Академиялық ұтқырлық

Академиялық ұтқырлықтың басты мақсаты

Магистранттардың басқа оқу орындарында білімдерін көрсете отырып, университетіміздің беделін арттыру. Халықаралық стандарттарға сәйкес қазақстандық жоғары білімнің сапасын қамтамасыз ету, оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру.

Академиялық ұтқырлық бағдарламасының қандай артықшылықтары бар?

Бұл бағдарлама шетелдік серіктес жоғары оқу орындарында студенттер мен оқытушылардың оқуына және ғылыми іс-шараларын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Академиялық ұтқырлық бағдарламасы шектеулі мерзімге, әдетте семестрге немесе оқу жылына арналған.Ұтқырлық бағдарламаларына қатысу магистранттарға бірқатар перспективалық мүмкіндіктер мен артықшылықтар береді:

  • ғылыми және білім беру саласында баға жетпес халықаралық тәжірибе алуға;
  • кәсіби білім мен практикалық дағдыларды кеңейту;
  • пайдалы тілдік тәжірибеден өту;
  • халықаралық мәдениаралық топта сабақ беру және қарым-қатынас жасау тәжірибесін алу.

Байланыстар

Мекен-жайы: Шымкент қаласы,
Қаратау ауданы, Тассай шағын ауданы,
Жібек жолы көшесі, жер телімі №6
Индекс:
160031
Тел.: 8(7252) 55-58-61
Пошта: shu2050@mail.ru

Пайдалы сілтемелер

Жол жүру сызбасы