Это демонстрационная версия модуля
Скачать полную версию модуля можно на сайте Joomla School
Магистратура
Магистратура – білім беру бағдарламалары "магистр" дәрежесін бере отырып, кадрлар даярлауға бағытталған жоғары оқу орнынан кейінгі білім.
Магистратурада кадрлар даярлау жоғары білімнің білім беру бағдарламалары негізінде жүзеге асырылады. Магистратураның білім беру бағдарламасының бейіні жоғары білім беру бағдарламасына сәйкес болса, алдыңғы деңгейдегі оқыту нәтижелері автоматты түрде танылады; магистратураның білім беру бағдарламасының бейіні жоғары білімнің білім беру бағдарламасымен сәйкес келмеген жағдайда, магистрантқа игеру үшін пререквизиттер белгіленеді.
Магистрант пререквизиттер ретінде тиісті деңгейдегі бейресми білім беруді оқыту нәтижелерін ұсынады, оларды тану ҚР Білім туралы Заңының 5-бабының 38-3 тармақшасына сәйкес жүзеге асырылады.
Магистратураның білім беру бағдарламасының мазмұны келесідей;
1) базалық және бейіндік пәндер циклдерін зерделеуді қамтитын теориялық оқыту;
2) магистранттарды практикалық даярлау: практиканың, ғылыми немесе кәсіптік тағылымдамалардың түрлері;
3) ғылыми-педагогикалық магистратура үшін – магистрлік диссертацияны орындау; бейіндік бағыттағы магистратура үшін – магистрлік жобаны орындауды қамтитын эксперименттік-зерттеу жұмысын орындау.
4) қорытынды аттестаттау.
Магистратурада оқу мерзімі игерілген академиялық кредиттердің көлемімен айқындалады. Белгіленген академиялық кредиттердің көлемі толық игеріліп, білім алушы күтілетін білім нәтижелеріне қол жеткізген уақытта, магистратураның білім беру бағдарламасы толық игерілген болып есептеледі.
Ғылыми-педагогикалық бағыттағы білім беру бағдарламалары – жоғары оқу орындарында, тереңдетілген ғылыми-педагогикалық ұйымдар мен зерттеу бағытындағы ғылыми ұйымдар ұйымдар үшін кадрлар даярлауға бағытталған.
Бейіндік бағыттағы білім беру бағдарламалары - тереңдетілген кәсіптік даярлығы бар, экономика, білім салалары үшін басқарушы кадрларды даярлау бойынша жүзеге асырылады.
Шымкент университеті келесі білім беру бағдарламалары бойынша магистратурада білім беру қызметін жүзеге асырады:
Шифр |
Название ОП |
7М01101 |
Педагогика және психология |
7М01501 |
Математика |
7М01701 |
Қазақ тілі мен әдебиеті |
7М04101 |
Экономика |
7М04102 |
Есеп және аудит |
7М01507 |
Информатика |
7М01502 |
Биология |
7М01505 |
Химия |
7М01711 |
Шет тілі: екі шет тілі |