КОНКУРС!!!
2025-2026 оқу жылының күзгі семестріне академиялық ұтқырлық бағдарламасы шеңберінде білім алуға 2-3 курс (қазіргі 1-2 курс) студенттеріне конкурс жариялаймыз!
***Университеттер тізімі Халықаралық ынтымақтастық департаменті сайтында және SHU PORTAL ақпараттық жүйесінде Академиялық ұтқырлық бөлімінде көрсетілген.
ЕГЕР СІЗ КЕЛЕСІ ТАЛАПТАРҒА ТОЛЫҚТАЙ САЙ БОЛСАҢЫЗ,
БІЗ СІЗДІҢ ӨТІНІШІҢІЗДІ КҮТЕМІЗ!
Талап етілетін құжаттар тізімі:
- Ректордың атына өтініш;
- Төлқұжат көшірмесі;
- Сауалнама;
- Ата-аналардың академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысуға рұқсаты;
- Learning agreement;
- Ағылшын тілінде ағымдағы транскрипт (университеттің ресми мөрімен куәландырылған);
- Сертификат IELTS, TOEFL, HSK, TOMER немесе шет тілінің деңгейін растайтын сертификат, кемінде B2 деңгейде;
- GPA 2,67-ден төмен емес.
- Түрлі конкурс, олимпиада, конференция, волонтерлік іс-шараларға белсенділік танытқаныңыз туралы көрсеткіш (грамота, сертификат, алғыс хат, диплом, т.б.).
*Тек студенттік кезеңдегі жетістіктер ескеріледі.
***Ақылы негізде білім алушы студенттер өз қаражаты есебінен жіберіледі. Ниетті студенттер толық құжаттар пакетін тапсырады.
Өтінімдерді қабылдау мерзімі: 30.03.2025 ж. дейін
***Құжаттар онлайн SHU PORTAL ақпараттық жүйесінде Академиялық ұтқырлық бөлімінде беріледі.
Барлық сұрақтар бойынша: Халықаралық ынтымақтастық департаменті, 226-каб.