Жетістіктер
Шымкент қаласының жоғарғы оқу орындарындағы «6В049-Құқық» дайындығы бағыты бойынша білім алушылар арасында Қазақстан Республикасының Конституциялық құқық пәні бойынша «Қазақстан Республикасының Конституциясы –жаңа Қазақстанды құрудың құқықтық негізі»атты олимпиадаға Университетіміздің 6В04201-Құқық білім беру бағдарламасының 1-курс білім алушыларынан құралған «Жас заңгер» командасы қатысып 3-орынды иеленді. Дарынды және талантты білім алушыларды анықтау,сондай ақ шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында өткен бұл Олимпиада М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Университетінің Заң Факультетінің ұйымдастыруымен өткізілді.
2023 жылы 24 қараша күні Шымкент қалалық прокуратурасы ұйымдастырған Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының, құқық қорғау органдары академиясына түсу бойынша ЖОО студенттеріне ашық есік күні өткізілді. Осы іс шара «Құқық және тарих» кафедрасының студенттерінің қатысуымен өтті.
“ Құқық және тарих” кафедрасының 6В01601- “ Тарих” БББ-ның 2- курс білім алушылары Ташкент қаласындағы “ALFRAGANUS” университетімен жасалған Халықаралық ынтымақтастықты нығайту мақсатында академиялық ұтқырлық білім бағдарламасын игеруде!
2024 жылдың 15-ші қаңтарымен 27-қаңтар аралығында өткен М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Университетінің Заң Факультеті ұйымдастырған «Жаһандану жағдайында адам құқықтарын қорғау:теориялық мәселелер және практикалық шешімдер» тақырыбындағы ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОНЛАЙН ҚЫСҚЫ МЕКТЕП-2024 курсына.Шымкент университетінің 6В04210-Құқық БББ-ның студенттерімен,оқытушылары қатысты. Бүгін 01-ақпан күні курсқа қатысқан студенттермен ОПҚ сертификаттармен марапаталды!
2024-жылдың 15-наурызы күні Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті және Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығының» КММ бірлесіп, жоғарғы оқу орындар арасында қалалық «Anti ParaCraft-2024» квест ойындары өтті. Аталмыш іс-шараға Шымкент университетінің «Заңды құйын» командасы қатысып жүлделі 1 орынды жеңіп алды.
Түркия қаласында өткен Эйфория 15 форумы.
Ағымдағы жылдың 01.05.2024-05.05.2024ж аралығында Түркия мемлекетінің Кемер (Анталья) қаласында өткен Гази университеті, Кастамону университеті, оқу әкімшілері және сарапшылар қауымдастығымен (EYUDER) бірлесіп өткізген «EYFOR-15» 15-ші халықаралық білім менеджменті форумына кафедрамыздың магистр аға оқытушысы М.З Палванова қатысып келді. Аталған конференцияда «Қылмыстық жолмен алынған ақшалар мен мүліктерді заңдастыруға (жылыстатуға) қарсы іс-қимыл: халықаралық тәжірибе» тақырыбындағы мақаласын қорғап, арнайы сертификатпен марапатталды.
Бүгін 2024 жылдың 04 сәуірінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры, заң ғылымдарының кандидаты, Г.Т. Айгаринова Шымкент қаласында орналасқан Шымкент Университетінің "Құқық және тарих" білім беру бағдарламасының 1-курс студенттеріне ішкі академиялық ұтқырлық шеңберінде дәріс өткізді. Онлайн форматта өткізілген дәріс соңында аталған университеттер арасында ғылыми, әдістемелік, академиялық ұтқырлық, инновация саласында ынтымақтастықты одан әрі жетілдіріп, нығайта түсу бойынша ұсыныстар жасалды.
Орталық Азия Инновациялық Университеті 2024 жылы 28 наурыз бен 12 сәуір аралығында «Жеті жарғы Тәуке хан ұлы құқық ескерткіші ретінде: құқықтық әдет-ғұрып, сот ісін жүргізу және жаза» тақырыбында өткен эссе-конкурсына Тарих, құқық білім беру бағдарламасының білім алушылары қатысып, жүлделі 1,2,3 орындарға ие болды. Конкурсқа жетекшілік жасаған ОПҚ -на алғыс білдіреміз. Кафедра ұжымы атынан студенттеріміздің ғылыми шығармашылық ізденістерінің арта беруіне тілектеспіз!