Микроквалификация бағдарламалары

Микроквалификация бағдарламалары

Микроквалификация — жаңа кәсіби дағдыларды жылдам әрі тиімді меңгеру жолы. Бағдарламалар аз уақытты алады, бірақ қажетті білім береді және мансапты дамытуға пайдалы сертификатпен расталады.

Қысқа мерзімдіОқыту бірнеше аптадан бір семестрге дейін созылады
Практикалық бағытталғанНақты қолданбалы дағдыларды меңгеруге басымдық беріледі
ИкемділікБағдарламалар еңбек нарығының өзекті талаптарына бейімделеді
СертификатТәмамдаған соң микроквалификация туралы сертификат беріледі

Шымкент университеті «Математика және информатика» кафедрасы еңбек нарығының өзекті талаптарын ескере отырып әзірлеген заманауи әрі практикалық бағытталған микроквалификация бағдарламаларын ұсынады.

Микроквалификация оқу бағдарламаларының реестрі
Микроквалификация бағдарламасының атауы Кафедра Кредиттер
1 Қолданбалы деректер талдауы және AI-құралдарын пайдалану Математика және информатика 10 ак. кр.
Оқу бағдарламаларының толық сипаттамасы
№1 — Қолданбалы деректер талдауы және AI-құралдарын пайдалану

Микроквалификация бағдарламасының паспорты

Бағдарламаның атауы«Қолданбалы деректер талдауы және AI-құралдарын пайдалану»
Біліктілік деңгейіҰБШ-6
Оқыту нысаныКүндізгі
Оқытудың мерзімі1 семестр (10 апта)
Оқыту тіліҚазақ
Кредиттердің көлемі10 академиялық кредит (300 сағат)
Берілетін құжат«Қолданбалы деректер талдауы және AI-құралдарын пайдалану» микроквалификациясы бойынша сертификат
Бағдарлама әзірлеген кафедра«Математика және информатика»

Бағдарламаның мақсаты

Білім алушыларға деректерді жинау, өңдеу және талдау әдістерін, жасанды интеллект құралдарын кәсіби қызметте қолдану дағдыларын және деректер негізінде шешім қабылдау құзыреттерін қалыптастыру.

Оқыту нәтижелері (Learning Outcomes)

  1. — деректерді өңдеу және визуализациялау әдістерін қолданады
  2. — құрылымдалған және құрылымдалмаған деректермен жұмыс істейді
  3. — аналитикалық құралдар арқылы есептер дайындайды
  4. — жасанды интеллект құралдарын кәсіби міндеттерге бейімдейді
  5. — AI негізіндегі контент пен аналитикалық өнімдерді жасайды
  6. — AI қолданудың этикалық қағидаларын сақтайды
  7. — нақты мәселелерді шешуге арналған шағын аналитикалық жобаларды орындайды

Қалыптастырылатын құзыреттер

Деректермен жұмыс істеу құзыреті Аналитикалық ойлау AI құралдарын қолдану дағдысы Цифрлық трансформация құзыреті Зерттеу мәдениеті Жобалық басқару

Пәндер тізімі

Пән атауы Кредиттер
1 Қолданбалы деректер талдауы негіздері 3
2 Деректерді визуализациялау құралдары 2
3 Жасанды интеллект құралдарын қолдану 2
4 Аналитика және шешім қабылдау 2
5 Қорытынды жоба 1

Қорытынды бағалау

Жобалық жұмыс: «AI қолдану арқылы деректерді талдау және шешім ұсыну»

Кәсіби қызмет саласы

Деректерді талдау, цифрлық технологиялар, жасанды интеллект құралдарын қолдану, аналитикалық қызмет, ақпараттық жүйелер және басқарушылық шешімдерді ақпараттық қамтамасыз ету салаларындағы кәсіби қызмет.

Бітіруші түлектің бағдарлама бойынша жұмысқа орналастыру орны

  • Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары
  • Мемлекеттік және жеке сектор ұйымдары
  • Маркетингтік және жарнамалық агенттіктер
  • Цифрлық коммуникация орталықтары
  • Бұқаралық ақпарат құралдары және онлайн платформалар
  • Коммерциялық ұйымдардың маркетинг бөлімдері
  • Кәсіпкерлік және стартап жобалар
  • Әлеуметтік желілер мен цифрлық сервистер

Кәсіби қызмет түрлері

  • Цифрлық ортада маркетингтік іс-шараларды жоспарлау және ұйымдастыру
  • Әлеуметтік желілерде (SMM) коммуникациялық стратегияларды әзірлеу және іске асыру
  • Мақсатты аудиторияны зерттеу және тұтынушылық мінез-құлықты талдау
  • Контент әзірлеу және цифрлық платформаларға бейімдеу
  • Жарнамалық науқандардың тиімділігін мониторингтеу және бағалау
  • Веб-аналитика құралдары арқылы маркетингтік көрсеткіштерді талдау
  • Сандық брендтің танымалдылығын арттыру бойынша жобаларды сүйемелдеу
  • Коммуникациялық және маркетингтік есептер дайындау

Байланыстар

Мекен-жайы: Шымкент қаласы,
Қаратау ауданы, Тассай шағын ауданы,
Жібек жолы көшесі, жер телімі №6
Индекс:
160031
Тел.: 8(7252) 55-58-61
Пошта: shu2050@mail.ru

Пайдалы сілтемелер

Жол жүру сызбасы