Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековтың бастамасымен «Таза қала өзіңнен басталды» акциясы аясында Шымкент университеті жастарға экологиялық тәрбие беру бойынша экологиялық сенбілік ұйымдастырды. Экологиялық сенбілік - жастардың қаламызға деген зор махаббатын, ортақ үйіміздің таза, әдемі болуына және гүлденуіне, көркейуіне талпыныстарын арттырды.
«Тазалық – табалдырықтан басталады», демекші қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарау – азаматтың басты борышы. Білімге қадам басқан әрбір азамат айналасының таза болуына атсалысып, қоршаған ортаны ұқыпты ұстауға дағдыланады. Экологиялық сана жүйесін қалыптастыру арқылы қоғам өзін-өзі тәрбиелеуге мән беріп, табиғатты аялауға, туған жердің қадірін арттыруға кешенді көзқарас қалыптастырады.