Білім мен әлемді байланыстыра отырып, оқу мен ынтымақтастықтың жаһандық мүмкіндіктерін қалыптастырамыз.

- Халықаралық серіктестер
- Академиялық ұтқырлық
- Халықаралық бағдарламалар
- Қонақ дәрістер
- Тілдік курстар
- Нормативтік құжаттар
- Визалық қолдау
- Байланыс
Шымкент университеті Еуропа, Азия және ТМД елдерінің 30-дан астам жетекші университеттері мен ғылыми орталықтарымен әріптестік орнатып, халықаралық академиялық байланыстарын белсенді түрде дамытып келеді. Біздің серіктестеріміздің қатарында Түркия, Польша, Литва, Әзірбайжан, Өзбекстан, Қырғызстан және басқа да мемлекеттердің беделді оқу орындары бар.
Барлық ынтымақтастық түрлері білім мен ғылым саласындағы жоғары стандарттарды қамтамасыз ететін екіжақты келісімдер негізінде жүзеге асырылады. Осы арқылы Шымкент университетінің студенттері мен оқытушылары әлемдік үздік тәжірибелерге қол жеткізіп, кәсіби мүмкіндіктерін кеңейтіп, университеттің халықаралық беделін нығайтуға үлес қосуда.

30+
Серіктес Университет
50+
Халықаралық студенттер мобильдігі
7+
Әлем елдері
Халықаралық ынтымақтастық бағыттары
30+ серіктес университетпен семестрлік және қысқа мерзімді оқу бағдарламалары
Шетелдік профессорлардың дәрістері мен мастер-кластары
Халықаралық конференциялар
Қос диплом бағдарламалары
Бірлескен ғылыми тағылымдамалар
Серіктес университеттердің 100 % гранттар
Халықаралық серіктестер
Академиялық ұтқырлық
Академиялық ұтқырлық дегеніміз-бірлескен білім беру, зерттеу бағдарламасы шеңберінде, сондай-ақ екіжақты келісімдер негізінде білім алушының немесе қызметкердің белгілі бір кезеңге басқа білім беру немесе ғылыми мекемеге (өз елінде немесе шетелде) ауысуы.
Академиялық ұтқырлықтың басты мақсаты
Академиялық ұтқырлықтың басты мақсаты - халықаралық стандарттарға сәйкес қазақстандық жоғары білімнің сапасын қамтамасыз ету, оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру.
Академиялық ұтқырлық бағдарламасының қандай артықшылықтары бар?
Бұл бағдарлама шетелдік серіктес жоғары оқу орындарында студенттер мен оқытушылардың оқуына және ғылыми іс-шараларын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Академиялық ұтқырлық бағдарламасы шектеулі мерзімге, әдетте семестрге немесе оқу жылына арналған.
Ұтқырлық бағдарламаларына қатысу студенттерге бірқатар перспективалық мүмкіндіктер мен артықшылықтар береді:
* ғылыми және білім беру саласында баға жетпес халықаралық тәжірибе алуға;
* кәсіби білім мен практикалық дағдыларды кеңейту;
* пайдалы тілдік тәжірибеден өту;
* халықаралық мәдениаралық топта сабақ беру және қарым-қатынас жасау тәжірибесін алу.
Академиялық ұтқырлық бағдарламаларына өтінімдерді қабылдау мерзімдері
* Күзде көктемгі семестрге өтінімдер беріледі.
* Көктемде күзгі семестрге өтінімдер беріледі.
Өтінімдерді қабылдаудың нақты күндері университет сайтында және әлеуметтік желілерде орналастырылады.
Сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасы
Қатысу шарттары
Сыртқы ұтқырлық бағдарламасына бакалавриаттың 2-3 курс студенттері және магистратураның 1 курс студенттері қатыса алады. Соңғы курстардың студенттері ұтқырлық бағдарламасына қатыса алмайды, өйткені соңғы курста практикадан өту және дипломдық жұмыс жазу қажет.
Егер студент Шетелдегі серіктес жоғары оқу орындарының бірінде оқуды жоспарласа, онда ол барлық пәндер бойынша жақсы үлгерімге және шет тілін меңгерудің жоғары деңгейіне ие болуы керек.
Қаржыландыру
Университет сыртқы академиялық ұтқырлықты ішінара қаржыландырады. Сонымен қатар, студенттер қосымша қаржыландыру көздерін өз бетінше іздей алады, сонымен қатар серіктес университеттер немесе басқа елдердің білім министрліктері беретін сыртқы гранттарды алу мүмкіндігі бар.
Қайта есептеу, пәндердің айырмашылығы және қашықтықтан оқыту жөнінде кафедра меңгерушісімен анықтауыңыз қажет.
Қатысу үшін құжаттар тізімі:
- студенттің өтініші;
- оқу туралы келісім;
- төлқұжат көшірмесі;
- ағымдағы транскрипт (университеттің ресми мөрімен куәландырылған);
- жеке оқу жоспары (ЖОЖ, университеттің ресми мөрімен куәландырылған);
- сертификат, IELTS, TOEFL, HSK, т.б. (шет тілін білу);
- ұсыныс хат (магистранттар үшін).
Ішкі академиялық ұтқырлық бағдарламасы
Қатысу шарттары:
Ішкі ұтқырлық бағдарламасына бакалавриаттың 2-3 курс студенттері және магистратураның 1 курс студенттері қатыса алады. Соңғы курстардың студенттері ұтқырлық бағдарламасына қатыса алмайды, өйткені соңғы курста практикадан өту және дипломдық жұмыс жазу қажет.
Қаржыландыру
Білім алушыларын тепе-тең негізде жіберетін серіктес жоғары оқу орындарын қоспағанда, оқыту ақылы негізде жүзеге асырылады. Төлем таңдалған семестр бойынша жүргізіледі.
Қайта есептеу, пәндердің айырмашылығы және қашықтықтан оқыту жөнінде кафедра меңгерушісімен анықтауыңыз қажет.
Қатысу үшін құжаттар тізімі:
- студенттің өтініші;
- оқу туралы келісім;
- төлқұжат көшірмесі;
- ағымдағы транскрипт (университеттің ресми мөрімен куәландырылған);
- жеке оқу жоспары (ЖОЖ, университеттің ресми мөрімен куәландырылған);
- ұсыныс хат (магистранттар үшін).
1. Университет таңдау. Қол жетімді бағдарламалар мен серіктес университеттер туралы ақпаратты мұқият зерттеңіз. Өз таңдауыңыз туралы академиялық кеңесшіңізбен және Халықаралық ынтымақтастық департаментімен кеңесіңіз.
2. Талаптарды тексеру. Өтініш беруге дейін өз академиялық көрсеткіштеріңіз бен тілдік деңгейіңіздің бағдарлама талаптарына сай екеніне назар аударыңыз.
3. Қажетті құжаттарды дайындау. Құжаттарыңызды алдын ала дайындаңыз: транскрипт, тілдік сертификат, мотивациялық хат және ұсыным хаттар.
4. Өтінім тапсыру кезеңі. Барлық құжаттарыңызды жинақтағаннан кейін өтінімді онлайн немесе тікелей Халықаралық ынтымақтастық департаментінің координаторына белгіленген мерзімге дейін тапсырыңыз.
5. Іріктеу кезеңі. Комиссия барлық өтінімдерді бағалайды. Таңдап алынған үміткерлерге нәтижелер мен келесі қадамдарға қатысты нұсқау жіберіледі.
6. Сапар алдындағы дайындық. Алдағы сапарға мұқият дайындалыңыз: бағдарламаға қатысыңыз, виза мен тұрғын үй мәселесін шешіңіз және жаңа халықаралық тәжірибеге дайын болыңыз!
Халықаралық серіктестермен танысу
Академиялық ұтқырлық бойынша кафедра координаторларының тізімі
№ |
Кафедра |
А.Ж.Ә. |
Лауазымы |
Е-mail |
Телефон |
1 |
Жаратылыстану кафедрасы |
Самихова Мадина Рахматуллаевна |
Магистр, Аға оқытушы |
Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. |
87025012414 |
2 |
Математика және информатика кафедрасы |
Әбдімәлік Үміт Нұрғисақызы |
Оқытушы |
Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. |
87757808709 |
3 |
Құқық және тарих кафедрасы |
Хавазметова Динара Алишеровна |
Оқытушы |
Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. |
87753464240 |
4 |
Бизнес және басқару кафедрасы |
Калыкулов Куатбек Мухтарбекович |
Э.ғ.к., аға оқытушы |
Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. |
87013224440 |
5 |
Филология кафедрасы |
Төлегенова Ақмарал Маратқызы |
Оқытушы |
Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. |
87477462707 |
6 |
Педагогика кафедрасы |
Тилекова Ания Жанабаевна |
Аға оқытушы |
Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.
|
87016665913 |
7 |
Дене шынықтыру және спорт кафедрасы |
Дәурен Жансая Бауыржанқызы |
Оқытушы |
Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. |
8702691 9611 |

Қос дипломды білім беру бағдарламасы
Қос дипломды білім беру бағдарламасы – студенттерге бір уақытта екі жоғары оқу орнында келісілген оқу бағдарламасы бойынша білім алуға және оны аяқтағаннан кейін екі оқу орнының да дипломын алуға мүмкіндік береді.
Бағдарламаның артықшылықтары:
Оқу мерзімі:
Бакалавриат: 2+2 немесе 3+1 үлгісі бойынша;
Магистратура: 1+1 үлгісі бойынша.
Бағдарламаға қатысу талаптары:
Серіктес университет:
Низами атындағы Ташкент мемлекеттік педагогикалық университеті.
Оқыту тілі:
Оқыту орыс және ағылшын тілдерінде жүргізіледі.
Нәтиже:
Қос дипломды білім беру бағдарламасын сәтті аяқтаған студенттер Қазақстан және шетелдік үлгідегі екі дипломды иеленеді.

- халықаралық білім беру тәжірибесін алу;
- оқу аяқталғаннан кейін еңбек нарығында бәсекеге қабілетті болу;
- серіктес жоғары оқу орындарының білікті профессорларынан сапалы білім алу;
- Шымкент университеті мен шетелдік жоғары оқу орнының дипломына ие болу мүмкіндігі.
Оқу мерзімі:
Бакалавриат: 2+2 немесе 3+1 үлгісі бойынша;
Магистратура: 1+1 үлгісі бойынша.
Бағдарламаға қатысу талаптары:
- жоғары академиялық үлгерім;
- шет тілін еркін меңгеру;
- серіктес жоғары оқу орнында білім алуға ынталылық;
- оқу бағдарламасын жүзеге асыру үшін қаржылық мүмкіндіктің болуы.
Серіктес университет:
Низами атындағы Ташкент мемлекеттік педагогикалық университеті.
Оқыту тілі:
Оқыту орыс және ағылшын тілдерінде жүргізіледі.
Нәтиже:
Қос дипломды білім беру бағдарламасын сәтті аяқтаған студенттер Қазақстан және шетелдік үлгідегі екі дипломды иеленеді.
Қонақ дәрістер Шымкент университетінде халықаралық ынтымақтастық аясында әлемнің түрлі елдерінен келген профессорлар мен мамандар дәрістер мен шеберлік сыныптарын өткізеді. Бұл студенттер мен оқытушыларға жаһандық тәжірибені тікелей игеруге мүмкіндік береді.
20 +
Жыл сайынғы халықаралық дәрістер
Жыл сайынғы халықаралық дәрістер
20 +
Халықаралық бірлескен мақалалар
Халықаралық бірлескен мақалалар
200 +
Қатысушы білім алушылар
Қатысушы білім алушылар
Жоспарланған дәрістер

Профессор, доктор
Abdullah Gündogdu
Анкара университеті, Түркия
Тарих білім беру бағдарламасы (білім алушылар үшін)
Дәрістер кезеңі:
02.09.2025 - 31.12.2025 жж.
Тарих білім беру бағдарламасы (білім алушылар үшін)
Дәрістер кезеңі:
02.09.2025 - 31.12.2025 жж.

PhD, профессор
Mustafa Can Koç
Ыстамбұл Гелишим Университеті, Түркия
Дене шынықтыру және спорт
білім беру бағдарламасы (білім алушылар үшін)

Ali Kızılet

Доцент, доктор
AKIN USUPBEYLİ,
Анкара университеті, Түркия
Экономика білім беру бағдарламасы (білім алушылар үшін)
Дәрістер кезеңі:
02.09.2025 - 31.12.2025 жж.
AKIN USUPBEYLİ,
Анкара университеті, Түркия
Экономика білім беру бағдарламасы (білім алушылар үшін)
Дәрістер кезеңі:
02.09.2025 - 31.12.2025 жж.
Тартылған шетелдік ғалымдар

Фехми Тунчел
Стамбул Гелишим университетінің профессоры, докторы
Профессор Фехми Тунчел дене шынықтыру және спорт психологиясы, спорттағы гигиена туралы дәрістер оқыды. Сондай-ақ, іс-сапар барысында волейболдан практикалық сабақтар өткізді.

Семиха Тунчел
Анкара университетінің профессоры, докторы
Профессор Семиха Тунчел іссапар барысында «Дене шынықтыру және спорт саласындағы маркетинг», «Дене шынықтыру және спорт педагогикасы», «Дене шынықтыру және спорт теориясындағы зерттеу әдістері» тақырыптарында дәрістер оқыды.

Сулейман Ефендиоглу
Ататүрк университетінің профессоры, докторы
Профессор Сүлейман Эфендиоглуның дәрістері түркітану мәселелеріне, сондай-ақ қазақ тілі мен әдебиетімен байланысына арналған.

Мутлу Йылмаз
Анкара университетінің Phd, профессоры
Профессор Мутлу Йылмаз: «Топографиялық карталар бетінде географиялық нысандарды көрсету», «Карта арқылы рельефке бағдарлау. Магматизм. Магмалық жыныстар», «Беткейлер және олардың түрлері. Вулканизм» тақырыптарында дәрістер оқыды.

Халил Ибрагим Булбул
Гази университетінің профессоры, докторы
Профессор Халил Ибрагим Булбулдың дәрістері білім берудегі жасанды интеллектке арналды.

Изабела Новак
Познаньдағы Адам Мицкевич университетінің профессоры
Профессор Изабела Новак «Польшадағы химия ғылымын дамытудың негізгі бағыттары» тақырыбында ашық дәріс өткізді. Ашық дәріске жаратылыстану ғылымдары кафедрасының студенттері мен магистранттары қатысты.

Виолетта Патроняк
Познаньдағы Адам Мицкевич университетінің профессоры
Профессор Виолетта Патрионак Познаньдағы Адам Мицкевич университетінде химия саласын дамыту, қоршаған орта химиясының негіздері және үйлестіру химиясы бойынша білім алушыларға дәрістер оқыды.

Cапарниязова Муяссар Йулдошевна
Альфраганус университетінің профессоры, докторы
Филология ғылымдарының докторы, профессор Сапарниязова Муяссар студенттерге «Сөздікпен жұмыс» пәніне қатысты дәрістер оқыды.
Жураева Назокат Гулмуродовна
Филология ғылымдарының кандидаты, Альфраганус университетінің аға оқытушысы
Филология ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы Жураева Назокат студенттерге «Салыстырмалы грамматика» пәніне қатысты дәрістер оқыды.

Азмиева Эльзара Эрнестовна
Педагогика ғылымдарының кандидаты, Альфраганус университеті доценті
Педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Азмиева Эльзара «Балалар орыс әдебиетін кезеңге бөлу», «XVIII ғасырдың алғашқы балалар кітаптары» және «Балаларға арналған XVII ғасырдың тарихи кітаптары» тақырыптарында дәрістер өткізді.

Рахметов Сабиржон Гафурович
Камолиддин Бехзод атындағы Ұлттық Өнер және дизайн институтының профессоры
Профессор Рахметов Сабиржон Гафурович «Дизайн және технология негіздері», «Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі» тақырыптарында дәрістер оқыды.
Калдибекова Анаргул Сотбаровна
Педагогика ғылымдарының кандидаты, Низами атындағы Ташкент мемлекеттік педагогикалық университетінің профессоры
Педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор Кильдибекова Анаргул Сотбаровна
"Педагогика теориясы" пәніне қатысты студенттерге дәрістер оқыды
Онлайн-платформалар және ресурстарға қолжетімділік
Университет студенттер мен оқытушыларға ағылшын тілін өз бетімен үйренуге арналған Easy English онлайн-платформасына қолжетімділік ұсынады.
Платформада:
- интерактивті сабақтар,
- грамматика мен лексикаға арналған тапсырмалар,
- тыңдалым және оқылым материалдары бар,
бұл барлық негізгі тілдік дағдыларды жан-жақты дамытуға мүмкіндік береді.
Оқыту икемді форматта жүргізіледі — пайдаланушылар өздеріне ыңғайлы уақыт пен оқу қарқынын таңдай алады. Бұл оқуын жұмыспен немесе басқа міндеттерімен үйлестіретіндер үшін өте тиімді.
- Тіркелу үшін келесі сілтеме арқылы өту қажет:
Ағылшын тіліндегі сөйлесу клубы
Ағылшын тіліндегі сөйлесу клубы — бұл ауызекі сөйлеу дағдыларын дамытуға, еркін сөйлей білуге және тілдік кедергілерді жеңуге көмектесетін еркін форматтағы алаң.
Сабақтар тұрақты түрде өткізіледі және мыналарды қамтиды:
- өзекті тақырыптарды талқылау,
- ойындар мен пікірталастар,
- топтық жұмыс және таныстырылымдар.
Клубқа қатысу арқылы сіз:
- сөздік қорыңызды кеңейтесіз,
- дұрыс айтылымды үйренесіз,
- сенімді әрі еркін сөйлеуге машықтанасыз,
- жаңа адамдармен және мәдениеттермен танысасыз.
Сабақтарды тәжірибелі оқытушылар немесе тіл иелері жүргізеді. Қатысу деңгейі – Pre-Intermediate және одан жоғары.
Қатысу тегін.
Клуб дүйсенбі, сәрсенбі және жұма күндері өтеді
323-аудитория
Сертификаттар
Студенттік виза C-9
C9 визасы – шетелдік студенттерге арналған виза түрі. Бұл виза Қазақстан Республикасына бір жыл ішінде бірнеше рет кіруге және шығуға мүмкіндік береді. Виза жыл сайын жаңартылып отырады.
Шетелде виза алу үшін (визалық шақыру рәсімдеу):
Қажетті құжаттардың нақты тізімін виза берілетін елдегі ҚР Елшілігі немесе Консулдығы арқылы нақтылау қажет.
Құжаттардың дұрыстығын тексеру өтініш берушінің жеке жауапкершілігінде.
- Қазақстан Республикасына виза рәсімдеу үшін қажетті құжаттар:
- Шетелдік паспорттың түпнұсқасы (қолданылу мерзімі визаның аяқталуынан кейін кемінде 3 ай болуы керек және кемінде 2 бос беті болуы тиіс);
- Консулдық алым;
- Фотосуреті бар толтырылған визалық сауалнама;
- Дактилоскопиядан өту туралы анықтама;
- МТК мекенжай коды.
Шетелде виза алу үшін (визалық шақыру рәсімдеу):
- Шетелдік студент ұсынуы тиіс:
- ҚР-на кіруге жарамды шетелдік паспорттың түпнұсқасы (жарамдылық мерзімі визадан кейін кемінде 3 ай болуы керек және 2 бос беті болуы тиіс);
- Виза рәсімделетін елшіліктің мекенжайы және студенттің тұратын мекенжайы туралы ақпарат.
Қажетті құжаттардың нақты тізімін виза берілетін елдегі ҚР Елшілігі немесе Консулдығы арқылы нақтылау қажет.
Құжаттардың дұрыстығын тексеру өтініш берушінің жеке жауапкершілігінде.
Жұмыс визасы C-3
C3 визасы – шетелдік қызметкерлерге арналған және Қазақстан Республикасына бір жыл ішінде бірнеше рет кіруге және шығуға мүмкіндік беретін виза түрі. Бұл виза жыл сайын жаңартылып отырады.
Қазақстан Республикасына виза рәсімдеу үшін қажетті құжаттар:
Шетелде виза алу үшін (визалық шақыру рәсімдеу):
Шетелдік қызметкер ұсынуы тиіс:
Маңызды:
Қажетті құжаттардың нақты тізімін виза рәсімделетін елдегі ҚР Елшілігі немесе Консулдығы арқылы нақтылау қажет.
Барлық құжаттардың дұрыстығына өтініш беруші жеке жауап береді.
Қазақстан Республикасына виза рәсімдеу үшін қажетті құжаттар:
- Шетелдік паспорттың түпнұсқасы (жарамдылық мерзімі визадан кейін кемінде 3 ай болуы тиіс және 2 бос беті болуы керек);
- Консулдық алым;
- Фотосуреті бар толтырылған визалық сауалнама;
- Дактилоскопиядан өту туралы анықтама;
- Нострификацияланған диплом (егер өтініш оқытушылық қызмет үшін берілсе);
- Еңбек шартының көшірмесі;
- Апостиль қойылған неке және туу туралы куәліктер (егер отбасы мүшелері визаны бірге рәсімдесе);
- МТК мекенжай коды.
Шетелде виза алу үшін (визалық шақыру рәсімдеу):
Шетелдік қызметкер ұсынуы тиіс:
- ҚР-на кіруге жарамды шетелдік паспорттың түпнұсқасы (жарамдылық мерзімі визадан кейін кемінде 3 ай болуы тиіс және 2 бос беті болуы керек);
- Виза рәсімделетін елшіліктің мекенжайы және қызметкердің тұратын мекенжайы;
- Нострификацияланған дипломның көшірмесі (оқытушылық қызмет үшін);
- Апостиль қойылған неке және туу туралы куәліктердің көшірмелері (отбасы мүшелерімен бірге келген жағдайда);
- Еңбек шартының көшірмесі.
Маңызды:
Қажетті құжаттардың нақты тізімін виза рәсімделетін елдегі ҚР Елшілігі немесе Консулдығы арқылы нақтылау қажет.
Барлық құжаттардың дұрыстығына өтініш беруші жеке жауап береді.
ТМД елдерінен келген студенттер мен қызметкерлерге арналған көші-қон тәртібі
ТМД елдерінен келген азаматтарға Қазақстанға келгеннен кейін уақытша тұруға рұқсат (УТР) рәсімделеді.
Шетелдік студенттер үшін қажетті құжаттар:
Маңызды ақпарат:
Шымкент қаласында тұратын шетелдік қызметкерлер мекенжай өзгерген жағдайда Халықаралық ынтымақтастық департаменті координаторына хабарлауы тиіс;
Әрбір кіру және шығу фактісі туралыХалықаралық ынтымақтастық департаменті координаторына міндетті түрде хабар беріледі;
Қолданыстағы ережелерге сәйкес қабылдаушы тарап (университет) шетелдік азаматтың келуі және тұрғылықты жерінің өзгеруі туралы көші-қон қызметін 3 жұмыс күні ішінде хабардар етуге міндетті;
Барлық жағдайларда (виза, УТР немесе визасыз режим) хабарлама қабылдаушы тарап арқылы жіберіледі, шетелдік азамат көші-қон қызметіне өз бетімен баруға мүмкүндігі жоқ;
Келу туралы уақытылы хабарламау айыппұл салуға әкелуі мүмкін.
Шетелдік студенттер үшін қажетті құжаттар:
- ҚР-на кіруге жарамды шетелдік паспорттың түпнұсқасы (жарамдылық мерзімі визадан кейін кемінде 3 ай болуы тиіс және 2 бос беті болуы керек);
- Дактилоскопиядан өту туралы анықтама;
- ЖСН (жеке сәйкестендіру нөмірі);
- Егер студент жатақханада тұрмаса – пәтер иесінің нотариалды расталған тұруға келісімі (егер келісім студенттің ата-анасының атына берілсе, туу туралы куәлік қажет);
- МТК мекенжай коды.
- Шетелдік қызметкерлер үшін қажетті құжаттар:
- ҚР-на кіруге жарамды шетелдік паспорттың түпнұсқасы (жарамдылық мерзімі визадан кейін кемінде 3 ай болуы тиіс және 2 бос беті болуы керек);
- Дактилоскопиядан өту туралы анықтама;
- ЖСН;
- Еңбек шартының көшірмесі;
- Отбасы мүшелеріне УТР рәсімделген жағдайда — неке және туу туралы куәліктердің түпнұсқалары және нотариалды расталған аудармалары;
- Егер жатақханада тұрмаса – пәтер иесінің нотариалды келісімі;
- МТК мекенжай коды.
Маңызды ақпарат:
Шымкент қаласында тұратын шетелдік қызметкерлер мекенжай өзгерген жағдайда Халықаралық ынтымақтастық департаменті координаторына хабарлауы тиіс;
Әрбір кіру және шығу фактісі туралыХалықаралық ынтымақтастық департаменті координаторына міндетті түрде хабар беріледі;
Қолданыстағы ережелерге сәйкес қабылдаушы тарап (университет) шетелдік азаматтың келуі және тұрғылықты жерінің өзгеруі туралы көші-қон қызметін 3 жұмыс күні ішінде хабардар етуге міндетті;
Барлық жағдайларда (виза, УТР немесе визасыз режим) хабарлама қабылдаушы тарап арқылы жіберіледі, шетелдік азамат көші-қон қызметіне өз бетімен баруға мүмкүндігі жоқ;
Келу туралы уақытылы хабарламау айыппұл салуға әкелуі мүмкін.

Халықаралық ынтымақтастық департаменті директоры
Кобланова Онгаркуль Нурмухамедовна
х.ғ.к., доцент
Телефон: +7 778 058 97 77
E-mail: Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

Халықаралық ынтымақтастық департаменті координаторы
Ауелбекова Асель Нурлановна
Телефон: +7 775 353 79 93
E-mail: Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

Халықаралық ынтымақтастық департаменті координаторы
Сұлтанбек Дана Сейілханқызы
Телефон: +7 777 906 88 77
E-mail: Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.
Мекенжайы: Шымкент қаласы,
Қаратау ауданы, Тассай шағын ауданы,
Жібек жолы көшесі, жер телімі №6
№266 кабинет
Жұмыс уақыты
Дүйсенбі - Жұма: 9:00 - 18:00
Түскі үзіліс: 13:00 - 14:00
Демалыс күндері: Сенбі, Жексенбі

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз
Отандық серіктестер