Құрметті профессор-оқытушы құрамы!

Құрметті профессор-оқытушы құрамы!

Сіздерді Анкара университетінің TÖMER орталығы ұйымдастыратын I Халықаралық TÖMER конгресіне қатысуға шақырамыз.

Конгресс 2026 жылғы 19–21 қарашада Анкара қаласында гибридті форматта (офлайн және онлайн) өтеді.
Іс-шара тілдік білім беру, көптілділік және мәдениетаралық коммуникация мәселелеріне арналып, әлемнің 25 елінен ғалымдар мен академиялық қауымдастық өкілдерін біріктіреді.

Конгресс тілдері: түрік және ағылшын тілдері.
Баяндамаларға қойылатын талаптар:
* тезис пен толық мәтін тек ағылшын тілінде қабылданады;
* ауызша баяндаманы ағылшын немесе түрік тілінде ұсынуға болады.

Барлық сұрақтар бойынша Халықаралық ынтымақтастық департаментіне және Ғылым бөліміне хабарласуларыңызды сұраймыз.
Баршаңызды халықаралық ғылыми іс-шараға белсенді қатысуға шақырамыз!

Байланыстар

Мекен-жайы: Шымкент қаласы,
Қаратау ауданы, Тассай шағын ауданы,
Жібек жолы көшесі, жер телімі №6
Индекс:
160031
Тел.: 8(7252) 55-58-61
Пошта: shu2050@mail.ru

Пайдалы сілтемелер

Жол жүру сызбасы