Кәсіптік практиканы ұйымдастыру мен өткізу ережесі. 

       Университетте білім алушылардың кәсіптік практикасы - жоғары білікті кадрларды даярлаудың білім беру бағдарламасының міндетті компоненті болып табылады және олар кәсіпорындарда, ғылыми-зерттеу институттарында, мекемелер мен ұйымдарда, жоғары, кәсіптік және жалпы орта білім беру мекемелерінде өткізіледі.

 Кәсіптік практиканың түрлері, мерзімдері, көлемі мен мазмұны стандарттармен, оқу жұмыс жоспарларымен және оқу бағдарламаларымен айқындалады. Олар оқу, педагогикалық, өндірістік, диплом алды, зерттеу болып бөлінеді.
       Жоғары  оқу  орындары  практиканың басталуына 1 ай мерзімнен кем емес уақытта  практика базаларымен келісім-шарт бекітеді. Жеке келісім-шарттар практиканың басталуына 1 ай мерзімнен кем емес мерзім бұрын жасалады.

       Білім алушыны кәсіптік практиканың барлық түрлеріне жіберу өту мерзімдерін, практиканың базасы мен жетекшісін көрсете отырып, Университет ректорының бұйрығымен ресімделеді.

       Білім алушылардың кәсіптік практикасы университеттегі оқу барысында алған білімдерін бекітуге, алдыңғы қатарлы тәжірибені меңгеруге бағытталады. Өндірістік білім алу үдерісінде білім алушылар кәсіби және ұйымдастырушылық тәжірибені, ғылыми-зерттеу жұмысының дағдыларын меңгеруге міндетті.

       Университет білім алушылардың кәсіптік практикасын бекітілген академиялық күнтізбе мен білім алушының жеке жұмыс жоспарына сәйкес білім беру бағдарламасы бойынша негізгі оқу жоспарымен белгіленген көлемде әзірлейді және бекітеді.

Кәсіптік практиканы ұйымдастыру мен өткізуге қойылатын талаптар

       Кәсіптік практикаларды өткізу үшін практика базасы ретінде анықталған ұйымдармен сәйкес келісімшарттар жасалады. Келісімшартта университеттің, кәсіптік практиканың базасы болып табылатын кәсіпорынның (мекеменің, ұйымның) және білім алушылардың міндеттері мен жауапкершілігі көрсетіледі 

       Практика базалары ретінде анықталған мекемелермен сондай-ақ жекелеген тәртіпте өтініш, сұраныс хат негізінде үш жақты келісім-шарттар да жасалады. Бұл ретте білім алушыға  жолдама беріледі.

       Кәсіптік практиканы өткізу үшін оқу орны практика базасымен келісілген кәсіптік практика бағдарламасын бекітеді  Кәсіптік практиканың бағдарламасы өз мазмұны бойынша мамандықтың бейінін, практика түрінің ерекшелігін, кәсіби стандарттардың және білім беру бағдарламасының талаптарын, ұйым қызметінің, технологиялық процестің және практика нысанының сипатын көрсетеді.

       Білім алушыларды практиканың барлық түрлеріне жіберу практика  түрі, мерзімі, базасы, жетекшісі көрсетілген  факультет  деканының  ұсынысының  негізінде университет ректорының бұйрығымен рәсімделеді. Ал магистрантты практикаға жіберу туралы ұсынысты кафедра және жоғары білімнен кейінгі білім беру орталығы анықтайды. Ұсыныстаар кәсіптік  практика басталуына  екі  апта бұрын құрастырылады.

       Кәсіптік практикаға теориялық және базалық пәндерді толығымен меңгерген білім алушы жіберіледі.

       Оқу практикасы барлық білім алушылар үшін өткізіледі. Оқу және оқу-таныстыру практикасының мақсаты – білім алушыларды практика базасы қызметінің бағыттарымен, болашақ кәсіби қызметінің функцияларымен таныстыру.

Оқу практикасының негізгі міндеттері:

1) білім беру бағдарламаларымен танысу;

2) болашақ кәсіптің объектісі болып табылатын ұйымның ұйымдық-құқықтық нысанымен, құрылымымен, басқару жүйесімен және т.б. жалпы танысу;

3) болашақ кәсіптік қызметінің түрлерін, функцияларын және міндеттерін зерделеу;

4) іскерлік хат алмасуды зерделеу және іс қағаздарын жүргізу;

5) еңбек ұжымында жұмыс жасау дағдыларын игеру болып табылады.
Нақты пәндік саланың ерекшелігіне және болашақ маманның кәсіптік біліктілігіне байланысты оқу практикасының танысу, далада өтетін, экскурсиялық, бағдарлы, мектептік, есептеу, пленэр және т.б. нысандары қолданылады.

       Оқу практикасы болашақ кәсіптік қызметінің нысаны болып табылатын ұйымда танысу экскурсияларын қамти отырып, университетте білім беру бағдарламасы бойынша мамандар даярлауды жүзеге асыратын кафедрада  өткізіледі.  Оқу практикасы аяқталғаннан соң білім алушыларға олардың практика кезінде жұмысы бойынша ағымдағы бақылаудың негізінде баға қойылады.

       Білім беру бағдарламаларының ерекшілігіне байланысты 1-курстан кейін кәсіптік практиканың далада өтетін, археологиялық және басқа түрлері ұйымдастырылады және өткізіледі. Бұл практика түрлерінің мақсаты білім алушыларда кәсіби міндеттерді дамытуды толықтыратын және тиісті құзыреттерін қалыптастыру болып табылады.Кәсіптік практиканың басқа түрлерін бағдарламалары аталған білім беру бағдарламалары бойынша мамандарды даярлайтын кафедралары әзірлейді.

       Педагогикалық практиканың мақсаты жалпы ғылыми, психологиялық-педагогикалық, әдістемелік және арнайы пәндер бойынша білімдерді бекіту және тереңдету, теориялық білімдер негізінде педагогикалық машықтарды, дағдылар мен құзыреттерді қалыптастыру болып табылады.

       Педагогикалық практиканың негізгі міндеттері:

1)педагогикалық қызметтің бастапқы тәжірибесін игеру;

2)сабақ беру мен оқыту әдістемесін меңгеру;

3)педагогикалық шеберліктің негіздерін білу;

4) оқу-тәрбие және оқытушылық жұмысты өз бетінше жүргізудің машықтары мен дағдыларына баулау;

5) ғылыми-психологиялық және педагогикалық зерттеудің дағдыларын меңгеру;

6) тәрбие жұмысының әдістемесін меңгеру;

7) оқытудың инновациялық технологияларын білу;

8) оқу және тәрбие жұмысы барысында білім алушыларға олардың даму ерекшеліктерін ескере отырып жеке тәсілді жүзеге асыру болып табылады.

       Өндірістік практиканың мақсаты кәсіби құзыретін бекіту, кәсіби қызметінің практикалық дағдылары мен тәжірибені игеру болып табылады. Өндірістік практиканың негізгі міндеттері:

1) мамандық бойынша кәсіптік қызметінің түрлерін, олардың функциялары мен міндеттерін оқып зерттеу;

2) теориялық білімдерді бекіту және бұл негізінде кәсіби машықтарды, дағдылар мен құзыреттерді қалыптастыру;

3) инновациялық технологияларды, еңбек пен өндірістің озық әдістерді меңгеру;

4) ұйымдастырушылық және кәсіптік тәжірибені игеру;

5) командалық жұмыстың, басқарудың корпоративтік қағидалары құзыретінің дағдыларын игеру;

6) өз бетінше өз қызметті жоспарлау, әріптестермен пайдалы байланыстарды орнату, рольдік кәсіби ұстанымын айқындау, жауапкершілік сезімін қалыптастыру машықтарды меңгеру болып табылады.

       Магистранттардың зерттеу практикасының мақсаты - бейіндеуші пәндер циклінде алған  білімдерін бекіту әрі тереңдету, отандық және шетелдік ғылымның ең жаңа теориялық, әдіснамалық және технологиялық жетістіктерімен танысу. Магистранттардың зерттеу практикасының негізгі міндеттері:

- бекітілген магистрлік диссертация тақырыбына сәйкес зерттеу жұмыстарын жүргізу,

- ғылыми зерттеудің, экспериментті деректерді өңдеудің және түсінік берудің қазіргі заманғы әдістерімен танысу,

- зерттеу тақырыбына сәйкес отандық және шетелдік ғалымдардың ғылыми еңбектерімен танысу, библиографиялық шолу жасау.

       Кәсіптік  практика  өту  кезінде  білім  алушыларға    университет  атынан  жетекші  бекітіледі (бітіртуші кафедрадан). Жетекші ретінде профессорлар, доценттер және  оқытушылар  тағайындалады.

       Кәсіптік практика бойынша бекіту және қорытынды конференциялар кафедра меңгерушісімен, практикаға жауапты оқытушымен, практика жетекшілерімен бірлесіп ұйымдастырылады және өткізіледі.

       Бекіту конференциялары студенттерді практиканың жұмыс оқу бағдарламасымен, университет бойынша практика жетекшілерін бекіту және оларды практика базаларына бөлу бойынша бұйрықпен таныстыру мақсатында практикаға дейін 1-3 күн бұрын өткізіледі. Әр білім алушыға кәсіптік практиканың жұмыс жоспар-кестесі, кәсіптік практикадан өтуі туралы күнделік-есебі беріледі, есеп беру құжаттарының тапсырылу уақыты хабарланады.

       Білім беру бағдарламалары бойынша білім алушылар үшін кәсіптік практиканың жұмыс жоспар-кестесінің үлгісі 5-қосымшада, кәсіптік практикадан өтуі туралы күнделік-есебінің үлгісі 6-қосымшада келтірілген.

        Магистранттардың ғылыми-педагогикалық практикасының жұмыс жоспары және күнделік-есеп үлгісі 7-қосымшада, ал зерттеу практикасының жұмыс жоспары және күнделік-есеп үлгісі 8-қосымшада келтірілген.

        Қорытынды конференция практика қорытындыларын шығару бойынша есеп беруді 5 күннен кешіктірмей өткізеді. Қорытынды конференцияда озық студент-практиканттарды марапаттауға болады. Конференция материалдары хаттамалармен рәсімделеді және қорытынды конференциядан кейін  практика  жетекшісі практиканы ұйымдастыру мен өткізу жөніндегі есепті дайындайды.

         Оқу  жылы  аяқталған соң  кәсіптік  практикаға  жауапты барлық практика жетекшілері  есептерінің  негізінде,   кафедра мәжілісінде жылдық  есеп  жасайды.

Кәсіптік практика нәтижелерін қорытындылаудың талаптары

       Кәсіптік практика  аяқталғаннан  кейін білім  алушылар  есептік  құжаттарын  кафедраға тексеріске тапсырады. Білім  алушынын есебі университеттің  практика  басшысымен тексеріледі және кафедра меңгерушісінің  өкімімен бекітілген комиссияның алдында қорғалады.

       Практикаға бір жетекші белгіленген жағдайда (оқу практикасының түрлері) есептің рәсімделуіне және қорғалатын нысан бойынша білімдерін көрсетулеріне сәйкес комиссияның алдында ұсынылған есепті қорғаудың нәтижелері бойынша баға қойылады;

       Практикаға екі жетекші бекітілгенде - ЖОО-нан және практика базасынан (өндірістік,  педагогикалық), қорытынды баға практика  базасының  басшысының  бағалау  есебінен  (оның салмағы қорытынды бағадан 40% болып табылады) және комиссияның алдында ұсынылған есепті қорғаудың нәтижелері бойынша қойылады (оның салмағы қорытынды бағадан 60% болып табылады).

       Кәсіптік практика бағдарламасын орындамаған, жұмысы туралы теріс пікір немесе есебін қорғағанда қанағаттандырарлықсыз баға алған білім алушы практикадан қайта өтеді. Практиканың есебі қорғау кезінде алған бағалық, балдық, рейтингтік жүйемен қайта бағаланады.

       Білім алушы практикаға себепсіз келмеген немесе практиканың бағдарламасын орындамаған жағдайда, есебін қорғауда практикадан «қанағаттанарлықсыз» деген баға алған жағдайда, келесі академиялық кезеңдердің ішінде теориялық оқыту кезеңімен қатар қайта практикаға жіберіледі немесе жазғы семестрге қалады. Бұндай жағдайда практиканы ақылы негізде жеке оқу жоспарына қосып  өтеді. Егер практика өтілімін деканат  теориялық оқытумен қатар қойса, практика мерзімі екіге өседі.

       Практика бойынша академиялық қарызы бар студент қорытынды аттестацияға жіберілмейді және оқу жоспарын орындамағаны үшін оқудан шығарылады.

Кәсіптік практика барысында білім алушылардың міндеттері :

- кәсіптік практика бағдарламасында қарастырылған тапсырмаларды толығымен орындау, күнделік жүргізу;

- кәсіпорында, ғылыми-зерттеу ұйымында, мекемеде, ұйымда, мектепте қалыптасқан ішкі тәртіп ережелеріне бағыну;

- барлық тапсырмалардың орындалғаны жайында мекеме тарапынан тағайындалған жетекшісі қол қойған жазбаша есеп пен күнделігін университет тарапынан тағайындалған жетекшісіне ұсыну.

Білім алушы кәсіптік практика бағдарламасында қарастырылмаған жұмыстарға қатыспауға құқылы.

Келісім шарт
Сұраныс хат
Жолдама
Күнделік

Байланыстар

Мекен-жайы: Шымкент қаласы,
Қаратау ауданы, Тассай шағын ауданы,
Жібек жолы көшесі, жер телімі №6
Индекс:
160031
Тел.: 8(7252) 55-58-61
Пошта: shu2050@mail.ru

Пайдалы сілтемелер

Жол жүру сызбасы

© 2001 - 2024 Шымкент Университеті

Ақпарат:

Email: shu2050@mail.ru
Тел: 8 (7252) 55-58-61