«Ислам – терроризмге қарсы дін» атты рухани іс-шара өтті.
Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасының ұйымдастыруымен және Шымкент университетінің белсенді жастарының қатысуымен «Өнер» бөлімінде «Ислам- терроризмге қарсы дін» атты рухани іс-шара өтті. Алдымен шараға келген қонағымыз кітапханамен және Муфтият бұрышымен танысты.
Іс-шараға Әл-Біләл мешітінің найб имамы Жандәулет Садырбай мырза жастармен ИСлам діні жайлы, қоғамда орын алып отырған терроризм жайлы айта келіп көпшілікті діни сауаттылыққа шақырды.
Шымкент университетінің белсенді жастары өз көкейлерінде жүрген сұрақтарды қойып, сұрақтарына толық жауап алып, келген қонақтармен сұхбаттасты.