А. Мицкевич атындағы Познань университетінен келген ғалымдар академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша дәріс оқыды.
2023 жылдың 19 қазанында академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Польша мемлекетінен А. Мицкевич атындағы Познань университетінің ғалымдары Шымкент университеті «Жаратылыстану ғылымдары» кафедрасының бакалавриат және магистратура бағытындағы білім алушыларына қонақдәрістер өткізді. Аталған университеттің Химия департаментінің профессорлары Изабелла Новак, Виолетта Патрионак және Богуслава Леска білім алушыларға қазіргі таңдағы Познань университетіндегі химия саласының даму бағыттары, қоршаған орта химиясы мен координациялық химия негіздері бойынша дәрістер өткізді.
Сондай-ақ Познань университетінің профессор Войцек Антковиак «Биология» білім беру бағдарламасының студенттеріне «Қазіргі таңдағы биология ғылымдарын зерттеудің негізгі бағыттары мен оларды іске асыру» жолдарын түсіндіре отырып, бірлескен ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге шақырды. Білім алушылар қызығушылық таныта отырып, бірқатар сұрақтарға толыққанды жауаптар алды.