«Педагогика» кафедрасының 6В01101-«Педагогика және психология» білім беру бағдарламасының 4 курс студенттері «Өндірістік педагогикалық» іс-тәжірибеден №39 М.Жұмабаев атындағы жалпы орта мектебінде өтті
6В01101-«Педагогика және психология» білім беру бағдарламасының 4-курс студенттері оқу жоспарға сәйкес 27.02.2023.-21.04.2023ж. аралығында «Өндірістік педагогикалық» іс-тәжірибеден өтті. Үш жақты келісім шарт бойынша 7 студент жақын аудандардағы мектептерге, қалған студенттер Шымкент қаласының жалпы орта білім беретін мектептеріне бұйрық бойынша жіберілді. Іс-тәжірибенің орнықтыру конференциясы ұйымдастырылып, іс-тәжірибенің мақсат-міндеттері түсіндірілді. Білім алушылар өндірістік педагогикалық іс-тәжірибелерін сәтті аяқтап, 26.04.2023ж. Қорытынды конференциясында есептерін презентацияларымен қорғап шықты.