Шымкент университеті кафедраларына профессор-оқытушылар құрамының бос орындарына 2023-2024 оқу жылына конкурс жариялайды.(25.12.2023ж.)
1.«ПЕДАГОГИКА» кафедрасы: 6В01101 - «Педагогика және психология» білім беру бағдарламасы бойынша – аға оқытушы, магистр - 2 бірлік. 2.«МАТЕМАТИКА ЖӘНЕ ИНФОРМАТИКА» кафедрасы: 6В01502 - «Информатика» білім беру бағдарламасы бойынша – аға оқытушы, магистр - 1 бірлік 6В01404 - «Кәсіптік оқыту» 6В01405-«Көркем еңбек және жобалау»білім беру бағдарламасы бойынша – аға оқытушы – 1 бірлік. 3.«ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ» кафедрасы: 6В01401 - «Дене шынықтыру және спорт» білім беру бағдарламасы бойынша – аға оқытушы, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушы – 2 бірлік – аға оқытушы, магистр - 1 бірлік; |
|
|
Профессор- оқытушылар құрамына қойылатын талаптар:
1) ғылыми дәрежесі мен атағының болуы; және / немесе академиялық магистр дәрежесі және / немесе маман біліктілігінің болуы;
2) тиісті бейіндер бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар) адамдардың болуы;
3) ғылыми - білім беру ұйымында жұмыс тәжірибесі; (кемінде 3 жылдан 5 жылға дейін).
4) оқу-әдістемелік және ғылыми еңбектер;
5) ғылыми зерттеулерге және/немесе халықаралық жобаларға белсенді қатысу.
Профессор-оқытушылар құрамына қойылатын біліктілік талаптары:
1) Кафедра меңгерушісі: жоғары білімі, ғылыми дәрежесі және/немесе ғылыми атағы, басшылық лауазымдағы немесе мамандық бойынша жұмыс өтілі кемінде 5 жыл.
2) Профессор: жоғары білімі, ғылыми дәрежесі және/немесе профессор ғылыми атағы, ғылыми-педагогикалық қызмет өтілі кемінде 5 жыл, оның ішінде доцент лауазымында кемінде 1 жыл.
3) Доцент: жоғары білімі, ғылым докторы және/немесе кандидаты ғылыми дәрежесі және/немесе ғылыми атағы, ғылыми-педагогикалық қызмет өтілі кемінде 5 жыл, аға оқытушы лауазымында кемінде 1 жыл жұмыс өтілі болуы тиіс.
4) Аға оқытушы: жоғары білім, ғылыми дәреже және/немесе "PhD философия докторы" академиялық дәрежесі, магистр дәрежесі. Ғылыми-педагогикалық қызмет өтілі кемінде 3 жыл, оның ішінде оқытушылық қызмет өтілі кемінде 1 жыл және/немесе мамандығы бойынша практикалық жұмыс өтілі кемінде 2 жыл.
5) Оқытушы: жоғары білімі және/немесе магистр дәрежесінің болуы және / немесе маманның біліктілігі.
Конкурсқа қатысушылардан талап етілетін құжаттар тізімі:
- өтініш
- жеке куәліктің көшірмесі (2 дана)
- кадрларды есепке алу бойынша жеке парағы;
- өмірбаян;
- жоғары білімі мен академиялық ғылыми жәрежесі туралы дипломдарының ғылыми атағы туралы құжаттардың нотариалды расталған көшірмелері және салыстыру үшін түпнұсқалары;
- қайта даярлау және біліктілікті арттыру туралы сертификаттардың көшірмесі (болған жағдайда) және салыстыру үшін түпнұсқалары;
- университеттің бас ғылыми хатшысы және ұйымның мөрімен басылған және расталған соңғы 3 жылдағы ғылыми жұмыстар мен өнертабыстардың тізімі (егер бар болса);
- медициналық кітапша, флюорография
- Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша адамның қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама
- психоневрологиялық ұйымның конкурсқа қатысушының есепте тұрмайтыны туралы анықтамасы;
- наркологиялық ұйымның конкурсқа қатысушының есепте тұрмайтыны туралы анықтамасы;
Мекен жайы: Шымкент қаласы,
Қаратау ауданы, 225 квартал, 426 ғимарат.
Персоналды басқару бөлімі каб. 224
Байланыс телефоны:8-7252-55-58-61.
E.mail.ru: Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.
Сайт: https://univershu.kz/kz/
Мемлекеттік лицензиясы №KZ 421AA00011861