3 желтоқсан Халықаралық мүгедектер күніне орай дөңгелек үстел
Шымкент университетінде «Қазақстан тарихы және жалпы білім беру пәндері» кафедрасы бойынша аға оқытушы магистр Г.Қ. Оспанованың ұйымдастырумен Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 30 жыл толуына және 3 желтоқсан Халықаралық мүгедектер күніне орай дөңгелек үстел пікір алмасу форматында 3 курс білім алушы жастардың қатысуымен «Инклюзивті білім беруді дамытудың тұжырымдамалық тәсілдерін іске асырудың күтілетін нәтижелері және кезеңдері» атты тақырыпта практикалық сабақ өткізілді.
Сабақтың мақсаты: Білім алушыларға пікір алмасу барысында инклюзивті білім беруді дамытудың тұжырымдамалық тәсілдерін іске асырудың нәтижелері мен кезеңдерінде инклюзивті білім беруді дамытуда жоғары көрсеткіштеріне жетуге, барлық адамдардың сапалы білім алуына толыққанды тең қолжетімділігін қамтамасыз етуге, инклюзивті үрдіспен қоғамның қанағаттануына, мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларды толеранттылық қарым-қатынаспен қалыптастыруға және нормативтік-құқықтық және ұйымдастырушылық – экономикалық негіздерін қамсыздандыруға мүмкіндік беруі туралы білімдерін тиянақтау.
Білім алушы жастар Заңға енгізілген бағдарлама материалдарын баяндап, ұсына отырып студенттердің сол материалдарды белсенділікпен қабылдауын ұйымдастыру.