Дуальды оқыту жүйесі дегеніміз - теорияны өндіріспен ұштастыра оқыту технологиясы.
Білім беру үрдісінде дуальді оқыту жүйесінің тиімділігін пайдаға асыру мақсатында №39 М.Жұмабаев атындағы жалпы білім беретін мекемесімен келісім-шарт жасалып 6В01301-«Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» білім беру бағдарламасының 4-курс студенттері дуалдық оқыту жүйесі бойынша оқу үрдісінен қол үзбей іс-тәжірибеден өтуде.
№102 жалпы білім беретін мекемесімен келісім-шарт жасалып 6В01403- «Бейнелеу өнері және сызу» білім беру бағдарламасының 3-курс студенттері дуалдық оқыту жүйесі бойынша оқу үрдісінен қол үзбей іс-тәжірибеден өтуде.
Ал, «Жалын» жалпы білім беретін мектебімен келісім-шарт жасалып 6В010101-«Педагогика және психология», 6В01402- «Музыкалық білім» білім беру бағдарламасының 4-курс студенттері дуалдық оқыту жүйесі бойынша оқу үрдісінен қол үзбей іс-тәжірибеден өтуде.