Это демонстрационная версия модуля
Скачать полную версию модуля можно на сайте Joomla School
Шымкент университетінің білім туралы өзіндік үлгідегі құжаттары
Шымкент университетінде «Өзіндік үлгідегі құжаттардың мазмұнына қойылатын негізгі талаптарды және оларды есепке алу мен беру» ережесі әзірленіп, Ғылыми Кеңес мәжілісінің шешімімен бекітілді.
1.Білім туралы өзіндік үлгідегі құжаттардың(дипломдардың) бланкілері мен қосымшаларында:
- Университет атауы;
- бітірушілердің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда);
- білім беру бағдарламасының (мамандықтың) кодын және атауы;
- тағайынадалатын дәреже;
- дәреже тағайындау туралы аттестаттау комиссиясының шешімінің күні мен нөмірі
- оқыту нысаны;
-Университет басшысының қолы;
-тіркеу нөмірі;
- берілген күнін және орны (қала);
- Университет мөрі болады.
2.Білім туралы өзіндік үлгідегі құжатта(дипломда) институционалдық аккредиттеу бойынша аккредиттеу агенттігінің логотипі және (немесе) атауы орналастырылады. Білім туралы өзіндік үлгідегі құжаттардың(дипломның) қосымшасында білім беру бағдарламаларын мамандандырылған аккредиттеу бойынша аккредиттеу агенттіктерінің логотиптері және (немесе) орналастырылады.
3.Білім туралы өзіндік үлгідегі құжаттардың(дипломдардың) қорғаныш белгілері болады.
4.Білім туралы өзіндік үлгідегі құжаттарда(дипломдарда) деректерді автоматты сәйкестендіру және жинау технологиясы және (немесе) QR коды (мөлшері 3х3 см. кем емес) қолданылады.
5.Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі білім туралы өзіндік үлгідегі құжаттың (дипломның) әрбір түрі үшін серия мен нөмірлеуді белгілейді.
Білім туралы өзіндік үлгідегі құжаттардың(дипломдардың) мынадай сериялары бар:
1) бакалавр дәрежесі берілетін жоғары білім туралы диплом – BD;
2) магистр дәрежесі берілетін жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы диплом – MA;
6.Білім туралы өзіндік үлгідегі құжаттың(дипломның) әр түрін нөмірлеу арнайы қызметті қолдану арқылы жасалады.
Білім туралы өзіндік үлгідегі құжаттың (дипломның) нөмірлерін қалыптастыру Ұлттық білім беру базасына енгізілген білім алушылар туралы ақпарат негізінде жүзеге асырылады.
7.Білім туралы өзіндік үлгідегі құжаттар (дипломдар) басып шығару құрылғыларының көмегімен толтырылады.
8.Білім туралы өзіндік үлгідегі құжаттардың (дипломдардың) бланкілері мен қосымшалары мемлекеттік, ағылшын және (немесе) басқа (орыс және т.б.) тілдерде толтырылады.