Кітапхана
кітапхана меңгерушісі
Раеева Гүлсім Асқарқызы
Жоғары оқу орны кітапханасындағы жұмыс өтілі 10 жыл.
2007 жылы М.Әуезов атындығы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығын бітірген.
2014 жылы М.Әуезов атындығы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті «Педагогика және психология» ғылымдарының магистрі.
2021 жылы «Сырдария» университеті «Кітапханатану және библиография» бакалавры.
Өзінің еңбек қызметін 2007 жылы Шымкент қаласы №80 жалпы орта мектепте «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінің мұғалімі ретінде бастаған. 2008-2011 жж. аралығында «Сырдария» университеті «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының оқытушысы, 2011-2021 жж. аралығында «Сырдария» университеті кітапхана меңгерушісі, 2021-2023 жж. аралығында аталған университеттің Тіркеу офисінің басшысы. 2023 ж. қыркүйек айынан бастап Шымкент университеті кітапхана меңгерушісі.
Мекен-жайы: Шымкент қаласы, Қаратау ауданы, 160031,
Шымкент Университеті
Телефон: 8-702-898-3576
Кітапхананың негізгі кітап қоры есепті кезеңде оқу және оқу-әдістемелік, ғылыми және көркем әдебиет басылымдарының, журналдардың, диссертациялардың, электрондық оқулықтардың 398512 данасын құрайды, оның ішінде мемлекеттік тілде – 368978 дана, орыс тілінде – 19160, шет тілдерінде - 10374, оның ішінде:
- Оқу, оқу-әдістемелік әдебиеттер 359715 дана (жалпы қордың 66%), оның ішінде қазақ тілінде -349922 , орыс тілінде - 6363, шет тілдерінде - 5711;
- ғылыми әдебиет - 5767 дана (жалпы қордың 10%), оның ішінде қазақ тілінде - 3716, орыс тілінде - 1149;, шет тілдерінде -1300
- көркем әдебиет - 19100 дана (жалпы қордың 9%): қазақ тілінде - 5840, орыс тілінде - 12848, шет тілдерінде - 412.
Кітапхана пайдаланушыларының ғаламдық Интернет ақпараттық желісін пайдалану мүмкіндігі бар.
Сыртқы электрондық ресурстарға: республикалық ЖОО аралық электрондық кітапханаға (РМЭБ) http//rmebrk.kz, КАЗНЭБ,Қазақстандық ғылыми ұлттық кітапхана https://kazneb.kz/ , https://portal.univershu.edu.kz Интернет арқылы кітапхана пайдаланушылары кітапхананың электрондық каталогына қашықтан қол жеткізе алады
Қазіргі уақытта кітапхана ИРБИС-64 бағдарламасымен жұмыс істейді.
2022 жылы 177 ақпараттық-библиографиялық сабақ өткізілді, оған 1235 адам қатысты; 28 кітап көрмесі, 651 басылым ресімделді; 219 түрлі библиографиялық анықтамалар орындалды, мерзімді басылымдардың 47 атауы, 17 ғылыми жинақ сипатталды.
«Мақалалар картотекасы» деректер базасына 515 толық мәтінді газет мақалалары енгізілді. Университетте өткізілетін ғылыми конференциялар жинағының материалдары бойынша жаңа ДБ дайындау жұмыстары жалғасуда. Шымкент университеті студенттерімен бірлесіп «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Кітапханаға келіп түскен жаңа кітаптардан жыл бойына хабарлама күндері өтті.Ақын-жазушылардың мерейтойларына орай әр тақырыпта кездесу кештері мен әдеби сағаттар өткізілді.«Жаңа кітап жан азығы» атты кітапхана көрмесі ұйымдастырылды. 12 түрлі әр тақырыпта кафедралармен бірлесе Іс-шаралар өткізілді, құжаттарды электронды жеткізу бойынша – 453 өтінім орындалды.
Білім беру үдерісін ақпараттық-әдістемелік қамтамасыз етуді кітапхана жүзеге асырады. Шымкент университеті кітапханасы, Республикалық университетаралық электронды кітапханамен, М.Әуезов атындағы ОҚПУ-мен,Қалалық А.Пушкин атындағы әмбебап кітапханасымен,Шымкент қалалық көпшілік кітапханасымен,Шымкент қалалық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханамен ынтымақтастық туралы меморандумдар, ҚР БҒМ Ғылым комитетінің Орталық Азия иннавациялық ОАИУ, қазақстандық жоғары оқу орындарының кітапханаларымен ынтымақтастық туралы шарттар қолданылады.