Шымкент университетінде бірінші курс жеткіншектерін студент қатарына қабылдау «Тұсау кесер -2023» салтанатты іс-шарасы өтті.
Салтанатты іс-шараның мақсаты: Студенттерді ізденгіштікке, ұтымды жауап айта білуге, тапқырлыққа баулу. Белсенділікке, жан-жақтылыққа, уақытын тиімді пайдалануға, жаман әдеттерден аулақ болуға тәрбиелеу. Студенттік кезде терең білім алып, бәсекеге қабілетті маман болып шығуға үндеу. Салтанатты іс-шара өте жоғары деңгейде өтті. Қоғамның жүрек дүрсілі, өзегі бүгінгі жастар екені белгілі. Ендеше сол жастар, Қазақстанның болашағын бұлыңғырлатпай, сенімдерін селдіретпей, көк байрақты тік ұстап, еліміздің абыройын асқақтата беруіне сенеміз! Осы іс-шарада ат салысқан студенттерге үлкен алғыс білдіреміз.
Бүгінгі білімалушыларымызға тілеріміз, осы оқу орнын жыл сайын бітіріп жатқан біздің түлектеріміз секілді ғылым - білім бұлағынан нәр алып, Оңтүстік өңіріндегі ордалы оқу орнының абыройын одан әрі асқақтата беруге өз үлестеріңізді қосасыздар деп біз кәміл сенеміз. Ол үшін ерінбей, қажымай-талмай еңбектену керек. Ең бастысы, өзіңізге, күш-жігеріңізге сенімді болыңыз. Бұл жерде терең білім алып, сол білімдеріңізді еліміздің күш-қуатын арттыруға жұмсау үшін сіздерге жаңа мүмкіндіктер ашылады. Білім алу жолындағы сапарларыңыз сәтті болсын! – деді салтанатты жиында сөз алған университет басшылары.
Сол жолда сіздерге сәттілік, шығармашылық табыс пен жетістіктер тілейміз.