Шымкент университетінің білім алушылары Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі Абай Қалшабекпен кездесті.


Тәуелсіздік  мерекесінің қарсаңында Шымкент университеті кітапханасының ұйымдастыруымен «Тарих – өткенге сабақ, келешекке өнеге» тақырыбында белгілі ақын, аудармашы, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, халықаралық «Шабыт» фестивалінің лауреаты, облыстық «Дарын» стипендиясының иегері Абай Қалшабекпен кездесу кеші өтті. Кездесу кешіне университеттің  Әлеуметтік және тәрбие істер жөніндегі проректоры, кафедра меңгерушілері, кітапхана қызметкерлері, университет прфессор оқытушылары мен студент жастар қатысты. Жастарға өнегелі өсиетін арнаған ақынмен бұл кездесуде білімгерлердің таным көкжиегін кеңейту, білім алушыларды кітап оқуға үндеу – кештің басты мақсаты болды.
Абай Қалшабек - ақын, педагог, аудармашы, сөз шебері, қарапайымдылық пен шыншылдықты өмірлік ұстанымы етіп келе жатқан дара тұлға. Болашақ ұстаздарға үлгі болар оқиғалармен, өмірлік тәжірибесімен бөліскен педагог қазіргі жастарды мақтан тұтатындығын айтып, «Өзің өмір сүріп жүрген дәуірдің тынысын дөп басып тану қажет»,- деп кеңес берді. Еркін форматта өткен кездесуде студенттер өз сұрақтарын қойып, пікір алмасты. М.Әуезовтің «Абай жолы» романын, Бауыржан Момышұлының шығармаларын, «Қобыланды батыр» жырындағы Құртқа образын  студенттермен бірге талдады. Кездесу  соңында студенттер ақынның жыр шумақтарын оқып, естелікке фотосуреттер түсірілді.

Байланыстар

Мекен-жайы: Шымкент қаласы,
Қаратау ауданы, Тассай шағын ауданы,
Жібек жолы көшесі, жер телімі №6
Индекс:
160031
Тел.: 8(7252) 55-58-61
Пошта: shu2050@mail.ru

Пайдалы сілтемелер

Жол жүру сызбасы

© 2001 - 2024 Шымкент Университеті

Ақпарат:

Email: shu2050@mail.ru
Тел: 8 (7252) 55-58-61

English Turkish