Құттықтаймыз!

 Құрметті Джанабаев Даурен Жұмағалиұлы!

               Сізді Q1 санатындағы «Energies» халықаралық ғылыми журналында «Energy-Efficient Retrofit of Heat Exchange Networks for Oil Treatment and Stabilization Units at Oil Fields» тақырыбында жариялаған мақалаңызбен шын жүректен құттықтаймыз! Бұл маңызды ғылыми жарияланым — қазіргі заманғы энергетикалық жүйелер мен өндірістік процестерді оңтайландыру бағытындағы өзекті мәселелерге терең әрі жан-жақты зерттеу жүргізгеніңізді айғақтайды. Мақалаңыз ғылыми қауымдастық тарапынан жоғары бағаланып, саланың дамуындағы маңызды қадам ретінде танылды.

         Сіздің зерттеу жұмысыңыз оқу ордамыздың ғылыми әлеуетін арттырып, университетіміздің халықаралық ғылыми аренадағы беделін нығайтуға елеулі үлес қосуда. Бұл жетістік тек жеке басыңыздың табысы ғана емес, бүкіл ұжымымыздың мақтанышы болып табылады. Сіздің ғылыми ізденістеріңіз Қазақстанның ғылымы мен білімінің дамуына үлкен ықпал етуде.

        Алдағы уақытта да ғылым саласындағы ең жоғары жетістіктерге жететініңізге сенімдіміз. Ғылыми жұмыстарыңыздың әрі қарай да ғылыми қауымдастықта кеңінен танылып, еліміздің әрі әлемнің дамуына қосқан үлесіңіз зор болғай!

https://www.scopus.com/pages/publications/105030198171?origin=resultslist#:~:text=Energy%2DEfficient%20Retrofit%20of%20Heat%20Exchange%20Networks%20for%20Oil%20Treatment%20and%20Stabilization%20Units%20at%20Oil%20Fields

 

Ғылыми ізденістеріңізге жаңа жетістіктер тілейміз!

Құрметпен, Ғылым департаменті

Байланыстар

Мекен-жайы: Шымкент қаласы,
Қаратау ауданы, Тассай шағын ауданы,
Жібек жолы көшесі, жер телімі №6
Индекс:
160031
Тел.: 8(7252) 55-58-61
Пошта: shu2050@mail.ru

Пайдалы сілтемелер

Жол жүру сызбасы