынтымақтастық департаментінің негізгі міндеттері:

    * шетелдік әріптестермен жұмыс, меморандумдар мен шарттар жасасу, жобалар мен бағдарламаларды келісу
    * халықаралық ынтымақтастықты дамыту жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу;
    * ПОҚ біліктілігін арттыру, бірлескен білім беру оқу-әдістемелік және ғылыми-зерттеу бағдарламалары, шетелдік әріптестермен және өкілдерімен Баспа қызметі және басқа да нысандары саласындағы ынтымақтастықты ұйымдастыру;
    * шетелде тағылымдамадан өту үшін ПОҚ, магистранттар мен студенттерді іріктеуді жүзеге асыру;
    * ғылыми зерттеулер мәселелері бойынша халықаралық конференциялар, симпозиумдар, көрмелер мен кездесулер ұйымдастыру және өткізу;
    * халықаралық бағдарламала бойынша ғылыми - білім беру байланыстарын кеңейту үшін халықаралық ұйымдар мен білім және ғылым қолдау қорларының қызметі арқылы ақпаратпен қамтамасыз ету, ғалымдар мен мамандарды академиялық  алмасуларға, тағылымдамалар мен ғылыми іссапарларға, бірлескен зерттеу жобалары мен бағдарламаларын әзірлеу үшін әдістемелік көмек көрсету;
    * ПОҚ және білім алушылардың сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламаларын іске асыруды қамтамасыз ету;
    * университетте оқуға шетелдік студенттерді, магистранттарды тарту;
    * халықаралық ынтымақтастық мәселелері бойынша ЖОО-ның құрылымдық бөлімшелерінің қызметін үйлестіру, университет қызметін регламенттейтін ережелерді, нормативтік құжаттарды әзірлеу (Департаменттің міндеттеріне сәйкес);
    * университет қызметін перспективалық және ағымдағы жоспарлау (департамент міндеттеріне сәйкес);
    * тәжірибе алмасу және бірлескен ғылыми зерттеулер мен басқа да ғылыми іс-шаралар өткізу мақсатында жоғары оқу орындарының ғылыми бөлімшелерімен және ғылыми-зерттеу институттарымен, шет елдердің басқа да ғылыми ұйымдарымен ынтымақтастықты дамыту.

 

Image

Фехми Тунчел

Стамбул Гелишим университетінің профессоры, докторы

Профессор Фехми Тунчел дене шынықтыру және спорт психологиясы, спорттағы гигиена туралы дәрістер оқыды. Сондай-ақ, іс-сапар барысында волейболдан практикалық сабақтар өткізді.

Image

Семиха Тунчел

Анкара университетінің профессоры, докторы

Профессор Семиха Тунчел іссапар барысында «Дене шынықтыру және спорт саласындағы маркетинг», «Дене шынықтыру және спорт педагогикасы», «Дене шынықтыру және спорт теориясындағы зерттеу әдістері» тақырыптарында дәрістер оқыды.

Image

Сулейман Ефендиоглу

Ататүрк университетінің профессоры, докторы

Профессор Сүлейман Эфендиоглуның дәрістері түркітану мәселелеріне, сондай-ақ қазақ тілі мен әдебиетімен байланысына арналған.

Image

Мутлу Йылмаз

Анкара университетінің Phd,  профессоры

Профессор Мутлу Йылмаз: «Топографиялық карталар бетінде географиялық нысандарды көрсету», «Карта арқылы рельефке бағдарлау. Магматизм. Магмалық жыныстар», «Беткейлер және олардың түрлері. Вулканизм» тақырыптарында дәрістер оқыды.

Image

Халил Ибрагим Булбул

Гази университетінің профессоры, докторы

Профессор Халил Ибрагим Булбулдың дәрістері білім берудегі жасанды интеллектке арналды.

Image

Изабела Новак

Познаньдағы Адам Мицкевич университетінің профессоры

Профессор Изабела Новак «Польшадағы химия ғылымын дамытудың негізгі бағыттары» тақырыбында ашық дәріс өткізді. Ашық дәріске жаратылыстану ғылымдары кафедрасының студенттері мен магистранттары қатысты.

Image

Виолетта Патроняк

Познаньдағы Адам Мицкевич университетінің профессоры

Профессор Виолетта Патрионак Познаньдағы Адам Мицкевич университетінде химия саласын дамыту, қоршаған орта химиясының негіздері және үйлестіру химиясы бойынша білім алушыларға дәрістер оқыды.

Image

Cапарниязова Муяссар Йулдошевна

Альфраганус университетінің профессоры, докторы

Филология ғылымдарының докторы, профессор Сапарниязова Муяссар студенттерге «Сөздікпен жұмыс» пәніне қатысты дәрістер оқыды.

Жураева Назокат Гулмуродовна

Филология ғылымдарының кандидаты, Альфраганус университетінің аға оқытушысы

Филология ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы Жураева Назокат студенттерге «Салыстырмалы грамматика» пәніне қатысты дәрістер оқыды.

Image

Азмиева Эльзара Эрнестовна

Педагогика ғылымдарының кандидаты, Альфраганус университеті доценті

Педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Азмиева Эльзара «Балалар орыс әдебиетін кезеңге бөлу», «XVIII ғасырдың алғашқы балалар кітаптары» және «Балаларға арналған XVII ғасырдың тарихи кітаптары» тақырыптарында дәрістер өткізді.

Image

Рахметов Сабиржон Гафурович

Камолиддин Бехзод атындағы Ұлттық Өнер және дизайн институтының профессоры

Профессор Рахметов Сабиржон Гафурович «Дизайн және технология негіздері», «Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі» тақырыптарында дәрістер оқыды.

Калдибекова Анаргул Сотбаровна

Педагогика ғылымдарының кандидаты, Низами атындағы Ташкент мемлекеттік педагогикалық университетінің профессоры

Педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор Кильдибекова Анаргул Сотбаровна

"Педагогика теориясы" пәніне қатысты студенттерге дәрістер оқыды

Image

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Халықаралық серіктестер

Байланыстар

Мекен-жайы: Шымкент қаласы,
Қаратау ауданы, Тассай шағын ауданы,
Жібек жолы көшесі, жер телімі №6
Индекс:
160031
Тел.: 8(7252) 55-58-61
Пошта: shu2050@mail.ru

Пайдалы сілтемелер

Жол жүру сызбасы

© 2001 - 2024 Шымкент Университеті

Ақпарат:

Email: shu2050@mail.ru
Тел: 8 (7252) 55-58-61