Құқықтық сана – ұлт рухының айнасы!

8 қазан 2025 жылы, Шымкент университетінің «Құқық және тарих» кафедрасында ерекше мазмұнды кездесу өтті.

Қазақстан Республикасы ІІМ Б. Момышұлы атындағы оқу орталығының аға оқытушысы, полиция полковнигі Маймақов Айболат Тілеубайұлы «Құқықтық сана, ұлттық мінез, діни таным» тақырыбында әсерлі дәріс оқыды.

            Дәріс барысында қатысушылар құқық пен руханияттың, ұлттық мінез бен адамгершіліктің өзара байланысын терең түсінді.

            Осындай кездесулер – болашақ заңгерлердің ой-өрісін кеңейтіп, елге қызмет етуге деген сенімін нығайтады.

Байланыстар

Мекен-жайы: Шымкент қаласы,
Қаратау ауданы, Тассай шағын ауданы,
Жібек жолы көшесі, жер телімі №6
Индекс:
160031
Тел.: 8(7252) 55-58-61
Пошта: shu2050@mail.ru

Пайдалы сілтемелер

Жол жүру сызбасы