_dsc8963.jpg
Сейткулов Нұрлыбек Ақынұлы
Шымкент университетінің ректоры
- Қайырлы күн, ректор мырза! Сізден біздегі академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша сұрағым келеді. Біздің университет Қазақстан ішіндегі қандай университеттермен келісім шартқа отырған. Біз, еліміздегі қай жоғары оқу орындарына академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша барып, оқи аламыз?---

- Сәлеметсіз бе! Академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша университетіміз келесідей жоғары оқу орындарымен келісім-шартқа отырған:

- «Алматы гуманитарлы-экономикалық университеті», Алматы қаласы;

- «Сырдария» университеті, Жетісай қаласы;

- «Орталық-Азия инновациялық университеті», Шымкент қаласы;

-«Мирас» университеті, Шымкент қаласы;

- С. Баишев атындағы Ақтөбе университеті, Ақтөбе қаласы;

Аталған осы университеттерге академиялық ұтқырлық бағдарламасымен барып, оқи аласыздар.

 - Сәлеметсіз бе, Нұрлыбек Ақынұлы! Басқа өңірлерден келген студенттерге жатақхана беріле ме? Берілсе, оны қалай алуға болады?

 - Сәлеметсіз бе! Шымкент университетінің жарғысына сәйкес күндізгі оқу түрінде оқитын студенттерге беріледі;

    Жатақханадан орын алар алдын, әрбір тұрғын жатақхана меңгерушісімен өзара жауапкершілікте келісе отырып және төмендегі құжаттарды тапсыруы тиіс:

- Студенттік жатақхана басқармасының басшысына жазылған өтініш;

- Тиісті оку орнынан берілген жатақханада тұруга рұқсат ордері;

- Жатақханада тұру үшін төлем ақысының түбіртегі;

- Жеке куәлігінің көшірмесі;

- Денсаулық жағдайы туралы 086У анықтамасы;

- Мекен-жайы туралы анықтамасы;

- 3х4 екі сурет.

 

 - Саламатсыз ба? Университетіміздегі академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша шет елдегі қандай университеттермен байланыс орнатылған. Ол жерге барып оқу үшін не істеу және қандай құжаттарды жинақтау қажет?

 - Сәлеметсіз бе!Академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша шет елдік мына жоғары оқу орындарымен келісім-шарт жасалған:

- «Витаутас Магнус» университеті, Литва;

- «Қырғыз-Қазақ» университеті, Қырғыстан;

- «Самарқанд мемлекеттік университеті», Өзбекстан;

Толығырақ:

https://univershu.edu.kz/media/attachments/2021/02/19/31.pdf

 - Қайырлы кеш! Мен 1 курс дене тәрбиесі және спорт мамандығында оқимын. Университет ішінде мамандығымды ауыстырғым келеді. Ауыстыруға бола ма?

 - Сәлеметсіз бе! Бірінші курс студенттерін ауыстыру туыстық мамандығы бойынша бірінші семестрді аяқтағаннан кейін жүзеге асырылады. ЖОО-да бір оқу бағытынан екіншісіне немесе бір нысаннан екіншісіне ауыстыру білім беру ұйымы басшысының бұйрығымен жүргізіледі (басшының атына өтініш қажет). Оқыту тек ақылы негізде жүзеге асырылады.
Оқу жоспарлары пәндеріндегі академиялық айырмашылықты жою тәртібі мен мерзімдері факультет деканының ағымдағы оқу жылына арналған өкімімен ресімделеді және білім алушының жеке оқу жоспарына енгізіледі.
Басқа мамандыққа ауыстыру үшін студенттің ағымдағы пәндер бойынша академиялық берешегі (кредиті) болмауы тиіс.
Аударым тек қысқы және жазғы демалыстар кезеңінде қаралады. Осы кезеңде студентке оқу пәндеріндегі айырмашылықты жою қажет (айырмашылық ақылы негізде ғана жойылады, белгіленген мерзімде жойылмаған айырма бұдан әрі академиялық берешек (кредит) ретінде ескеріледі).

 - Сәлеметсіз бе, Нұрлыбек Ақынұлы! Білім алушылардың оқу үлгерімін ата-аналары қайдан көре алады?

 - Сәлеметсіз бе, ия, көре алады! Ата-ана өз баласына берілген құпия сөзбен логин арқылы жеке акаунтқа кіріп, сонда көрсетілген бағалар мәзірінде әр сынақ кезінде жиналған баллдарын көре алады. Толығырақ: https://portal.univershu.edu.kz

 

Қайырлы күн! Портал Шуды ата-аналар қолдана ала ма?
Сәлеметсіз бе! Әрине, қолдана алады, университете қандай бір жаңалықтар болып жатса, солармен танысып отыруға жағдай жасалынған. Толығырақ:  https://portal.univershu.edu.kz

 

Саламатсыз ба, Нұрлыбек Ақынұлы? Шымкент университетінен басқа да университеттерге оқуымызды ауыстыра аламыз ба?
- Сәлеметсіз бе, иә!  Оқу орнын ауыстыру бірінші семестрді аяқтағаннан кейін жүзеге асырылады. ЖОО-да бір нысаннан екіншісіне ауыстыру білім беру ұйымы басшысының бұйрығымен жүргізіледі (басшының атына өтініш қажет).

 - Сәлеметсіз бе! Осы оқу орнын бітіргеннен соң, қаншалықты деңгейде жұмыспен қамтамасыз ете аласыздар?
- Сәлеметсіз бе! Түлектердің жұмысқа орналасу деңгейін арттыру және білікті мамандарға тапсырыстарды қанағаттандыру мақсатында жыл сайын "Бос жұмыс орындар жәрмеңкесі" өткізіледі, оған ауданның білім бөліміне қарасты мектептер мен мемлекеттік мекемелердің басшылары қатысады. "Дипломмен ауылға", "Жастар тәжірибесі", "Жұмыспен қамту 2020 жол картасы" мемлекеттік бағдарламалары жүзеге асырылады. Осыған орай, айта кетерлігі жұмыссыз жүрген азаматтардың жұмыспен қамту бағдарламасы сияқты мемлекет қолдау білдіріп отырған аталмыш шараларға қатысып, жұмыс табуына мол мүмкіндіктері бар.

Ректор мырза, сәлеметсіз бе! Белгілі себептерге байланысты оқуын тастап кеткен студенттер, біршама уақыттан соң оқуды әрі қарай жалғастыра ала ма?

Сәлеметсіз бе, иә, жалғастыра алады.

    Оқудан шығарылған студенттерді қайта қабылдау үшін мына құжаттар қажет:

  1. Жеке куәлік/ Удостоверение личности;
  2. Транскрипт немесе академиялық анықтама /Транскрипт или академическая справка;
  3. Алдыңғы білім деңгейінің аяқталғаны туралы құжат/Документ о завершении предыдущего уровня образования
  4. Оқуға қабылданған, курстан курсқа өткен, оқудан шығарылған бұйрықтар көшірмелері/ Выписка из приказов о зачислении, перевода с курса на курс и об отчислении;
  5. Оқуға түсу емтихандары бойынша құжаттар (ҰБТ / ТКТ сертификаты, түсу емтихандарының тізімінен көшірме және т.б.)/Документы о вступительных испытаниях (сертификат ЕНТ/КТА, выписка из ведомости вступительных экзаменов и др.).

Қайырлы күн, ректор мырза! Студенттерді қай күндері, қай уақытта қабылдайсыз?
- Сәлеметсіз бе! Әр аптаның бейсенбі күні сағат 14:00-ден – 16:00-дейінгі аралықта қабылдаймын.

----------
Сұрақ:  Сәлеметсіз бе! Мен Химия білім беру бағдарламасының студенттімін. Биыл бакалаврді тамамдап магистратураға түссем деймін, магистратура туралы білгім келеді! Магистратураға қойылатын талаптар қандай?

Жауап: Сәлеметсіз бе, UNIVERSHU.KZ сайтында «Магистр» бөлімінде магистратураға түсу үшін барлық қажетті талаптар белгіленген. Сонымен қатар құжаттарды қабылдау ережелерін немесе жиі қойылатын сұрақтарға  парақшамызда толықтай мәліметтер берілген.

----------
Сұрақ: 
 Қайырлы күн! Сіздің университетте академиялық ұтқырлық бар ма?

Жауап: Қайырлы күн! Әрине, бар. Университет әрдайым тәжірибе алмасу үшін өзіміздің  студенттерді басқа қалаларға жібереміз. Кеңес алу үшін тіркеу бөліміне хабарласыңыз.

----------
Сұрақ: 
 Сәлеметсіз бе,  мен 2 курс студентімін, сұрайын дегенім,  2 курс бітірген соң мамандық ауыстыруға болама?

Жауап: Сәлеметсіз бе! Иә болады, егер пән айырмашылығының ауысу ережесіне сәйкес болған жағдайда.

----------
Сұрақ: 
 Сәлеметсіздер ме! Мен 2 курс студенті өз құжаттарымды  алайын дегенмін, алайда оқу ақысын төлей алмадым. Құжаттарымды ала аламын ба?

Жауап:  Иә, құжаттарыңызды қайтарып ала аласыз. Алайда, транскрипт, академиялық анықтама немесе т.б білім туралы құжаттарыңыз оқу төлем ақысы төленбеген жағдайда берілмейді.

----------
Сұрақ: 
  Сәлеметсіз бе! Мен  информатика  мамандығының студентімін, университет студенттерге тегін ағылшын курсын деңгей бойынша өткізе алады ма? Алдағы уақытта курс тегін болса сертификаттарды да деңгей бойынша тегін ала аламыз ба?

Жауап: Сәлеметсіз бе! Студенттердің талаптарына сай алдағы уақытта қарастыратын боламыз.

----------
Сұрақ: 
 Басқа ЖОО-нан ауысқан  студенттерге  пән айырмашылығын  қай уақытта тапсыруға болады?

Жауап:  Пәннің академиялық айырмашылығын жою үшін студент оқу жоспарындағы пәндерге жазылады, академиялық кезең барысында оқу сабақтарының барлық түрлеріне қатысады, ағымды бақылаудың барлық түрін тапсырады және қорытынды бақылауға рұқсат алады. Егер пәндер айырмашылығы сабақ кестесіне енбеген болса, студент айырмашылықты жазғы семестрде тапсырады. 

----------
Сұрақ: 
 Сәлеметсіздер ме!  Бізге  академиялық демалыс алуға болады ма?  Ол үшін қандай құжаттар керек?
Жауап:  Ережеге сәйкес академиялық демалыс мынадай жағдайларда беріледі:

 1) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметке шақыру қағазы болғанда;
 2) босанғанда, ұл немесе қыз бала асырап алғанда - заңнамада белгіленген жағдайларда ұзақтығы 3 жылға дейін;
 3) амбулаториялық-емханалық ұйым жанындағы дәрігерлік-консультациялық комиссияның (бұдан әрі - ДКК) қорытындысы бойынша сырқатына байланысты ұзақтығы 6 айдан 12 айға дейін;

----------

Сұрақ: Сәлеметсіздерме! Егер мен қандай да бір пәннен қанағатсыз баға алып қалсам не істеуім керек?

Жауап: Иә, егер студент қанағатсыз баға алса немесе бір себептермен емтиханға қатыса алмаса, онда академиялық қайта тапсыру кестесіне сәйкес тапсыруына болады.

----------
Сұрақ:
 Сәлеметсіз бе, мен Қазақстан азаматы емеспін, сіздердің университетте қашықтықтан оқи аламын ба?
Жауап: Иә оқи аласыз, оқуға қабылдау талаптарын орындап, талап етілетін құжаттарды рәсімдеуіңіз  және оқу төлем ақысын университеттің банктегі шотына теңгемен аударуыңыз қажет.

Контакты

Адрес: г. Шымкент,
Каратауский район, 160031.

Тел.: 8(7252) 55-58-61
Почта: shu2050@mail.ru
Квартал 225,
Здания 426

Полезные ссылки

Схема проезда

© 2001 - 2022 Шымкентский Университет

Информация:

Email: shu2050@mail.ru
Тел: +7 747 412 95 91