Құрметті Акшатаева Жанна Байбековна!
Сізді Q2 санатындағы «Corporate Law and Governance Review» халықаралық ғылыми журналында «Legal Regulation of Access to Information in the Field of Environmental Protection» тақырыбында жариялаған мақалаңызбен шын жүректен құттықтаймыз! Бұл ғылыми зерттеу жұмысыңыз экологиялық қорғау саласындағы ақпаратқа қол жеткізу мәселелерін құқықтық тұрғыдан терең зерделеп, жаңа ғылыми тұжырымдар мен шешімдер ұсынғаныңызды көрсететін аса маңызды жетістік болып табылады.
Сіздің жұмысыңыздың нәтижелері тек ұлттық ғылыми қауымдастық үшін ғана емес, халықаралық деңгейде де құқықтық реттеу мен экологиялық саясатты жетілдіруге бағытталған маңызды қадам болып саналады. Зерттеуіңіз университетіміздің ғылыми имиджін көтеріп, экология және құқық саласындағы теориялық және практикалық мәселелерді шешуге елеулі үлес қосуда.
Сіздің ғылыми еңбегіңіз оқу ордамыздың халықаралық деңгейде танылуына ықпал етіп, болашақта да ғылыми ізденістеріңіз жаңа ғылыми бағыттар мен нәтижелерге жол ашатынына сенімдіміз.
Сізге әрі қарай да ғылым саласындағы жоғары нәтижелер мен жаңа жетістіктер тілейміз!
Құрметпен, Ғылым департаменті