Бакалавриат


Бакалавриат

Бакалавриат – тиісті мамандық бойынша "бакалавр" дәрежесін бере отырып, кадрлар даярлауға бағытталған жоғары білім, білім беру бағдарламалары. Жоғары білім беру бағдарламалары бойынша оқыту - күндізгі оқу форматында жүзеге асырылады.

Бакалавр дәрежесін иемденген түлектер жоғарғы білімді талап ететін лауазымдық қызметтерді, онымен қоса орта буындағы басшылық қызметтерді атқаруға құқылы.

Бакалавриат бағдарламалары бойынша күндізгі оқу нысанының ұзақтығы 4 жылды құрайды. Алайда, егер оқуға түсушінің сол бағыт бойынша техникалық-кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі болса, онда оқу мерзімі 3 жылға дейін қысқартылуы мүмкін.

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік міндетті стандарттарына сәйкес бакалавриат деңгейіндегі білім беру қызметі келесі түрлерді қамтиды:

- дәрістер, семинарлар;

- практикалық және зертханалық жұмыстар;

- өзіндік жұмыс, оның ішінде оқытушының басшылығымен;

- өндірістік практика (дуальды оқыту кезінде);

- кәсіби тәжірибе;

- дипломдық жұмыс (жоба).

Шымкент университеті 25 білім беру бағдарламасы бойынша мамандар даярлайды:

Шифр

Білім беру бағдарламасының атауы

6В01101

Педагогика және психология

6В01301

Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі

6В01401

Дене шынықтыру және спорт

6В01402

Музыкалық білім

6В01403

Бейнелеу өнері және сызу

6В01404

Кәсіптік оқыту

6В01405

Көркем еңбек және жобалау

6В01501

Математика

6В01502

Информатика

6В01503

Химия

6В01504

Биология

6В01506

Физика-Математика

6В01505

География

6В01601

Тарих

6В01701

Қазақ тілі мен әдебиеті

6В01702

Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті

6В01703

Орыс тілі мен әдебиеті

6В01704

Шет тілі: екі шет тілі

6В03101

Әлеуметтану

6В04101

Экономика

6В04102

Есеп және аудит

6В04103

Қаржы

6В04104

Мемлекеттік және жергілікті басқару

6В04201

Құқық

6В05101

Биология

6В06101

Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету

 

 


Байланыстар

Мекен-жайы: Шымкент қаласы,
Қаратау ауданы, Тассай шағын ауданы,
Жібек жолы көшесі, жер телімі №6
Индекс:
160031
Тел.: 8(7252) 55-58-61
Пошта: shu2050@mail.ru

Пайдалы сілтемелер

Жол жүру сызбасы

© 2001 - 2024 Шымкент Университеті

Ақпарат:

Email: shu2050@mail.ru
Тел: 8 (7252) 55-58-61

English Turkish