Президент жолдауын талқылау мақсатында Шымкент университетінің білімалушылары қоғам көшбасшыларымен кездесті.


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 1-қыркүйек күні “Әділетті елдің экономикалық бағыты” атты халыққа кезекті Жолдауын жасады. Бұл жолдауда Жоғары оқу орындарында жастардың салауатты өмір салты мен шығармашылығына ерекше көңіл бөлу керектігі айтылған. Ғылым мен жоғары білім беру жүйесіндегі барлық реформалар, талаптар шаралары білім берудің қолжетімділігіне ғана емес, сондай-ақ білім беру процесіне қатысушы: білім алушылар мен ата-аналардың, орта білім беретін мекемелер мен жоғары оқу орындардың жауапкершілігін арттыруға да ықпал ететін болады.

Мемлекет басшысы Жолдауда алдағы реформалардың бағыт-бағдарын айқындай отырып, мемлекетімізді және қоғамның барлық саласын жаңғырта түсуге тиіспіз. Алдағы уақытта Реформалардың мазмұны жан-жақты толыға бермек. Осыған орай студент жастарға тереңінен түсіндіру, насихаттау мақсатында қоғам көшбасшыларымен кездесу өтті. Атап айтатын болсақ, «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалы Атқарушы хатшының орынбасары Айтбаев Ерлан Садырбайұлы, Шымкент қалалық мәслихат депутаты, Шымкент қаласы мәслихатындағы «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Сулайманов Лазиз Низамханович, Шымкент қалалық мәслихат депутаты, Шымкент қаласы мәслихатындағы «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Керимжанов  Мерлан Абдрахманұлы, Шымкент қалалық мәслихат депутаты, Шымкент қаласы мәслихатындағы «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Зейнетаев Абзал Скендирович, Шымкент қалалық мәслихат депутаты, Шымкент қаласы мәслихатындағы «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Балтабаев Талғат Дүйсебайұлы, «Жастар Рухы» Жастар қанаты Шымкент қалалық филиалының төрағасы Жүнісбек Ердаулет Асқарұлы қонақта болды.

Сөз соңында Елбасының Жолдаудағы ұстанымын қолдап, Берекелі бірлігімізді сақтап, табанды еңбек етуге, Отанымызды көркейтіп, ұрпаққа дамыған мемлекет ретінде табыстауға шақырды.

Бабалардан мирас болған ұлан-ғайыр жерді қорғау, оны өркендету – біздің перзенттік парызымыз екенін ұғындыра білді!


Байланыстар

Мекен-жайы: Шымкент қаласы,
Қаратау ауданы, Тассай шағын ауданы,
Жібек жолы көшесі, жер телімі №6
Индекс:
160031
Тел.: 8(7252) 55-58-61
Пошта: shu2050@mail.ru

Пайдалы сілтемелер

Жол жүру сызбасы

© 2001 - 2024 Шымкент Университеті

Ақпарат:

Email: shu2050@mail.ru
Тел: 8 (7252) 55-58-61