Шымкент университеті мен Ж.Баласағұн атындағы Қырғыз Ұлттық университеті қос дипломды бағдарламаны іске қосуға келісті


    2023 жылғы 05 желтоқсанда Шымкент университеті мен Ж.Баласағұн атындағы Қырғыз Ұлттық университетінің өкілдері кездесу өткізді.

    Қос дипломды білім беру Қазақстандық білімнің халықаралық кеңістікке енуінің маңызды құралы болып табылады. Бұл бағыт білім сапасын арттыру, ғылыми зерттеулер, университеттің әлемдік білім кеңістігіндегі бәсекеге қабілеттілігі тұрғысынан университет дамуының стратегиялық мүдделеріне жауап береді және Болон процесінің жоғары оқу орындарын интернационалдандырудың негізгі қағидаттары мен ережелеріне сәйкес келеді.

      Бір мезгілде екі диплом алу арқылы студенттердің өз академиялық білімін тереңдетіп, мәдениетаралық алмасуға қатысып, кәсіби мансап жолында кең мүмкіндіктер ашылады.  Қос дипломдық бағдарлама шеңберінде студент уақытын шығынсыз жұмсап, екі университеттің дипломды маманы болады және әрі қарай шетелдік жоғары оқу орындарының магистратурасына, әсіресе студент диплом алған жоғары оқу орнына түсуге артықшылықтары бар.Одан өзге, студент басқа елдердің студенттерімен қарым-қатынас жасап, тілдік тәжірибе және тілдік орта студенттің тілдік дағдыларын жақсартуға мүмкіндік береді . Ары қарай жұмысқа орналаса отырып, шетелдік компанияда тәжірибеден өту мүмкіндігі көп. Тараптар қос дипломды бағдарламаны ұйымдастыру мәселелеріне байланысты жоспарды талқылап, студенттерді осы бағдарламаға тарту жөнінде пікір алмасты. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар 2024-25 оқу жылында «Педагогика және психология», «Биология», «Химия»  ББ бойынша екі дипломды бағдарламаны іске қосу туралы уағдаласты.

      Білім беру жүйесіне арналған оқу жоспарларын бірлесіп әзірлеу нәтижесінде оқытудың нақты қажеттіліктері мен еңбек нарығының талаптарына сай мамандарды сапалы даярлауға ықпал етеді.


Байланыстар

Мекен-жайы: Шымкент қаласы,
Қаратау ауданы, Тассай шағын ауданы,
Жібек жолы көшесі, жер телімі №6
Индекс:
160031
Тел.: 8(7252) 55-58-61
Пошта: shu2050@mail.ru

Пайдалы сілтемелер

Жол жүру сызбасы

© 2001 - 2024 Шымкент Университеті

Ақпарат:

Email: shu2050@mail.ru
Тел: 8 (7252) 55-58-61

English Turkish