«Жас түлек – 2023ж» атты бітіруші түлектердің диплом табыстау кеші өткізілді.


Елімізде ең алғашқы жекеменшік жоғарғы оқу орындарының біріде бірегейі  Шымкент университеті, 7-ші шілде күні «Жастар ресурстық орталығы» залында «Жас түлек – 2023» атты үздік бітіруші түлектерге диплом табыстау іс-шарасы салтанатты түрде өткізілді. Іс-шараның барысында, университет ректоры п.ғ.д,. профессор: Сейткулов Нұрлыбек Ақынұлы және Ғылым істер жөніндегі проректор, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы: Әжіметов Нұржан  Нұрмаханбетұлы үздік бітіруші түлектерге құттықтау сөзін айтып, қызыл диплом иегерлерімен ата-аналарын алғыс хатпен құттықтады  және  белсенді жастарды марапаттап дипломдарын табыстады.

Іс-шараның басты қонағы, қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Әділет Жауғашар болды. Іс-шара қонақтарына әсем әуенді, әндерін жолдады.  Күміс көмей әнші, Айгерім Бақытқызы өзінің әуезді әндерін орындады, және «Қазына» би тобының мың бұралған биші қыздарымен жалғасты.

  Салтанатты іс-шараның соңы, кафедра меңгерушілері, профессор-оқытушылар құрамыда құттықтауларын білдіріп, келесі бітіруші түлектерге арнайы шақырып дипломдарын табыстады, естелікке суретке түсті.


Байланыстар

Мекен-жайы: Шымкент қаласы,
Қаратау ауданы, Тассай шағын ауданы,
Жібек жолы көшесі, жер телімі №6
Индекс:
160031
Тел.: 8(7252) 55-58-61
Пошта: shu2050@mail.ru

Пайдалы сілтемелер

Жол жүру сызбасы

© 2001 - 2024 Шымкент Университеті

Ақпарат:

Email: shu2050@mail.ru
Тел: 8 (7252) 55-58-61

English Turkish