«Қош келдің – әз Наурыз» атты мерекелік іс-шара өткізілді.

Бүгін Халықаралық наурыз мейрамы, Тәрбие бөлімі және жастар ұйымының белсенді жастарының ұйымдастыруымен өткен «Қош келдің – әз Наурыз» атты мерекелік іс-шара өткізілді. Мерекелік іс-шаранаың барысында наурыз көже, бауырсақ, және тағыда басқа ұлттық тағамдар келген қонақтарға тарту етілді. Іс-шараны мың бұралған биші қыздарымыз ұлттық бимен ашып берді. Жиналған көпшілік қауымға өз тілек, батасын беруге, Жаратылыстану және гуманитарлық ғылымдар факультетінің деканы, химия ғылымдарының кандидаты, доцент: Шингисбаев Бакытжан Маликович және Қазақстан еліне еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан суретшілер одағының мүшесі: Айтбаев Еркін мырзалар арнайы сөз, тілегіне шығып өз жылы лебізімен құттықтауын айтты. Іс-шара әрмен қарай ән, би шашуларымен жалғасты.

Байланыстар

Мекен-жайы: Шымкент қаласы,
Қаратау ауданы, Тассай шағын ауданы,
Жібек жолы көшесі, жер телімі №6
Индекс:
160031
Тел.: 8(7252) 55-58-61
Пошта: shu2050@mail.ru

Пайдалы сілтемелер

Жол жүру сызбасы