КОНКУРС!!!

КОНКУРС!!!

 2024-2025 оқу жылында академиялық ұтқырлық бағдарламасы шеңберінде Польша мемлекеті Адам Мицкеевич университетінің көктемгі семестріне білім алуға 2-3 курс студенттеріне конкурс жариялаймыз!

 
ЕГЕР СІЗ КЕЛЕСІ ТАЛАПТАРҒА ТОЛЫҚТАЙ САЙ БОЛСАҢЫЗ,

БІЗ СІЗДІҢ ӨТІНІШІҢІЗДІ КҮТЕМІЗ!

 
 Талап етілетін құжаттар тізімі:

  1. Төлқұжат көшірмесі;
  2. Ағылшын тілінде ағымдағы транскрипт (университеттің ресми мөрімен куәландырылған);
  3. Сертификат IELTS, TOEFL, HSK, TOMER немесе шет тілінің деңгейін растайтын сертификат, кемінде B2 деңгейде;
  4. GPA 2,67-ден төмен емес.
  5. Түрлі конкурс, олимпиада, конференция, волонтерлік іс-шараларға белсенділік танытқаныңыз туралы көрсеткіш (грамота, сертификат, алғыс хат, диплом, т.б.).

*Тек студенттік кезеңдегі жетістіктер ескеріледі.

**Ақылы негізде білім алушы студенттер өз қаражаты есебінен жіберіледі. Ниетті студенттер толық құжаттар пакетін тапсырады.

 

Өтінімдерді қабылдау мерзімі: 30.10.2024 ж. дейін

***Құжаттар онлайн SHU PORTAL ақпараттық жүйесінде Академиялық ұтқырлық бөлімінде беріледі.

 

Барлық сұрақтар бойынша: Халықаралық ынтымақтастық департаменті, 226-каб.

Байланыстар

Мекен-жайы: Шымкент қаласы,
Қаратау ауданы, Тассай шағын ауданы,
Жібек жолы көшесі, жер телімі №6
Индекс:
160031
Тел.: 8(7252) 55-58-61
Пошта: shu2050@mail.ru

Пайдалы сілтемелер

Жол жүру сызбасы