«Педагогика» кафедрасының «Білім берудегі бейнелеу өнерінің педагогикалық мазмұны» бойынша Академиялық ұтқырлық аясында 22.02.23ж. Қырғызстан Республикасымен бірлесіп семинар өткізілді
Семинарда И.Арабаев атындағы Қырғыз Мемлекеттік Университетінің профессоры, Қырғыз Халық суретшісі- Шыгаев Юристанбек Абдиевич 6В01403-«Бейнелеу өнері және сызу» білім беру бағыты бойынша Академиялық ұтқырлықпен келді. Семинарда Білім берудегі Халықаралық байланыс бойынша Шымкент университеті, Білім беру бағдарламаларын жобалау бөлімінің бастығы Қобыланова Оңғаркул Нурмахамбетқызы баяндама жасады.
Педагогика кафедрасының ҚР мәдениет қайраткері, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Шилибаев Нурлан ұстазымыз «Педагог-суретшінің шығармашылығын талдау арқылы студенттерге тәрбиелік мәнін айқындау» мәселесін талдады.Одан әрі Педагогика кафедрасының ҚР мәдениет қайраткері, аға оқытушы Жорабеков Серікбай Құлышұлы бүгінгі күнгі өзекті мәселе болып отырған «Мектептегі бейнелеу өнері сабақтарының мазмұнын» талдады. Спикер: И.Арабаев атындағы Қырғыз Мемлекеттік университетінің профессоры, Қырғыз Pеспубликасының Халық суретшісі Шыгаев Юристанбек Абдиевич мына тақырыптар бойынша лекция оқыды: 1.Тенденции развития живописи Кыргызстана. 2.Импрессионизм во Франции. 3.Эпоха Возраждения. Семинарда пікір алмасулар болып, өзара қызу талқылаулар орын алды. Студенттер лекторға сұрақтар қойып, өздерінің қызығушылықтарын танытты.