2025 жылы Ақпан айының 25-сі күні Әл-фараби атындағы қалалық, ғылыми-әмбебап кітапханасында, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті насихаттау мақсатында «Адалдық жолынан айнымайық» атты іс-шара өтті.
Іс-шараға Шымкент университетінің «Құқық және тарих» кафедрасының заң ғылымдарының магистр оқытушысы Камалханов Серіхан Қарсыбайұлы, ҚР ІІМ Бауыржан Момышұлы атындағы оқу орталығының аға оқытушысы, полиция полковнигі Қуанышбекқызы Нұргүл, ҚР ІІМ Бауыржан Момышұлы атындағы оқу орталығының бөлім басшысы, полиция капитаны Мекембай Мейрамбек, және кітапхана оқырманы, зейнеткер Молдабеков Қамбарбек қатысып, жемқорлықтың салдарын жан-жақты түсіндіріп көрсетті.

