Кобеева Загира Сапарбековна
Кафедра меңгерушісі
PhD докторы, аға оқытушы
Телефон: 8 702 494 01 06
Email:Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.
Ғылыми дәреже: PhD докторы
Қазіргі жұмыс орны: Шымкент университеті, «Математика және информатика» кафедрасының меңгерушісі.
Оқытылатын пәндер тізімі:
- Информатиканың теориялық негіздері
- Мәліметтер қоры және ақпараттық жүйелер
- Информатиканы оқыту әдістемесі
- Алгоритмдер теориясы
Біліктілікті жоғарылату
-
- «Негізгі объектіге бағытталған бағдарламалау негіздері (бағдарламалау тілі мысалында)» – Тәжік педагогикалық институты, Пенджикент қаласы.
- «Бағдарламалау» – Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Үздіксіз және қашықтан білім беру орталығы. Сертификат № 05697.
- «Білім берудегі ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» – Үкіметтік емес сапаны бағалау орталығы. Сертификат № НЦОК-7.69.
- «Python бағдарламалау тілі» – «IT Bilim» оқу орталығы. Сертификат № 641.
- «Функционалдық сауаттылық – сапалы білім берудің кепілі» – Ardahan University. Сертификат № 047.
Кафедраның тарихы «Математика және информатика» кафедрасы – Шымкент университетінің білім беру, ғылыми-зерттеу және оқу-әдістемелік бағыттарындағы маңызды құрылымдық бөлімшелерінің бірі. Кафедраның қалыптасу тарихы 2000–2001 оқу жылынан бастау алады.
2000 – 2001 оқу жылында «Физика-информатика» мамандығы ашылып, бастапқыда «Жаратылыстану пәндері» кафедрасының құрамында жұмыс істеді. 2001–2002 оқу жылында жаңадан құрылған «Математика-экономика пәндері» кафедрасының құрамына қосылды.
2002–2012 жылдар аралығында кафедра дербес «Физика және информатика» кафедрасы ретінде қызмет атқарды. Осы кезеңде кафедраның ғылыми, кадрлық және білім беру әлеуеті қалыптасып, даму бағыттары кеңейе түсті. Кафедрада 4 ғылым докторы, 15 ғылым кандидаты және 20 магистр дәрежесі бар оқытушы еңбек етті.
2010–2011 оқу жылында 6М010900 – «Математика» мамандығы бойынша мерзімсіз лицензия алынды. Сонымен қатар, 2010 жылы 6В06101 – «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» және 6В01404 – «Кәсіптік оқыту» білім беру бағдарламалары ашылып, кафедраның педагогикалық және техникалық бағыттар бойынша мамандар даярлау қызметінің ауқымы кеңейді.
2012–2013 оқу жылынан бастап кафедра «Математика және информатика» атауымен жұмысын жалғастырды. Осы кезеңнен бастап математикалық, жаратылыстану, педагогикалық және ақпараттық технологиялар салалары бойынша мамандар даярлау жұмыстары жаңа бағытта дамыды.
Кафедраның білім беру қызметін жетілдіру, білім беру бағыттарын кеңейту және еңбек нарығының сұраныстарына сәйкес бәсекеге қабілетті мамандар даярлау мақсатында жаңа білім беру бағдарламалары кезең-кезеңімен ашылды:
- 2010 жыл– 6В06101 – «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету»;
- 2010 жыл– 6В01404 – «Кәсіптік оқыту»;
- 2019 жыл– 6В01405 – «Көркем еңбек және жобалау»;
- 2022жыл – 6В01506 – «Физика және информатика»;
- 2022 жыл– 7М01507 – «Информатика» (магистратура);
- 2023 жыл– 6В06102 – «Ақпараттық жүйелер».
Аталған білім беру бағдарламаларының ашылуы кафедраның педагогикалық, жаратылыстану, техникалық және ақпараттық технологиялар бағыттарындағы білім беру қызметін кеңейтуге мүмкіндік берді. Білім беру бағдарламаларының мазмұны заманауи ғылыми-техникалық жетістіктерге, цифрлық трансформация үдерістеріне және еңбек нарығының талаптарына сәйкес жетілдіріліп келеді.
Кафедраның білім беру және ғылыми қызметіндегі маңызды бағыттардың бірі – жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді дамыту. Осы уақыт аралығында кафедра оқытушыларының ғылыми жетекшілігімен 1000-ға жуық магистрант ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындап, магистр академиялық дәрежесін иеленді.
Кафедраның дамуындағы маңызды басымдықтардың бірі – ғылыми-зерттеу қызметін жетілдіру және профессор-оқытушылар құрамының ғылыми әлеуетін арттыру. Кафедра оқытушылары студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарына белсенді жетекшілік жасап, білім алушылардың ғылыми ізденістерін қолдауға ерекше көңіл бөледі.
Профессор-оқытушылар құрамының ғылыми еңбектері Scopus, Web of Science және РИНЦ дерекқорларында индекстелетін ғылыми басылымдарда жарияланып келеді. Оқытушылардың ғылыми жарияланымдары мен дәйексөз көрсеткіштері олардың ғылыми-зерттеу бағытындағы нәтижелілігін айқындайды.
Соңғы үш жылдағы ғылыми-зерттеу қызметінің нәтижесінде кафедраның профессор-оқытушылар құрамы 260 ғылыми мақала, 37 оқу құралы, 3 монография және 50 әдістемелік нұсқаулық әзірлеп, баспадан шығарды.
Қазіргі таңда кафедрада 2 ғылым докторы, 4 PhD докторы, 19 ғылым кандидаты және 17 магистр дәрежесі бар оқытушы қызмет атқарады. Кафедраның ғылыми әлеуеті 77%-ды құрайды.
Бүгінде «Математика және информатика» кафедрасы педагогикалық, жаратылыстану, техникалық және ақпараттық технологиялар бағыттары бойынша бәсекеге қабілетті мамандар даярлауды, ғылыми-зерттеу қызметін дамытуды, заманауи педагогикалық және цифрлық технологияларды оқу үдерісіне енгізуді басым бағыттар ретінде қарастырады. Кафедра отандық және халықаралық білім беру кеңістігінің заманауи талаптарына сай жоғары білікті мамандар даярлау бағытындағы қызметін жүйелі түрде жалғастыруда.
Кафедраның мақсаты
Ұлттық біліктілік жүйесінің талаптары мен еңбек нарығының сұраныстарына сәйкес, іргелі теориялық білімі, кәсіби құзыреттілігі, зерттеушілік және шығармашылық қабілеттері қалыптасқан, бәсекеге қабілетті, білім беру саласындағы өзекті мәселелерді тиімді шеше алатын жоғары білікті мамандар даярлау.
Кафедраның міндеттері
- Білім мен ғылыми әлеуетке негізделген инновациялық білім беру ортасын қалыптастыру және білім беру үдерісіне заманауи технологияларды енгізу.
- Қазақстан Республикасының және шетелдің жетекші жоғары оқу орындарымен, ғылыми-зерттеу институттарымен және білім беру орталықтарымен халықаралық ынтымақтастықты дамыту.
- Студенттерді, магистранттарды және профессор-оқытушылар құрамын дәстүрлі академиялық құндылықтарды сақтауға, ғылыми ізденістерге және академиялық мәдениетті дамытуға ынталандыру.
- Кафедраның білім беру бағыттары мен ғылыми басымдықтарына сәйкес іргелі және қолданбалы ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу.
- Жан-жақты дамыған, кәсіби және әлеуметтік құзыреттілігі жоғары, көшбасшылық қасиеттері қалыптасқан, командада тиімді жұмыс істей алатын бәсекеге қабілетті мамандар даярлау.
- Профессор-оқытушылар құрамының кәсіби біліктілігін арттыру, педагогтерді қайта даярлау және олардың кәсіби дамуына жағдай жасау.
- Кафедраның оқу-әдістемелік қызметін жетілдіру, білім беру бағдарламаларының мазмұнын еңбек нарығының заманауи талаптарына сәйкестендіру.
- Білім алушылардың шығармашылық, зияткерлік және зерттеушілік әлеуетін дамытуға бағытталған тиімді оқыту әдістері мен инновациялық педагогикалық технологияларды жетілдіру.
- Білім алушылардың цифрлық сауаттылығын, ақпараттық-коммуникациялық және кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастыру.
- Ғылыми-зерттеу нәтижелерін білім беру үдерісіне енгізу, ғылыми жарияланымдар мен оқу-әдістемелік еңбектердің сапасы мен санын арттыру.
Кафедраның даму басымдықтары
- Математика,информатика, ақпараттық жүйелер салалары бойынша сапалы білім беру;
- Заманауи ақпараттық-коммуникациялық және цифрлық технологияларды оқу үдерісіне енгізу;
- Ғылыми-зерттеу қызметінің тиімділігін арттыру және халықаралық ғылыми кеңістікке интеграциялану;
- Профессор-оқытушылар құрамының ғылыми және кәсіби әлеуетін дамыту;
- Білім алушылардың ғылыми-зерттеу, шығармашылық және кәсібиқұзыреттіліктерін қалыптастыру;
- Халықаралық академиялық ынтымақтастықты кеңейту;
- Білім беру бағдарламаларын жетілдіру және еңбек нарығында сұранысқа ие мамандар даярлау.
Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз
п.ғ.к., доцент
магистр, аға оқытушы

магистр, аға оқытушы
магистр, оқытушы
аға оқытушы
ф-м.ғ.д., профессор
ф-м.ғ.к., аға оқытушы
магистр оқытушы

аға оқытушы
магистр, аға оқытушы
магистр, аға оқытушы
ф-м.ғ.д., профессор

Phd, аға оқытушы

Phd, аға оқытушы
магистр,оқытушы
магистр, оқытушы

магистр, оқытушы
PhD, аға оқытушы
ф-м.ғ.д

















